5-сынып. Мұғалім кітабы
5-6-сабақ
-
Сабақ тақырыбы:
|
Тұмар (Томирис) туралы аңыз.
|
Білімділік:
|
Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Тұмар ханшайым жайлы түсінік беру.
|
Дамытушылық:
|
Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашы- лыққа баулу.
|
Тәрбиелік:
|
Тілдік қарым-қатынас барысында сипаттау мәтіндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жауап береді.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Патшайым, тәрбиелейді, басқыншылық, қашып құтылған, елші.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, кітап көрмесі, үлестірмелі материалдар, кесте, плакаттар, маркерлер, парақшалар.
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, жағдаяттық тапсырма, ассоциаграмма, Тірек сөздер» стратегиясы, эссе, «Жеке әңгіме» техникасы, «Кері байланыс» әдісі.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Т.Жұртбаевтың «Дулыға» кітабынан Тұмар пат- шайым жайлы оқып береді, ой шақыру сұрақ- тарын қояды: — Балалар, Тұмар патшайым деген кім? Ол туралы не білесіңдер?
|
Оқушылар шығарма
дан үзінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
|
62
4-тақырып. Ежелгі көшпелілер мәдениеті
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен та- ныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Суретке қарайды, көшпелілер
ге қандай қатысы бар екендігін айтады, сын есім- дерді қолданып, әр затқа сипаттама береді.
|
Ә) Оқылым. Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
|
Оқылым. Жазылым. Айтылым. Өлеңді жазып алады, жатқа айтады.
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 4, 6, 8-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді аудармасымен дәптеріне жазып алады, синоним- дерін табады, мәтінннің мазмұнына байланысты 7 сұрақ жазады, кестені толтырады.
|
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 5, 7-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Мәтіннің әр абзацындағы ойды түсінеді, абзацқа тақырыпша қояды, мәтінге ат қояды, мазмұнын өз сөзімен қысқаша айтады, сұраққа жауап береді, оны сызба түрінде жазады.
|
4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 10-тапсырманы орын- датады.
|
Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым. Айты- лым. 11-тапсырманы орындатады. Жұптық жұмыс ұйымдастырады.
|
Оқылым.Жазылым.Айтылым. Берілген мәтіндегі ойды осыған дейінгі алған білімдерімен толықтырып, кеңейтіп жазады.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негі- зінде тақырыпқа қатысты тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.
|
Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.
|
IV. Бекіту
|
«Тұмар патшайым — сақтардың көсемі» тақырыбында эссе жаздырады.
|
Жазылым. Эссе жазады.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақшалар таратады.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін парақшаға көрсетеді.
|
63
Достарыңызбен бөлісу: |