Сабақ жоспарларының үлгілері (мұғалім іс-тәжірибесінен) Құрастырған: Айтжанова Шаһизада Ахашқызы


ІV. Оқушылардың алған білімдерін тексеру



бет4/4
Дата01.04.2017
өлшемі0,71 Mb.
#13031
түріСабақ
1   2   3   4

ІV. Оқушылардың алған білімдерін тексеру:.4-5 жаттығуларды орындау

V. Сабақты бекіту:Тақырыптағы сызбанұсқамен сабақты бекіту.
VI. Үй тапсырмасы:§47. 7-жаттығу.

VII. Сабақты қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: Натрий, калий және олардың қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
 
Білімділік: периодтық жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен металдардың жалпы қасиеттері және s-элементтер туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды натрий және калийдің өзіне тән қасиеттерімен таныстыру. Оқушыларды натрий және калий қосылыстарының қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру арқылы білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: 8 сыныпта сілтілік металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Білімін қолма қол көрсете алу қасиеттерін ашу. Экологиялық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: биология, география, медицина, экология.
Сабақтың түрі: проект сабағы
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызба, ватман, маркер.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий хлориді (құрғақ, ерітіндісі), натрий, фенолфталейн, колба, сынауықтар, спирт шамы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (сыныпты 4 топқа бөледі)
ІІ. Ой шақыру:
Теңіз суы арқылы құтыда хат келді. Хатта жұмбақ жазылған:
 
Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайындыларым кім?
Жауабы: Сілтілік металдар. Жұмбақты оқып талдайды. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.
ІІІ.Жаңа сабақ.
- натрий және калий, олардың қосылыстары туралы не білесіңдер? (оқушылардың жауаптарын тақтаға жазады)
Тапсырма № 1. осы екі металдарға тақтадағы үлгіні пайдаланып, жарнама жасаңдар. Натрий мен калийдің қаситеттерін тақтаға және дәптерге жазады.
Тапсырма № 2. «Натрий, калий» тақырыбына үлгі бойынша класстер жасауды ұсынады.
1. Химиялық элемент ретінде сипаттау: ПЖ-гі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі.
Табиғатта калий, натрий қосылыстар түрінде кездеседі. Теңіздің жағасында натрий хлориді галиттер түрінде жиналады. Картадан Қазақстандағы тұзды көлдерді көрсетеді. Арал теңізінің экологиялық проблемасын талқылау.
 

2. Жай зат ретінде сипаттау. Ашылу тарихы: 1807 ж ағылшын ғалымы Г.Дэви калий мен натрийді олардың қосылыстарынан электролиз арқылы алған. 


Физикалық қасиеті: видео көрсету.
 
Химиялық қасиеті: (реакция теңдеулерін тақтаға жазады).
 

Тапсырма № 3. Тәжірибе орындау: Ас тұзының сапалық құрамын анықтау.


IV. Бекіту.
Кластерге қайта оралып, бұрыннан білген және осы сабақтан білген компоненттерді
көрсетеді. Бүгінгі сабақтан не білдім? Бүгінгі сабақтан лаған білімімді келешекте қайда қолдана аламын? Топтар класстерлерін қорғайды.

V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: § 6.3-6.4. 158 бет – 5, 7 жаттығулар. Сабақта жасаған класстерлерді қосымша әдебиеттер арқылы толықтырып, компьютерлік дизайнмен көркемдеп жасап әкелу.


Сабақтың тақырыбы
Табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар


Мақсаты
Оқушыларға оттектің, көміртектің, азоттың табиғаттағы айналымы, қасиеттері, қолданылыуы жайында мәлімет беру. Оқыушылардың заттарды элемент тұрғысынан танып, заттардың құрамын жаза білуге үйрету.
 


Күтілетін нәтижелер:

Оқыушылар оттектің, көміртектің, азоттың табиғаттағы айналымы, қасиеттері, қолданылыуы жайында мәлімет алады.Оқыушылар заттарды элемент тұрғысынан танып, мағлұмат пайда юолады, заттардың құрамын жаза білуге үйренеді. 


Керекті жабдықтар Электрондық оқулық, оқулық әдістемелік әдебиеттер, интернет желісі.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер Визуалды оқыту «Серпілген сауал»» әдісі арқылы кітаппен жұмыс жасата отырып, сұрау, зерттеушілік әңгіме. «Өкіл» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіну. Оттек, азот, көміртек табиғатта таралуы мен маңызын салыстыра отырып түсіну. «Химиялық диктант» әдісі арқылы сабақты қорытындылау, «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау . Кері байланыс.
 
Тапсырмалар Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Үй тапсырмасын сұрау
1.Ұйымдастыру. Сергіту.

2. математикалық фигуралардың суреттері арқылы топтарға бөлу.


Сабақты «Серпілген сауал» әдісі арқылы бастау. 1.Химиялық реакцияның неше типі бар? Ата! 2. Қосылу реакциясы дегеніміз не? мысал келтір! 3.Айырылу реакциясы дегеніміз не? мысал келтір! 4. Орынбасу реакциясы дегеніміз не? мысал келтір! 5. Орыналмасу реакциясы дегеніміз не? мысал келтір! Оқушыларға дорба лақтыру арқылы сұрақтар қойылады. 1.Сабаққа әзірлеу. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді
3топқа бөлінеді

Оқушылар жауап беріп ережесін айтады. Топ мүшелерінің ішінен біреуі мысал келтіріп тақтаға жазады.


Тұсаукесер

АКТ-ны пайдалану арқылы көміртек, азот және оттектің табиғаттағы айналымы жайлы мағлұматтар тыңдату арқылы жаңа сабаққа қызығушылығын ояту. Оқушылар электронды оқулықты тыңдайды, дәптерлеріне жазып алады.




Негізгі бөлім.

Бекіту сұрақтары: Жаңа тақырыппен жұмыс. 


Көміртек, азот және оттектің табиғаттағы айналымы мен маңызы және қолданылуы жайлы жан- жақты сипаттап көрейік. «Өкіл жіберу» әдісімен жүргіземін. Жаңа сабақ материалын дәптерге жазғызу. топ мүшелері орында қалады, өкіл қалған басқа топқа барып мәлімет береді. 3- айналымнан соң топқа келіп топ мүшелеріне келіп айтады.
Постер шығарады.Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Бағалау критериі арқылы топ сарапшылары бағалайды.
 
Жаңа сабақ материалын дәптерге жазғызамын.
1.Оттектің табиғаттағы айналымы және маңызы, аллотропиялық түрөзгерісі. 2.Көміртектің табиғаттағы айналымы және маңызы. 3.Азоттың табиғаттағы айналымы және маңызы.
Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын слайд арқылы көрсетемін. Жауаптарын критерий бойынша бір-бірін бағалайды. Жаңа тақырыппен жұмыс .
Берілген тақырып бөлігін баяндамашы мен топта, басқа топ мүшелеріне баяндап береді, сосын топта ішінде талқылайды.
Керекті мәліметтерді дәптеріне жазып алып отырады.
Оқушылар «Өкіл» әдісі арқылы әр топтан бір оқушыдан шығып постер қорғайды. Содан
кейін оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді. 
Бағалау критерийі :
1. Эстетикалық талғамы - 1 ұпай
2. Шығармашылығы-1ұпай
3. Баяндаушының жеткізуі- 1 ұпай
4. Мазмұны – 1 ұпай
4 ұпай –«5»3 ұпай – «4» 2 ұпай –«3»1 ұпай –« 2»

Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазып болғасын бір-бірін бағалайды.


Қорытынды

Үйге тапсырма: «Химиялық диктант» интерактивті тақта арқылы, жазылмай қалған сөздерді толықтырып жазып сөйлем шығарып сабақты қорытындылау.


«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
Кері рефлексия парағын толтыру.
 
Стикерлер арқылы көңіл-күйін білдіреді.
Тақырыптарды оқып келу, Қосымша ақпараттар арқылы реферат дайындау. 1.Алған білімдерін пайдаланады, сараптайды, топпен ақылдасады, сыни ойлайды.
2. Жеке химиялық диктант орындайды.. Жауабын тексереді. Бағалау парағына жазады.

Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпқа түсінгендерін бағдаршам түстері арқылы көрсетеді.Қызыл – түсінген жоқпын. Сары – жартылай түсіндім. Жасыл – түсіндім.


Сткерлерін толтырып, іледі.
Оқушылар бағаларын қойғызады.
Үй тапсырмасы:
Табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар

Сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп-салдарлы байланыстарды табу, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

б) тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

IІІ. Жаңа сабақты оқыту:

Валенттік электрондары электртерістігі кіші атомдардан электртерістігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.

Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыштар болып табылады.

Ионды қосылыстардағы ион заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шарты заряды тотығу дәрежесі деп аталады.

Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.

Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF-да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1.

ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.

Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:

Na0-ē=Na+

Iē=I0

N-3-5 ē=N+2

Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:

Cr+6+3ē=r+3,

S0+2ē=S-2,

Mn+7+5 ē=Mn+2,

Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш – электрон беруші атом немесе ион.



Тотықтырғыш

Тотықсыздандырғыш

+nē

- nē

тотығу дәрежесі төмендейді

тотығу дәрежесі артады

тотықсызданады

тотығады

Ең маңызды тотықтырғыштар: күштілері – F2, O2, O3, H2O2, Cl2 (әсіресе сулы ерітіндісі), HClO, HClO3, H2SO4 (тек концентрлісі), патша арағы (концентрлі HNO3 және HCl қоспасы), HNO2, NO2, KMnO4 (әсіресе қышқыл ерітіндіде), MnO2, K2Cr2O2, CrO3, PbO2 және т.б.; әлсіздері – I2, бром суы (Br2+H2O), SO2, Fe3+ және т.б.

Маңызды тотықсыздандырғыштар:күштілері – сілтілік және сілтілік жер металдар, (әсіресе бөлінген күйінде), HI және иодидтер, H2S және сульфидтер, NH3, PH3, H3PO3, C, CO, Fe2+, Cr2+ және т.б.; әлсіздері – активтілігі төмен металдар (Pb, Cu, Ag,Hg), HCl және хлоридтер, SO2, HNO2 және т.б.

ТТР мынадай типтері бар:

1) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі молекулалар құрамына кіретін молекулааралық реакциялар;

2) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекуланың құрамына кіретін молекулаішілік реакциялар;

3) бір элемент атомының бір мезетте тотығу дәрежесінің әрі өсуі, әрі кемуі арқылы жүретін диспропорциялану реакциялары.

ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H2



2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.

0 +1+ 6 -2 +3 +6 -2 0
Al+H2SO4Al2(SO4)3+H2

3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу.

0 +1+6-2 +3+6-2 0


Al+H2SO4Al2(SO4)3+H2

4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік):

Al - 3ē Al0 +3 3 2


2H+1 + 2ē = H2 2 3

5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.


2Al+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2

6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру.

2 2Al+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2



ТТР теңдеулері күрделірек болғанда мына реттілікті қолдану.

1. Тотығу дәрежесі өзгергендерінің астын сызу
K+1Mn+7O4-2+ H+1Cl-1 → K+1Cl-1 + Mn+2Cl2 + Cl20 + H2+1O-2

2. Тотығу дәрежесі өзгерген атомдарды немесе иондарды бөліп жазу.

Mn+7 → Mn+2

Cl-1→ Cl0

3. Атомдар немесе иондар қанша электрон беріп не қосып алатын санмен көрсетіп жазу.

Mn+7 +5ē = Mn+2

Cl-1 -ē = Cl0

Мұнда, Cl атомдарының молекула түзетінің ескеру керек.

2Cl-1 -2ē = Cl20

4. Электрондық теңдеудің қасына тік сызық сызып, оның сыртына электрондардың алдында тұрған коэффициенттердің орнын ауыстырып жазу.

Mn+7 +5e = Mn+2 2 ТТШ

2Cl-1 -2ē = Cl20 5 ТСШ

осы коэффициенттерді формуладағы атомдардың алдына жазу.

2KMnO4 +10HCl → KCl +2MnCl2 +5Cl2+H2O

5. Атомдар санын санап, коэффициенттерді койып, бағдаршаны теңдік белгісіне ауыстыру.

2KMnO4+16HCl = 2KCl+2MnCl2+5Cl2+8H2O



ТТР-ның маңызы:

ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с.

Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сатек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбесттің тотығу қасиеттері қолданылады. Заттың бетін

тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта

алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ

өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.


