Күн нешеу?
Неге екені бұлайы,
Бүгін ауа райы
Құбылмалы әр елде,
Жер шарында, әлемде.
Сахарада- күн ыстық,
Казказ жақта –күн жауын,
Қарақұмда-күн жылы,
Сарыарқада- күн салқын,
Чукоткада-күн аяз... Қанша күн көзі?
Өзіндік жұмыс дәптері бойынша 71-75 беттердегі тапсырмаларды орындау.
Үйге тапсырма:211 бет 35 жаттығу, 207 бет 21 жаттығу.
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Диктант № 5 «Аққу» Мәтін . Сөйлем.
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру ,сөйлем ,мәтін тақырыптарын пысықтау
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: , қималы карточкалар., сызбалар,
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру-тексерушілердің рапорты
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Диктант мәтінімен таныстыру
«Аққу»
Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос-қостан үшып келеді. Көл жағасындағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз. Сыртта тұрып, сыңғырлаған аққу дыбысын тыңдадым.
Тобымен орман ішіне қонды.
Таңертең ерте оянып,тысқа шықтым. Шығыс жақ қызыл шапақ шашып тұр. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім.Кеше кешкісін қармақ құрып кеткенбіз. Жағада бір аққу қанатымен су сабалап, ұша алмай жүр.
Қармақ аяғына кіріп кетіпті.
Жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім. Аққу су сабалап, сыңсыды. Аузын ашып, айбат шекті.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
Мәтінді жазу
«Өз-өзіңді тексер »жаднамас ы бойынша тексеру.
1 жаттығу мәтінді оқу, талдау.
2 жаттығу көшіріп жазу.
Ұйыған айранды дорбаға құй..п, сорғытып алады. Асықты көбіне ұсақ мал қойдың асықты жіл..гінен алады.
Жылы сүтті мәйек салып ұй..тады. Содан соң суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ір..мшік қызыл сары түске айналады. Енді оны дорбаға салып, желге кептіреді. Епкен ірімшік б..зылмайды. Көп сақталады.
4 жаттығу сызба бойынша әңгіме құр.
5 жаттығу «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін айтуға дайындал.
А) суреттер арқылы
Б) есіңде қалған бойынша
Сурет ретімен сөйлемдерді көшіріп жаз.
Өзіндік жұмыс дәптері бойынша 75 бет 60 тапсырма
Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып мәтін құр.
Үйге тапсырма: қайталау, 214 бет 3 жаттығу.
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Мәтін . Сөйлем. Шығарма№3 «Жазғы демалыс»
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру ,сөйлем ,мәтін тақырыптарын пысықтау
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: , қималы карточкалар., сызбалар,
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру-тексерушілердің рапорты
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
-Мәтін деген не? Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
-Жоспар не үшін құрылады? Жоспарды қалай құрады? Мәтін бөліктерін ата.
6 жаттығу мәтінді оқу, жоспармен жұмыс:
Көңілсіз суреттер.
Жан біткен суреттер.
Ойларынды дәлелде.
7 жаттығу сипаттау мәтінін оқу
-Күнбағыс туралы не білдіңдер?
-Өз беттерімен сипаттау мәтінін құр.
1-қатар-тиін
2-қатар-саршымшық
3-қатар-алма ағашы
11 жаттығу сөйлем түрлерін ажырат: хабарлы, лепті, сұраулы.
Өтірікші қарға
Қарға қасиеті
Көлемі
түсіндегі ерекшелігі
сурет бойынша қарғаны сипаттап жаз.
12 жаттығу көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап, қой.
Сауысқан шықылықтайды. Мұғалім сабақ оқытты.
...- қаңқылдайды ....- етік тікті.
...-сайрайды. ...- егін екті.
...-ұлиды. ....- мал бағып жүр.
Сурет бойынша шығарма жаз. «Жазғы демалыс»
-Қандай мезгіл келді?
-Ауа райы қандай?
-Балалар қайда келді?
-Олари немен шұғылданды?
-Қыздар не істеп тұр?
-Ұлдар қайда барды?
-Демалыс қалай өтіп жатыр?
