Өзіндік жұмыс дәптері.17 бет №1,2,3.
4.Үйге тапсырма: 83 бет 39 жаттығу, ереже. 85 бет 44 жаттығу
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөйлем мүшелері:бастауыш туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөйлем мүшелерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар., сызбалар.
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру. 44 жаттығу
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут:
Есту диктанты:
Алма- көп тұқымды шырынды жеміс. Алма ағашы- жапырағы түсетін өсімдік. Алма- жер шарының барлық жерінде өсетін ағаш.
Әр сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап, сұрақ қой. Не байқадың?
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады(-): Әмір- оқушы. Алматы- әдемі қала.
47 жаттығу ауызша салыстыр.
48 жаттығу Сөйлемдерді көшір, бастауыш пен баяндауышты тап
Шерхан Мұртаза- халық жазушысы. Нұрпейіс Байғанин- ақын. Күләш Байсейітова- атақты әнші.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
49 жаттығу сөйлемдерді дұрыстап жаз.
Отан қуат, отбасы шуақ- Отан- қуат, отбасы-шуақ.
Мектеп кеме, білім теңіз- Мектеп-кеме, білім-теңіз.
Ас атасы нан-Ас-атасы нан.
50 жаттығу тек сызықша қойылған сөйлемдерді жаз.
52,53 жаттығулар ауызша
Ойын «Кім шапшаң?» берілген сөйлемдерді екі себет бөліп сал: бастауыш ы зат есімнен, баяндауышы етістіктен оң себетке, бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен сол себетке.
Әнші қыз келді. Қарбыз- көкөніс. Аян- биші. Күн қызарып батты. Бөдене жақынға ұшады. Саят-оқушы. Абай- ақын. Асан сурет салды. Айнұр- ұқыпты қыз. Марат футбол ой»нады. Айжан- биші.
56 жаттығу – шығармашылық тапсырма
59 жаттығу топтық жұмыс
Өзіндік жұмыс дәптері.17 бет№ 1,3
Карточка бойынша жұмыс
4.Үйге тапсырма: 87 бет 51 жаттығу, 86 бет ереже, 88 бет- 55 жаттығу
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Мазмұндама №2 «Шөп шабу кезінде»
Мақсаты мен міндеттері: мазмұндама жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: жеке мазмұндама жазылған карточкалар, жоспар , сұрақтары бар жеке карточкалар
Әдіс-тәсілдер: өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Мазмұндама мәтінімен танысу:
Мазмұндама№2
«Шөп шабу кезінде»
Күз мезгілі. Кең дала еңбек құшағында. Үлкен жолдың жағасы. Жолдың екі жағындағы шөп теңіздей толқиды. Шөпшілер қызу еңбек етуде. Екі тракторшы қатар жүріп шөп шауып жүр. Бірнеше кісі жап-жаңа машинамен шөпті маялап жатыр. Маяшыларға балалар көмектесіп жүр. Олар боуақыттарын осылай қызу еңбекте өткізеді. (48сөз)
Шөп шабу кезінде
Жоспар Сұрақтар:
Күз мезгілі 1. Дала қандай?
Шөпшілердің еңбегі 2. Шөп қандай?
3. Қызу еңбек 3. Шөпшілер қалай еңбек етеді?
4. Тракторшылар не істеп жүр?
5. Балалар не істеп жүр?
Керекті сөздер: еңбек құшағында, шөп теңіздей толкиды, шөп шауып жүр, маяшылар, көмектеседі.
Мәтінді әңгімелеу (жұптық жұмыс), тақтаға шығып әңгімелеу.
Сергіту сәті: Қазым, қазым қаңқылда, көлде жүзіп саңқылда.
Жем шашайын жейсің бе, әлде кәмпит берсі дейсің бе?
Жоқ, жоқ кәмтип болмайт тәтті ас, бидай менен арпа шаш.
3.Жаңа білімді бекіту:
Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.
Шөп шабу кезінде
Жоспар Сұрақтар:
Күз мезгілі 1. Дала қандай?
Шөпшілердің еңбегі 2. Шөп қандай?
3. Қызу еңбек 3. Шөпшілер қалай еңбек етеді?
4. Тракторшылар не істеп жүр?
5. Балалар не істеп жүр?
Керекті сөздер: еңбек құшағында, шөп теңіздей толкиды, шөп шауып жүр, маяшылар, көмектеседі.
4.Үйге тапсырма: қайталау
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөйлем мүшелері:тұрлаулы мүшелер туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөйлем мүшелерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар., сызбалар.
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Қатемен жұмыс: мазмұндамаға талдау жасау.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут:
Қар жауды. Бүгін қар жапалақтап жауып тұр.- сөйлемдерді талда.
Сөйлемдерді салыстыр: олар не туралы? Ерекшеліктері неде?
Қар жауды- сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Олар бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
61 жаттығу сөйлемдерді талда:
Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.
63 жаттығу- (жатқа жазу, жұптық жұмыс өзара тексеру.)
Әкеге қарап ұл өседі,
Шешеге қарап қыз өседі.
Жаман жолдас жолда қалдырады.
-Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
64 жаттығу сөйлемдерді оқы, ретімен айт, тұрлаулы мүшелерді тап.
Тырна түлкіге тамақ берді.
Құмыра түлкінің басына сымапты.
Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.
-бұл қай ертегіден ,әрі қарай жалғастыр.
Шығармашылық жұмыс: 65 жаттығу: сурет бойынша әңгіме құр.(топтық жұмыс)
Достарыңызбен бөлісу: |