Ы.Алтынсарин атындағы №91 жалпы орта мектебі
Тақырыбы:
Ұлы даланың дара ұстазы.
Кіріктірілген сайыс сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Ашенова Айгүл
Ағылшын тілі пәні мұғалімі :
Халымбетова Нұрсұлу
11- сынып
Ашық сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушылардың алған білімдерін бақылау.
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сайыс сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, өнегелі білім алу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Модульдер : СТО , ОБЖК, АКТ,ТЖДБО
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,баяндау ,сұрақ- жауап ,
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ыбырай Алтынсариннің портреті,нақыл сөздері,бейне ролик, Үміт ағашы,стикер .
Пәнаралық байланыс: Тарих , ән-саз, әдебиет теориясы.
1топ «Дала қоңырауы»
2 топ «Дала жұлдызы »
Сабақтың барысы:
Оқушыларды топқа бөлу .Топбасшыларды сайлау , топ ережесімен танысу .
Ән “Кел , балалар , оқылық ”
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар қауымы.Бүгінгі сайыс сабағымыз қазақтың ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан – жақты таныстыра отырып,оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу, оқушыларды Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыруға арналады.
Мұғалім : Good day Dear teachers and children.Welcome to our open lesson about Y.Altynsarin. Ybyrai was a major figure in pre-Soviet Kazakh history. He was the most prominent Kazakh educator of the late 19th century, during the period of Russian colonization of and cultural influence in Kazakhstan.
І.Кел , балалар , оқылық !
Ыбырай өлеңді мәнерлеп оқу , құрылысына қарай талдау.Ағылшын тілінде өлеңді оқу.
Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.
Кел, балалар, оқылық! Дей отырып келесі кезекті Ыбырай өлеңдеріне береміз.
Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!
Жас ұрпақ білім алды әр салада,
Алғырлар өнер десе жан сала ма.
«Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі,
Мәңгілік із қалдырды әр санаға.
Ыбырай өлеңдерін ағылшын тілінде оқуға береміз
1 окушы "River"
So bright the sun shines on me,
Both day and night are equal,
Everything alive gives light spring,
Everything came to life and full of beauty.
And as a child, risen from sleep,
Wound earth delicate flowers.
When the dawn of the mountain blesnёt,
Color slightly blue sky,
Beloved will conduct
old girl from the yurt. She is
With him for a long time, will speak gently.
So over the hearts dominates spring!
2 окушы Come on, children begin to learn
Come on, children begin to learn
And knowledge bright thread ever
In their grateful memory is woven!
Rich you're cattle. But as the smoke pass
Your wealth, if the burst jute.
Academic'm not afraid of any jute:
his wealth grow with each passing day.
Your shirt weaver learned to weave.
Forty studies seek food.
And all over the arts and sciences
Arise helped scientists mother.
Who does not want to learn themselves,
That can never be intelligent,
As black from white forever
Baran il bull will not be able to distinguish.
Come on, children begin to learn
And knowledge bright thread ever
In their grateful memory is woven!
3 окушы Ой жигиттер
Do not take an example, horsemen, to bad people and bad,
Walk away from them away, stay away from them.
Do not interrupt the one who won fame on the dignity,
Who's your eyes honorable, respected by all began.
ІІ. Жүйрік болсаң , шауып көр!
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Көрініс . Оқушылар Ыбырайдың әңгімелеріне көрініс құрады .
1.«Дала қоңырауы»тобы «Баланың айласы » әңгімесі.
2. «Дала жұлдызы » тобы «Мейірімді бала» әңгімесі.
ІІІ .Ойлы болсаң , озып көр !
Топбасшылар сайысы .Зымыран сұрақтар.
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14 - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
«Кел ,балалар, оқылық » өлеңіне ән жазған кім? Жаяу Мұса .
1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.
1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.
1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.
1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
1879 — 1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) мектептер ашылады.
1883 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.
1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.
ІV. Өнер -білім бар жұрттар ...
Постер қорғау. In 1879 the publication of his first collection of essays, "Kazakh anthology", which includes a phrase book, created on the basis of folklore. His originality has made it the number one educator.
The scientist, educator, and twenty years of his life devoted to the opening of school for Kazakh children, their training, the establishment of teaching and learning aids
In 1879 the publication of his first collection of essays, "Kazakh anthology", which includes a phrase book, created on the basis of folklore. His originality has made it the number one educator.
The scientist, educator, and twenty years of his life devoted to the opening of school for Kazakh children, their training, the establishment of teaching and learning aids
Ыбырай мен Шекспирге постер қорғау.
ІV.Ой түбінде жатқан сөз . Эссе жазу.
Эссе жазу.Бейнеролик көріп , эссе жазады.
Кері байланыс .Үміт ағашы .
Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып ағашқа іледі .
Әділ қазыларға сөз.
Оқушылардың сайыс сабаққа қатысуын бағалайды .
Мұғалім : Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Біз, бүгінгі сабағымызда ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамыз.
Марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |