Сабақ жоспары 9 Пән: Көркем еңбек 2-сынып -тоқсан


Көркем еңбек Бастауыш мектеп 2-сынып



бет31/82
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#79660
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 2-сынып

4В-бөлім: Туған өлкем

Осыған дейін меңгерілген білім

Өткен бөлімдерді зерделеп және көркем еңбекте жинақталған тәжірибе негізінде оқушылар идеяларды зерттеді, дамытты, әртүрлі өнер, қолөнер және дизайн туындыларына ұсыныстар енгізіп, талдады.

Тілдік мақсаттар
Берілген бөлімде оқушылар пәннің мақсатына жетуі үшін түсінікті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген

Тілдік мақсат

Пән лексикасы және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

туған өлке табиғаты туралы айтып бере алуы тиіс.



Келесілер қамтылады:

  • күңгірт, ашық, жұмсақ, қатты;

  • сызық, қиылыс, шеңбер, шаршы, контур;

  • толқынды, тік, кедір-бұдырлы;

  • кішкентай, үлкен, бірдей, әр түрлі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сенің суретің неге ұқсайды?

  • Сен сурет салғанда нені сезіндің?

  • Сурет өзің елестеткен әлемге ұқсай ма?

  • Олар бірдей ме немесе әр түрлі ме?

Неліктен … айта аласың ба?

  • …ол бірдей ме, әлде әртүрлі ме

  • …ол сенде осындай сезімдер тудыратынын

  • …оның басқа екенін

Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар сыни ойлау дағдыларын дамытуды, әртүрлі орындар мен қоршаған орта туралы образдарды, әңгімелер мен оқиғаларды қабылдау кезінде идеяны дамыту үшін бейнелеу құралдарын пайдалану әдістерін меңгеруді жалғастырады. Олар 3D жұмыста ойдан жасалған жанды жасауға қызығушылықтарын тудыру үшін, текстуралар мен пішіндерді зерттеу кезінде жаңа әдістер мен жұмыс техникаларын үйренеді. Олар идеяны
дамытып, кеңістік пен оның мазмұнын зерттеп, өздері нені көретінін және сезінетінін елестете алады. Бөлім балалардың қиялдарын дамытатын кітаптан немесе әңгімеден көркем образдарды қабылдауға негізделген.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет