1 топ. Тахауи Ахтанов жайлы не білесің? Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келіп, Абай атындағы қазақ педагогика институтына оқуға түседі. 1941 жылы соғыс басталып, студент Тахауи Ахтанов майданға аттанады. Майдан шебінде жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, әскери газет-журналдарға мақалаларын жариялап жүреді. Отты мақалалары арқылы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңістің жақындауына қарудың да, қаламның да ұшымен үлес қосады. Жеңіспен елге оралып, өмірдің, сұрапыл соғыстың қиындық мектебінен өтіп келген, жауынгер жазушы басқа жолды таңдамай, әдебиетке келеді.
Т.Ахтанов қаламынан әңгіме, хикаят, роман және драмалық шығармалар өмірге келді. Жазушы өз басынан өткізген, көз көрген Ұлы Отан соғысындағы суретті «Қаһарлы күндер» атты романында жазды. «Дала сыры» хикаяты үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Ал драматург, жазушының «Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», Махаббат мұңы», драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» атты комедиялары ұзақ жылдар сахнада қойылып, көрермендерге күлкі, қуаныш сыйлады.
Жазушының алғашқы әңгімесі – «Күй аңызы». Т.Ахтанов өнер құдіретінің ботасы өлген бозінгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырғанын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды тілмен баяндалады.
Әңгіменің тақырыбы не? (Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті.)
Әңгіменің идеясы не? (Өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау).
Әңгіменің композициялық құрылымын талдау (оқушылар дәптерлеріне жазып отырады).
Композиция – көркем шығарманың құрылысы, тұтастық бірлігі.
Оқиғаның басталуы (экспозициясы- Сюжеттің басталуы – екі салт атты Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.