Сабақ жоспары: 17 «Бекітемін»



бет22/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#17203
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
ІІІ Жаңа сабақ
Білімділік сатысы.
Оқушыларды 3 топқа бөлу:
Тапсырмалармен таныстыру. Эл оқулық 8 сынып «Кесте құру» тақырыбын оқу. Тапсырмаларды өз бетімен орындап шығу
Жолбастаушы парағына жауаптар жазу. Әр топтан 1 оқушы шығып тақырыпты талдау.
Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру
а) Жаңа ұғымдар: ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру
1 топ:
Жолбастаушы парағы:
1. Кесте құру жолдары;
2. Кесте ұяшығындағы абзацтың параметрлерін орнату;
3. Тапсырмаларды орындап шығу
Word мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица " Вставить " Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. (суретте)
Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.
2 - топ
Жолбастаушы парағы:
1. Кестенің жолын/бағанын қою;
2. Кестенің жолын/бағанын жою;
3. Тапсырмаларды орындап шығу
4. Ұяшықтарды қосу, өшіру
Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалть – Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
3 - топ.
Жолбастаушы парағы:
1. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;
2. Кесте ұяшықтарын форматтау;
3. Тапсырмаларды орындап шығу
Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.
Бір қатарда бір - біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;
- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячейки.
Ұяшықтарды бөлу.
Таблица – Разбить ячейки командасын орындау керек. Экранға Разбиение ячеек диалогтік терезесі шығады. Осы терезеде бағаналар саны енгізу өрісіне бағаналар санын бейнелейтін жаңа санды енгізіп, ОК - ді басу жеткілікті.
Кестелерді жиектеу.
Word мәтіндік процессоры жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:
Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау
Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.
Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.
Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.
Соңында ОК - ді басу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет