1.1
Қоршаған ортаны білу және түсіну
|
2.1.1.1
Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем,фактура) суреттеу және түсіндіру
|
Туған өлке табиғаты
|
|
|
Сен Қазақстанның табиғаты туралы не білесің?
Сенің өлкеңнің табиғаты несімен ерекшеленеді?
Қазақстанның басқа өлкелерінің табиғаты туралы не білесің? Оқушыларға өз туған өлкесінің табиғатының ерекшеліктерін айтып берулерін сұраңыз. (С, Қ) Әртүрлі суреттерді көрсете отырып, табиғатты басты суретші ретінде көрсетіңіз. Жер бетіндегі әйгілі суретші табиғат болып табылатынын түсіндіріңіз. Ол өсімдіктер, бұлт және қар ұлпаларының пішінін асқан шеберлікпен таңдайды. Жануарлардың терісін сызықтар мен дақтар арқылы безендіреді. Оқушылар түстер және реңктермен тәжірибе жасайды. Оқушылардан табиғатта нені және неге жақсы көретіндерін сұраңыз. Табиғаттан қандай сызықтар, пішіндер және түстерді кездестіре аласыңдар? Оқушыларға өз жауаптарын туған өлкесінің табиғатымен байланыстыруларын ұсыныңыз. Өсімдіктер, жануарлар мен табиғи құбылыстар туралы еске салыңыз.
(С, К) Шынайы және сәндік пейзаждарды көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз: Пейзаждардың бір-бірінен
|
Сызық, пішін және түстер көрсетіліп, табиғаттың көріністері бейнеленген көрнекі құралдар дайындау керек (шығармалар, фотосуреттер). Оларды сынып бөлмесіндегі «көрнекі» қабырғаларға іліп қойыңыз. Ол өсімдіктер әлемінің бейнелері (жапырақтар, гүлдер, бұтақтар), жануарлардың дақтары (жолақ жылқының дақтары мен жолақтары, жолбарыс сызықтары), табиғи құбылыстар (найзағай, кемпірқосақ, бұлт, күннің шығысы мен батысының түстері) болуы мүмкін.
|
А4 форматындағы парақ, фонға арналған акварель бояулары, фломастерлер,
сәндік сурет техникасында орындалған жұмыстардың үлгілері,
табиғаттағы түстер, сызықтар мен пішіндер көрсетілген электронды таныстыру.
Ғаламтор ресурстары: https://www.pinterest.com/pin/ 339036678173947676/
|