Басқалары сияқты жыл мезгілдерімен таныстырғанда алдын-ала жұмыстар жүргізіледі. Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар, болжамдар,әңгімелер айтылып,суретті альбомдар қаралады т.с.с.
Мысалы, «Қараторғайды көрсең-көктем келді», - деген тақырыпты өтпес бұрын құстар жайлы материалдар жиналып,жалпы құстарға байланысты қажетті мағлұматтар көптеп жинақталуы тиіс. Суреттер символ-белгілер және олардың саны сызба-үлгіде әңгіменің мазмұнына байланысты өзгеріп отырады. Табиғат құбылыстарын тек символдармен ғана емес, сөздермен де белгілеуге болады. Егерде бала өз бетімен оқып, жаза алмаса, белгі-символдармен толтырады. Мектепалды топтарында қараторғайды сипаттау мәтініне күрделі сызба бейнеленген, болжамдар,қараторғай жайлы көптеген мәліметтер жинақталған. «қ»-деген қараторғай деген сөз, одан әрі қарай ол әріпті жағалай бірнеше дөңгелекшелер бар. Ол дөңгелекшелердегі символдар арқылы қараторғай құсына толық сипаттама берілген.Сипаттама әңгіме күрделене түскен, бірақ, балаларға қиын емес. Себебі, мнемосызбамен реттілікті сақтай отырып әңгімелесе,балаға қиыншылық тудырмайды, бала зерікпейді, керісінше қызығушылығы артады. Мысалы, даярлық тобында «Тиін» суретін әңгімелегенде де осы сияқты сызбаны қолданады.
Қазақ халқы жыл мезгілдерінің келуін ерекше атаған. Мысалы, «жазды-келеді, қыс түседі, көктем шығады, күз келеді,» -деп айтқан. Осы орайда «Жыл мезгілдері» атты дидактикалық ойында көрсеттім. Өз тәжірибемде халық ауыз әдебиетін кеңінен қолданамын. Белгілі жазушы С.Мұқанов: «Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті-асыл қазынасы, оның асылдарын даралап, ұрпақ қажетіне жарату керек,» - деген болатын. Ұлы ғұлама халық ауыз әдебиетін зерттеп, мақал-мәтел мәнін ашып берген. Мақал-мәтелдерді балалардың жасына сай қолдану керек. Мысалы, тақырып өнер туралы болғанда - өнерлінің өрісі кең, тақырып «нан» туралы болғанда- «нан ас атасы»,- деп айтқан.
«Жаңылтпаштар» - халық шығармашылығының керемет жанры. Қысқа рифмдік фразалар дыбыстарды құруға, айтылуы күрделі, тілді дамытуға арналған тамаша құрал. Жаңылтпаштар дыбыстық аппараттардың дұрыс айтылуына көмектеседі. Дикцияның дұрыс қойылу қабілетін дамытады, тілдік естуін, сөздік қорын молайтады. Жаңылтпашпен жұмыс істегенде оны түсініп қана қоймай, есте сақтау керек. Мнемотехниканы қолдану мақсатында, жеңіл есте сақтау және есте сақтау қабілетінің дамуы қосымша ассоциация білімі жолында жүзеге асады. Жаңылтпаштар мазмұны заттар мен іс - әрекеттердің қарапайым сызбалық бейнелерінің көмегімен іске асады. Аталмыш сызба - тірек арқылы графикалық аналогия мен заттың немесе іс-әрекеттің нағыз бейнесі есте сақтаудың тірегі болып табылады. Жаңылтпашпен таныстыруда тәрбиеші бос кестені есте сақтайды. Әрі қарай бала өзі жаңылтпаш мәтінін мнемосызбаға сүйене отырып, айтады:
Жұмыстың келесі бөлімінде қиылған бөлек - бөлек жолақшалардың кестесі. Оны бала өздігімен айтып шығады.
Пиктограммамен жұмыс түрі әртүрлі болады. Мысалы, жаңылтпаштың суретін салу, жаңылтпашты әртүрлі сарынмен айту, жоғары дауыспен, баяу дауыспен, тілдің өзгеру сарынымен, жаңылтпашты оңнан солға қарай айту, фразаларды қайта құру. Берілген әдісті құру коррекциялық үрдістің белсенділігін дамытып, ассоциятивтік ойлау қабілетін арттырады. Графикалық мнемосызбаны жасау балаларға жеңіл болу керек. Бейнеленген жаңылтпаштар балалардың ұсақ саусақ қимылын дамытады, қызығушылығын арттырады, айтылған дыбыстарды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді. Сөздерді, фразаларды,қойылған дыбыстардың үрдісін жеделдетеді. Жаңылтпаш жаттау арқылы балалардың тілдері ширап, дыбыстарды анық, айқын айтуы қалыптасады. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында жаңылтпаштарды жаттауда мнемотехника көмекке келеді. Мысалы:
Жаңылтпаш
Ара, ара, аралар,
Орман ішін аралар.
Жаңылтпаш
қарға- қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Достарыңызбен бөлісу: |