Ұйымдастыру
5 мин
|
Оқушылармен сәлемдесу, тазалығына назар аудару, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.түгендеу, кабинет
Сабақ айдары: « Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. »
Неміс педагогі А.Дистерверг
|
Табыс критерийлері:Үстеудің құрамдық түрлерін, оның ішінде дара үстеудің жасалу жолдарын (негізгі және туынды түрлерін) ажырата біледі,мағыналық түрлерімен таныса отырып, мезгіл үстеуін жаттығу жұмыстарында таба алады, үстеу жайында білімдерін кеңейтеді, бақылау жұмыстарында күтілетін нәтижеге жете алады.Сұрақтарға жауап бере отыра, дұрыс жауаптарын кәрзеңкеге салып отырады.Қай кәрзеңкеде дұрыс жауаптар көп болса, сол топ жеңеді.
Бағалау критерийлерін таратып беремін, критерийлер бойынша бағаланатындығын ескертемін.
Топ мүшелерінің белгілерін таратып беремін.( Топ басшысы, таймкипер, баяндаушы, хатшы, бақылаушы т.б.) Маған ,ең алдымен,
Театрға барамысың?
Жаңа газет аламысың?
Деген секілді сөйлемдерде,
Кей оқушы сен секілді
Тыныс белгі қоймай кетеді.
Өзің айтшы білсең,
Осылардың соңында
Қандай белгі келеді?
Дауыс ырғағын да ескер деймін,
Жазғаныңды үнемі тексер деймін.
Мұны білмесең ,бала,
Онда ісің әлі шала!
|
Сынып оқушылары жазылған сөздерді алады, сол бойынша топқа бөлінеді. ( «Өркен» , «Болашақ»)
Топ басшысы, таймкипер, баяндаушы, хатшы, бақылаушы т.б. белгілейді. Кім жылдам, әрі дұрыс шешсе, сол топ басшысы болып сайланады, ал қалған оқушылар топ мүшелері. Жарыс ұраны: «Тездетейік, бірақ абай бол!»Топ мүшелерінің міндеттерін белгілейді.
Мен ылғи айғайлай бермеймін
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе –ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.
Әр іске көңіл күйін білдіріп,
Табысымызға таңданып,
Шаттана күлем!
Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,
Сондай сөйлемдердің соңында келем.
(Осы тыныс белгілерінің жауаптарын кім тез шешсе, сол оқушы топ басшысы болады.)
|