ҚБ. «Фигуралар» әдісі арқылы бағалаймын 2-тапсырма «Шынайы әлем» әдісі Оқушыларға есептер беріледі, жауабын түсіндіру керек.
1-топ
Ауруханада екі баланы шатастырып алды. (Мысалға Ж және Н) Бірінші ата-ананың қан топтары I және IV, ал екінші ата-ананың қан топтары I және III. Анализ нәтижесі бойынша Ж-да I қан тобы, ал Н-да II қан тобы екені анықталды. Балалардың ата – анасын табыңдар.
Жауабы: қан топтары I және IV ата-ананың баласы –Ж. Ал қан топтары I және III ата-ананың баласы –Н.
2-топ
Ата – анасының қан топтары II және III. Олардың баласында I топты қан болуы мүмкін бе?
Жауабы: ия, болуы мүмкін.
3-топ
Анасының қан тобы I, ал баласының қан тобы II . Әкесінің қан тобы қандай?
Жауабы: II немесе IV топ
Баланың қан тобы I, ал оның қарындасыныкі IV. Ата – анасының қан тобы жайлы не айтасын?
Жауабы. Ата-анасының қан топтары II және III.
Дескриптор
Адамның қан топтарының механизмін сипаттайды;
Оң және теріс резус фактордың айырмашылығын салыстырады;
Қан топтарын ажыратады;
ҚБ. «Керемет, жақсы, талпын» әдісі арқылы бағалаймын.
Кері байланыс:
Мұғалім қортындылайды: Менің ойымша сіздер бүгін қызықты ақпарат ғана алған жоқсыздар , сонымен қатар өмірде керекті маңызды ақпарат алдыңыздар. Егер өмірлеріңізде осы білімдеріңізді қолданып донор болып жатсаңыздар .Бұл сабақ жай сабақ болмады деп ойлаймын Кері байланыс
Рефлексия «Блоб ағашы» әдісі бойынша бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгені бойынша ағаштан өзін таңдап белгілейді.
Ғылыми негізін және маңыздылығын түсіну,ой елегінен өткізу.