-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.
|
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мына- дай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойын- ша сабақ қорытындыланады.
|
Сабақ барысында мұғалім, сыныптас-тары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
|
Арықбалық орта мектебі
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Кашикова Д.Б.
Сабақ жоспары 20-21 сабақ Күні:
-
Сабақ тақырыбы:
|
Сүйікті жазушы.
|
Білімділік:
|
Тілдік коммуникация барысында сүйікті жазушысы жайлы ақпарат бере білуге үйрету.
|
Дамытушылық:
|
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақша берілген мәтіндер арқылы көркем өнерге деген қызығушылығын арттыру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде сүйікті жазушысы жайлы ақпараттар бе- реді, оларды таныстыра алады.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сүйікті жазушысын сипаттайды.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен қазақша сүйікті жазушылары жайлы тілдеседі, шағын мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Сүйікті, дүниеге келу, Жазушылар одағы, қызмет атқару.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, «Менің атым — Қожа» көркем суретті фильмі, жазушы Б.Соқпақбаевтың суреті, А4 парағы, желімқағаздар.
|
Оқыту әдістері:
|
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, диаграмма, диалог,
«Жылдам жина!» ойыны, «Буриме» тәсілі, жұптық, топтық жұмыс, «Жеке әңгіме» техникасы .
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.
|
Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.
|
Өткен сабақты тек- серу
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
|
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарымен таныстырады, жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы жайлы айтады. Балаларға ой шақыру сұрақтарын қояды:
- Балалар, Б.Соқпақбаев туралы не білесіңдер? Оның қандай шығармаларын оқыдыңдар?
|
Сабаққа қатысты слайдтармен таны- сады, сұрақтарға жауап береді.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
|
Оқылым. Суретке қарайды, оқиды.
|
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Суреттерді пайдаланып жауап береді.
|
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 3, 4-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Қосымшаларды жазады, диаграмманы толтырады.
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым.
Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды.
|
Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
|
Оқылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді.
|
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.
|
4. Сергіту сәті. «Жылдам жина!» ойынын ұйымдастырады. Ойынның шарты бойынша оқушыларды топқа бөледі, әр топқа «Менің атым — Қожа» көркем суретті фильмінен үзінділер бейнеленген суреттердің бөліктерін үлестіреді.
|
Ойынның шарты бойынша оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім үлестірген сурет бөліктерін құрастырады, сипат- тайды.
Сурет бөліктерін жылдам әрі тез құраған, дұрыс сипаттаған топ жеңімпаз атанады.
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 8, 10-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады, сөйлем құрайды.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Мұғалім оқушылардың тақырып туралы алған ақпаратын кеңейту мақсатында «Буриме» тәсілін пайдаланады. Тақтаға өзара ұйқасқан бірнеше сөз жазады. Мысалы,
баламын, аламын, боламын, толамын
|
Әр қатардағы оқушылар бірігіп, сол сөйлемдерден тақырыпқа қатысты өлең құрайды. Қай қатар тез өлең құраса, сол жеңіске жетеді.
Мысалы:
Өнер сүйгіш баламын, Ағалардан үлгі аламын, Білім алып жетіліп, Жазушы бала боламын...
|
IV. Бекіту
|
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Диалог құрады.
|
35
Достарыңызбен бөлісу: |