Кіріспе тапсырма: «Өсімдіктер-тірі ағзалар» тарауы бойынша талдау:
1.Тірі ағзалар жансыз денелерден қалай ерекшеленеді?
2.тірі ағзаларға не жатады?
3.Тірі ағзаларға мысал келтіріңдер.
4.Жансыз нысандарға мысал келтіріңдер
(Ұ,Т,Қ) Оқушылармен бірге мектеп маңайына серуенге шығу – өсімдіктердің суретін салдыру /жазу немесе суретке түсіру. Сынып бөлмесіне қайтып оралып, ақпаратпен бөлісу. Ауруға шалдықпаған өсімдікте нені көруге тиісті екені жөнінде бір пікірге келу.
Кіріспе бөлімді оқып таныстыру.Сурет бойынша талдау:
-Суреттегі өсімдіктерден қайсысын білесіңдер?
-Бұл өсімдіктер қай жерлерде өседі?
(Ж)Суреттегі өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылығы барын талдату.Назарларын өсімдіктің бойына,сабағына,мөлшеріне аудару арқылы өсімдіктерді ағаштар ,бұталар,шөптесін өсімдіктер тобы деп анықтауларына жетелеу.
2-суреттен осы топқа жататын өсімдікті табуды тапсыру.
Ойын ойнау
3 топты ағаш,бұта,шөп деп бөліп,әр топ өз атауына сай өсімдік атын көп атаулары керек. Атауларын тақтаға мұғалім жазып тұрады.
Өсімдіктерді ата. Фотосуреттен,терезеге қарап,күнделікті өмірде кездесетін өсімдіктермен орындауды ұсыну.
Ормандағы және көгалдағы өсімдіктер.
Оқулықтағы суретпен жұмыс.
-Суреттегі жерлер қалай аталады?
-Бұл жерлерде қандай өсімдіктер өседі?
-Бақта өсетін ағаштың жемістерін қалай атауға болады? жеміс
-Бақшада өсетін өсімдікті қалай атайды?көкөніс
Жемістер мен көкөністер-мәдени өсімдіктер.
-Мәдени өсімдікті тағы қайдан кездестіруге болады?
Егістікте
Мәтінмен жұмыс
Ойлан.
Оқушыларға жабайы және мәдени өсімдіктің ,алма ағашының фотосуреттерін көрсетіп,салыстыру.
Алма ағашының мәдени іріәктемерінен басқа жабайы алма да болады екен.
Кейбір оқушыларға тапсырма:
Мәдени және жабайы өсімдіктер.
Әр пікірге сай келетін дұрыс жауапты қоршайды.
Жауабы: 1.жоқ 2.иә.3.иә.4.иә
|