ІV. Оқушылардың алған білімдерін тексеру: Мәтінмен жұмыс

Сұрақтар:

1. Химиялық реакция типін тап. Қажет жерлеріне коэффициенттер қойындар. Егер тотығу дәрежесі реакцияға дейін және реакциядан кейін өзгерсе, жанына «ия» деп жаз, өзгермесе «жоқ» деп жаз.

Hg + S→HgS

H2O + P2O5 → H3PO4

CuSO4 +NaOH→ Na2SO4 + Cu(OH)2

Fe +HCl → FeCl2 + H2

Al(OH)3 → Al2O3 + H2O

 

2. Барлық жағдайларда тотығу дәрежесі өзгере ме?



3. Тотығу дәрежесінің өзгерісі реакция типіне байланысты ма?

4. Егер элемент қосылыста жоғары тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тек тотықтырғыш болады.

5. Егер элемент қосылыста төмен тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тек тотықсыздандырғыш болады

6. Егер элемент қосылыста аралық тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тотықтырғыш та тотықсыздандыпғыш та болады.


V. Сабақты бекіту:

  1. Төмендегі теңдеуде қандай элемент топтарының тотығу

дәрежелері өзгереді
KMno4+Na2SO3+KOHK2MnO4 +Na2SO4+ H2O

а) Na, S ә) K, Mn б)Mn, S в) Na, K.

2. Тек тотықтырғыш болатын зат?

a) NH3 ә) Br2б) KClO3 в) HNO3

3. Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады:

a) SO2 ә) Naб) Feв) K2Cr2O7

4. Тек тотықсыздандырғыш болатын зат:

a) H2S ә) KMnO4б) SO2 в) HNO3


5. Al+H2SO4 =Al2(SO4)3+H2↑ теңдеуіндегі тотықтырғыш алдындағы коэффициент:

a) 2 ә) 3 б) 1 в) 6
VI. Үй тапсырмасы: §64.1-6 жаттығу.

VII. Сабақты қорытындылау

Сабақтың тақырыбы:Химиялық реакциялардың типтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға химиялық реакция типтерін түсіндіре отырып, реакция теңдеуін жаза білуге үйрету.

Дамытушылығы: оқушылардың қызығуы, ынта, қиял мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттеріндамыту.

Тәрбиелігі: алған білімдерін өмірде қолдана білуге және өз

білімін бағалай білуге үйрету.

Көрнекі материалдар: Слайд,периодтық кесте, үлестірме көрнекіліктер, деңгейлік тапсырмалар.



Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, қарапайымнан күрделіге келу, А.Қ.Т, диалогтық оқыту, жұппен жұмыс, есептер шығару.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сыныпты сабаққа дайындау

  2. Амандасу, сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеу

  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын талқылау.

Элементтердің валенттілігін дұрыс тапсаңыздар мадақтау сөз шығады.



Эл.вал.


Na

Zn

H

Ca

AI

Si

Li

C




І

Ж

Һ

Р

Я

Һ

Ф

Ы

Ә

ІІ

Қ

А

Щ

А

Ч

Ы

Һ

Е

ІІІ

Ө

Ң

Й

Һ

Й

А

Ь

В

V

д

ь

ч

Ю

Я

С

Ч

Ң


Химиялық диктант

Көп нүктенің орнына атом және молекула деген сөздерді қойып жазу.

Ауадағы газдардың құрамында оттегінің молекуласы кіреді.

Су молекуласы оттегінің және сутегінің атомынан тұрады.

Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант молекуласына байланысты.

Оттек суда ерігенде оттегінің атомы судың молекуласының арасында орналасқан.

Қант молекуласының құрамында оттегі және сутегі атомдарынан басқа да көміртегі атомы кіреді.

Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден шығып жатқан иод молекуласына байланысты.

Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек молекуласына байланысты.

1 . Валенттілік дегеніміз не?

2. Зат мөлшері дегеніміз не?

3. Авагодро саны деген не?

4. Молекулалық массаға мысал келтіру.

Жалпы реакция дегенді қалай түсінесіңдер? (Химиялық және физикалық құбылыс деген не?)

Жаңа сабақ. Химиялық реакция теңдеулерін жазып үйрену кезінде сендер кез келген әрекеттесуге жай және күрделі заттардың қатынасынан көрдіңдер. Реакцияға кірісетін реагенттер мен өнімдерді атом молекула түрінде бейнелеуге дағдылана бастадыңдар. Сан алуан химиялық реакцияларды реагенттер мен өнімдерге, олардың құрамындағы өзгерістерге қарап, төрт типке бөлінеді.

. Қосылу реакциясы. Өзінің аты айтып тұрғандай бұл типке заттардың өзара бірігуінен жаңа күрделі заттың түзілуі жатады. Оған бұрын да қарастырылған темір мен күкірттің қыздырғанда әрекеттесуін мысал ретінде алайық:
Fe +S = FeS Са О + Н2O = Ca(OH)2 СaO + H2O + CO2 = Ca(HCO3) 2

Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды.

Қосылу реакциясына ең кемі екі зат қатынасады.

. Айрылу реакциясы. Бұл типке күрделі заттардың ыдырап , қарапайымдау заттарға айналу реакциялары жатады. Оған су молекуласының тұрақты токтың әсерінен ыдырауының химиялық теңдеуін мысалға алайық.

2H2O ==2H2 + O2

Бұдансудың әрбір молекуласы ыдырағанда екі газ күйіндегі жаңа зат: сутек пен оттек түзілетіні көрініп тұр.

Қазақстанның жерінде көп кездесетін табиғи байлық – әктастың қызудың әсерінен айрылуын қарастырайық:

СаСО3 == СаО + СО2

Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды.

Орынбасу реакциясы. Бұл реакция типіне жай заттар мен күрделі заттардың әрекеттесіп, жаңа жай және күрделі заттар түзуі жатады. Оған темір шегені мыс (ІІ) хлоридінің СиСІ2 ерітіндісіне батырғанда жүретін химиялық реакция мысал бола алады. Көкшіл ерітіндегі мыс атомы темірдің әсерінен ығысып шегенің бетіне қонады. Ал ерітіндідегі бастапқы көкшіл түсі солғын тартып, жасылдау түске айнала бастайды, өйткені түзілетін өнім - темір хлоридінің(ІІ) FeCI2 түсі жасылдау. Олай болса, реакция теңднуін былайша өрнектеуге болады.

Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2

Zn + 2HCI = ZnCI2 + H2

Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакцияны - орынбасу реакциясы деп атайды.



Алмасу реакциясы. Бұл реакция типіне тек екі күрделі заттың әрекеттесу мысал бола алады. Олар өзара құрам бөліктерімен алмасып, жаңа екі зат түзеді.

СиО + H2SO4 = CuSO4 +H2O

Мыс (ІІ) сульфаты

Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция - алмасу реакциясы деп аталады.

Fe2O3 + 6HNO3 = 2Fe(NO3)3 + 3H2O
Зертханалық жұмыс: Қауіпсіздік ережелерін оқушыларға түсіндіру.

Қажетті реагенттер мен құрал – жабдықтар:

Сөндірілмеген әк, H2O, жұмыртқа, темір шеге индикатор қағаз, HNO3 H2SO4 Ca(OH)2 фенофталеин, метилоранж, сынауықтар, үлкен ыдыс.

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Сөндірілмеген әкті ыдысқа салып үстіне аздап су құю керек. Кейін үстіне жұмыртқа салу керек.

  2. Темір шегені қышқылға салу.

  3. Негізге қышқыл қосып, индикатор қағазбен нәтижесін көрсету.

Оқушылармен бірге жүзеге асқан реакция типтерін талдау, химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Оқулықпен жұмыс: 53 беттегі 6,7,8,9,11 жаттығуларды орындау.
Сабақты қорыту: Химиялық реакциялардың төрт типі болады: қосылу, айрылу, орынбасу, алмасу реакциялары.

Қосылу реакциясының нәтижесінде екі немесе одан да көп заттар бірігіп , жаңа күрделі бір затқа айналады.

Айрылу реакциясының нәтижесінде бір күрделі зат ыдырап , бірнеше жаңа зат түзіледі.

Орынбасу реакциясының нәтижесінде жай зат атомы күрделі зат құрамындағы атомның орнын басып, жаңа жай және күрделі зат түзіледі.

Алмасу реакциясының нәтижесінде екі күрделі заттың құрамындағы атомдар не атомдар тобы өзара орын алмастырып, жаңа екі күрделі затқа айналады.
Үйге тапсырма: §18 53 беттегі 10,4 жаттығу.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет