Сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы


Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар



бет5/6
Дата19.05.2023
өлшемі22,42 Kb.
#177165
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1. 01.11.2021 ж. ШЖМ- дәріс

3. Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:
- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;
- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;
- айналадағы дүниеден танып-білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында қолдану;
- еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін, ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, - деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.
4. Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:
- заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, теңестіру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру,;
- кескіндеу,бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.
- ұлттық ою-өрнектер мен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.
5. Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:
- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.
- күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;
- құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.
6. Математика мен саздың арасындағы байланыс:
- сазды әуен мен ырғақта матеметикалық дәлсіздіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;
- нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;
- саздық аспаптардың жасалуында және құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;
- халықтық ән, күй, би, айтыс және терминдерді математика мазмұнына сіңіру;
7. Математика мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:
- баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;
- уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;
- баланың қимыл қозғалысындағы реттік тәртіп пен дәлдік;
- қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет