Өзіндік жұмыс дәптері.16 бет №1,2,3.
4.Үйге тапсырма: 78 бет 25 жаттығу, ереже. 80 бет 30 жаттығу
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Баяндауыш
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөйлем мүшелері:бастауыш туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөйлем мүшелерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар., сызбалар.
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру. 30 жаттығу
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут:
Маусымдар
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап-тереді.- өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтты? деген сұрақтар қойылады.
36 жаттты көшіріп жаз.баяндауышты тап ,астын екі рет сыз.
Тырс-тырс ! Тырс-тырс!
Жаңбыр кеп жауады, Жапырақ жылайды,
Тамшылар тамады. Жардан су құлайды.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту: Суреттердің орнына сөз қойып жаз, баяндауыштарды сыз.
шақырады. ызындайды.
үреді. шығады.
42 жаттығу Мәтінді көшіріп жаз, баяндауышты тап.
Марс- қызыл планета. Оның бетін қызыл түсті тозаң жауып тұрады. Жел кезде сол тозаң көтеріледі. Біраздан соң қызыл бұлтқа айналады. Марстағы жартастардың құрамында темір көп. Сол темір тотыққан кезде қызыл-күрең түске енеді.
Карточка(өзіндік жұмыс)
Карточка
Сөйлемдерден баяндауышты тап , астын сыз, сұрақ қой.
Марат далада ойнады. Асқар әдемі сурет салды. Далада жаңбыр жауды. Балалар ойын ойнады. Әсем қызық кітап оқыды.
Достарыңызбен бөлісу: |