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
8,10 жаттыңу ауызша
14 жаттығу жұппен орындау, өзара тексеру, бағалау.
Шығармашылық жұмыс:
Сурет бойынша мәтін құр: жалаң, жайылма сөйлемдерін тап .
Өзіндік жұмыс дәптері бойынша 70 беттегі тапсырмалар.
Үйге тапсырма: 217бет 9 жаттығу,219бет 13 жаттығу, қайталау.
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз. Сөздік диктант.
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру сөз тақырыбын пысықтау
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: , қималы карточкалар., сызбалар,саршымшық,балапан суреті.
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру-тексерушілердің рапорты
Сөздік диктант: үлкен, кіші, ұзын, қысқа, жылы, суық, арзан, қымбат, ақ, қара.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Сөз
Қара-қарама қарсы мәндес мәндес сөздер мағнасы бірдей
16 жаттығу мәтінді оқу.
Талаптыға қонады
-Үні сөзіне мағынасы мәндес сөздер тап. Соңғы сөйлемнен мағынасы қарама-қарсы сөздер тап.
(саршымшық суреті.)
18 жаттығу
Бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақ,
Бұрыш- мұнда: тамаққа қосатын қызыл, қара түсті ащы өсімдік және осы өсімдіктің ұнтағы.
Хикая-болған іс, бастан кешкен жағдай, оқиға.
Шіл- құр тұқымдасына жататын кекілікке ұқсас сұрғылт түсті кішкентай құс.
Түбіт- ешкі, түйе т.б. малдың қылшық жүніннің астындағы биязы, үлпілдек жүн.
Суат- өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.
Құрақ- матадан қалған әр түрлі қиынды, қалдық және солардан құрылған бұйым.
Қой- үй жануары.
Қой, бұрыш- сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Түбір
қосымша
жұрнақ жалғау
23 жаттығу сөздердегі түбір мен қосымшасын ажырат.
24 жаттығу көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой.
Қазақстан... мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Мұнда бірнеше ұлт өкіл....і тұрады. О.... бір-бірімен тату. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді.
25 жаттығу кестені толтыр.
сөз
|
түбір
|
жұрнақ
|
жалғау
|
кезекшіні
|
кезек
|
ші
|
ні
|
Жүзгіш, біліммен, көлшік, достықпен, сөздіктен, іскер, сыйлық, мектепте.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
19 жаттығу өзіндік жұмыс
Керісінше сөзжұмбақ тапсырма-сұрақ қойып, жаз
20 жаттығу оқу, талдау.
28 жаттығу түбірлес сөздерді тап.
Үйге тапсырма: 220 жаттығу 17 жаттығу,222 бет 22 жаттығу.
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз таптары
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру сөз таптары тақырыбын пысықтау
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: , қималы карточкалар., сызбалар
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру-тексерушілердің рапорты
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Өткенді қайталау: 3 оқушы тақтада
сөйлемді жалғастыр:
- айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жаңжағынан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз
- заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер.... деп аталады.
- заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер .. және ... арқылы беріледі.
Сөйлемдерде не туралы айтылды? Зат есім, етістік, сын, сан есімдер. Бір сөзбен қалай айтамыз- сөз таптары
Зат есім
Етістік нені білдіреді?
Сын есім Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сан есім
Кестені толтыр: 4 оқушы шығып , өз мысалдарын келтіреді.
Зат есім
|
Етістік
|
Сын есім
|
Сан есім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
29 жаттығу өлеңді оқы, зат есім тап.
30 жаттығу өлеңнен зат есімдерді теріп жаз.
32 жаттығу төменгі сөздерден туынды зат есім жаса.
Адал, жақсы, жаңа, таза, әділ.
34, 3634, 36,39 жаттығуларды орындау.
35 жаттығу
Негізгі етістік туынды етістік
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту: суреттер бойынша сөйлем құр.
40 жаттығу сөздерді 4 бағанға орналастыр:
Етістік
болымсыз
болымды
туынды
негізгі
41,42,43,46,47 жаттығулардағы тапсырмаларды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |