Сабақ жоспары 1-2-сабақ 1-тақырып. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер Күні: Сабақ тақырыбы



бет11/56
Дата10.12.2019
өлшемі3,28 Mb.
#53381
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
5 класс поурочка (1)

5-сынып. Мұғалім кітабы

4-тақырып. Ежелгі көшпелілер мәдениеті

1-2-сабақ

Сабақ тақырыбы:


Көшпелілер туралы түсінік.



Білімділік:

Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы ежелгі көшпелілер туралы түсінік беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашы- лыққа баулу.

Тәрбиелік:

Тілдік қарым-қатынас барысында сипаттау мәтіндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жау- ап береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, полилог құрады.

Жаңа сөздер:

Көшпелілер, өркениет.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, кітап көрмесі, үлестірмелі материалдар, парақшалар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, кластер, полилог, «Жигсо» әдісі, жағдаяттық тапсырма, рөлдік ойын, «Аквариум» тәсілі, диаграмма, синквейн, постер, «Шағын шолу» тәсілі,

«Жағымды сөздер» тәсілі.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандаса- ды. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тек- серу

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.

58


4-тақырып. Ежелгі көшпелілер мәдениеті



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа қатысты дайын- даған слайдтарын көрсетеді, көшпелілер мәдениетімен таныстырады, қосымша мәліметтер береді, «көшпелілер» сөзіне кластер (2-тапсырма) құрастыруларын сұрайды.

Оқушылар слайдтарды тамашалайды, кла- стер құрастырады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсыр- маны орындатады.

Айтылым. Суреттер бойынша ойын айтады.

Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Полилог құрады, мәтінді оқиды, ой бөліседі.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсыр- маны орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды,

«Жигсо» әдісі бойынша талдайды.



Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі қара қаріппен жазылған сөздердің аудармасын дәптері- не жазады, антонимдерін айтады, мәтін- нен жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін теріп жазады.

Б) Оқылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Сөйлемді толықтырып оқиды.

В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орында- тады. «Аквариум» тәсілінің негізінде жағдаяттық тапсырма береді.

Айтылым. Жағдаяттық тапсырманың шар- тын орындайды, рөлдік ойын ойнайды.

4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 10-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Суретке қарайды, мәтінде синонимдерді қолданып, табиғат пен адамдарды сипаттап жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады. Жұптық жұмысты ұйымдастырады.

Жазылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, жар- тылай көшпелілер мекендеген аймақтарды анықтайды, «Көшпелілер мекендеген аймақтар» тақырыбында Қазақстан карта- сын постер түрінде жасайды.

IV. Бекіту

Тақырыпқа қатысты синквейн дайындауларын сұрайды.

Синквейн дайындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақ- шалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.





59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет