Сабақ Бөлім 1 2-сабақ Өсімдіктердің қандай түрлері болады? Мектеп Ж. Мырзағалиев орта мектебі



Дата01.04.2017
өлшемі45,84 Kb.
#13237
түріСабақ
Бекітемін : Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі : А.Алимова



Сабақ Бөлім 1

2-сабақ Өсімдіктердің қандай түрлері болады?



Мектеп Ж.Мырзағалиев орта мектебі

Мерзім 8.09.15

Мұғалім:Габдешова Ж

Сынып 1 А

Қатысқан оқушылар саны 21

Қатыспағандар саны 0

Осы сабақтың оқу мақсаттары

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:



1.2.1.5 Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату

1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөлімдерін және олардың қызметтерін атау

1.1.1.2 «Бақылау» түсінігін білу

1.1.1.3 Қоршаған әлем құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру

Дағдылар:

Бақылау


• Сұрақтарға жауаптарды бақылау арқылы табу

Ғылыми зерттеуді жоспарлау

• Бақыланып тұрған нысандарды ауызша сипаттау


Табыс критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:Өсімдіктерді ажыратып,негізгі бөліктерінің қызметтерін атай алады.





Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өсімдіктердің айырмашылықтарын ажыратып,дәлелдей алады.







Кейбір оқушылар орындай алады: Өсімдіктердің түрлеріне өмірден мысал келтіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Оқушылар:

• Өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылайды және салыстырады (мысалы, жабайы және мәдени өсімдіктер арасындағы

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

… бірдей;

…бойынша ерекшеленеді;

дің, тамыр, бұтақ, жапырақтың түсуі;

ағаш, бұта, шөп;

жабайы өсімдік, мәдени өсімдік;

тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс;

жыл мезгілдері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Талқылауға арналған сұрақтар:

• Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыздар?

• Бұталар мен ағаштың қандай ұқсастығы/айырмашылығы бар?

• Сіздің ойыңызша, бұл өсімдіктер жабайы ма, әлде мәдени ме?

• Жергілікті 10 өсімдікті атаңыз.

• Өсімдікке не қажет? Олар оны қайдан алады?

Сіздер неге … деп ойлайсыңдар?

• …бұл өсімдік жабайы/мәдени

• …өсімдіктердің тамыры/сабағы/гүлі бар

• …өсімдіктер біз үшін маңызды.

Жазбаша тапсырмалар:

Өзіңіз көрген мәдени өсімдіктің суретін салыңыз, белгілеңіз және жазыңыз.

Жазылымға арналған сөз тіркестері:


Бұған дейін меңгерілген білім

Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін білуі, сондай-ақ оларды қалай күту және өсіру бойынша негізгі білімі болуы керек.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар (төмендегі ескертпелерді өзіңіз жоспарлаған жаттығулармен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

0-5 мин


5 – 7 мин

Ортасы


7-10 мин

10 – 30 мин




Кіріспе тапсырма: «Өсімдіктер-тірі ағзалар» тарауы бойынша талдау:

1.Тірі ағзалар жансыз денелерден қалай ерекшеленеді?

2.тірі ағзаларға не жатады?

3.Тірі ағзаларға мысал келтіріңдер.

4.Жансыз нысандарға мысал келтіріңдер

(Ұ,Т,Қ) Оқушылармен бірге мектеп маңайына серуенге шығу – өсімдіктердің суретін салдыру /жазу немесе суретке түсіру. Сынып бөлмесіне қайтып оралып, ақпаратпен бөлісу. Ауруға шалдықпаған өсімдікте нені көруге тиісті екені жөнінде бір пікірге келу.

Кіріспе бөлімді оқып таныстыру.Сурет бойынша талдау:

-Суреттегі өсімдіктерден қайсысын білесіңдер?

-Бұл өсімдіктер қай жерлерде өседі?

(Ж)Суреттегі өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылығы барын талдату.Назарларын өсімдіктің бойына,сабағына,мөлшеріне аудару арқылы өсімдіктерді ағаштар ,бұталар,шөптесін өсімдіктер тобы деп анықтауларына жетелеу.

2-суреттен осы топқа жататын өсімдікті табуды тапсыру.

Ойын ойнау

3 топты ағаш,бұта,шөп деп бөліп,әр топ өз атауына сай өсімдік атын көп атаулары керек. Атауларын тақтаға мұғалім жазып тұрады.

Өсімдіктерді ата. Фотосуреттен,терезеге қарап,күнделікті өмірде кездесетін өсімдіктермен орындауды ұсыну.

Ормандағы және көгалдағы өсімдіктер.

Оқулықтағы суретпен жұмыс.

-Суреттегі жерлер қалай аталады?

-Бұл жерлерде қандай өсімдіктер өседі?

-Бақта өсетін ағаштың жемістерін қалай атауға болады? жеміс

-Бақшада өсетін өсімдікті қалай атайды?көкөніс

Жемістер мен көкөністер-мәдени өсімдіктер.

-Мәдени өсімдікті тағы қайдан кездестіруге болады?

Егістікте

Мәтінмен жұмыс



Ойлан.

Оқушыларға жабайы және мәдени өсімдіктің ,алма ағашының фотосуреттерін көрсетіп,салыстыру.

Алма ағашының мәдени іріәктемерінен басқа жабайы алма да болады екен.

Кейбір оқушыларға тапсырма:

Мәдени және жабайы өсімдіктер.

Әр пікірге сай келетін дұрыс жауапты қоршайды.

Жауабы: 1.жоқ 2.иә.3.иә.4.иә


Бөлме өсімдіктері, өсімдіктердің суреттері,

Көкөністер мен жемістер


Соңы

30-35 мин



Мәдени және жабайы өсімдіктердің айырмашылығын атап беріңдер.

Көңіл – күй смайликтері

Қосымша ақпарат

Дефференция – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?
Мәдени және жабайы өсімдіктер.

Әр пікірге сай келетін дұрыс жауапты қоршайды.

Жауабы: 1.жоқ 2.иә.3.иә.4.иә


Бағалау – Оқушылардың жетістігі мен тексеруді қалай білімін тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың өсімдіктердің тіршілік формаларын ажыратып, ағаштардың, бұталардың және шөптердің негізгі белгілерін білулері тиіс.



Пәнаралық байланыс

Математика өсімдіктердің биіктігін салыстыру.



Өнер. Сюжетті суретпен жұмыс жасау және оны түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет