«Ой қозғау» әдісі арқылы осы ереже туралы білетіндерін еске түсіріп жинақтау
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт
Сабақтың жоспары
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Тізбек арқылы жақсы тілектер айту.
«Түстерді таңдап ал» әдісі арқылы топқа бөлемін.
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады.
1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін ортақ етіске айналдырып, сөйлем құраңыз.
«Сөздерден әңгіме құрастыру» әдісі арқылы берілген сөздерді ортақ етіске айналдырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөйлем) тақтаға жазып, сөйлем құрастырады.
Сөз тіркестері: хандық құру, жәдігер жинау, би-шешендер, әділ-шешім айту, руналық жазуды шығару, ер-тоқым жасау.
Дескриптор
Бағалу критерийіне сәйкес қалыптастырушы бағалау жүреді. Дескриптордың нәтижесінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Ол бағалау парақшасы арқылы іске асырылады.
2- тапсырма. Мәтіндегі би-шешендердің әділ шешімін тауып, ерекше қасиеттері туралы жұбыңызбен сұқбаттасыңыз. Сұқбатта ортақ етістерді қолданыңыз.
Т.Ж «Ойлан-жұптас-сұқбаттас» әдісі арқылы тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі таңдап, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға үйренеді.