Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын -Күн,
Амансың ба,Жер – Ана
Амансың ба достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларға жылы және суық түстерді пайдаланып салған суреттерді суреттерді мұқият қарап шығуды ұсыну. Жылы түстер бізге оттың жылылығын еске түсіретінін, ал көк, қара түстердің суық түстер деп аталатынын түсіндіру.
Тәрбиеші: - Суреттерде не бейнеленген? Қандай бояу түстері қолданылған?
Балалар: -Табиғат. Сары, қызыл, жасыл.
Тәрбиеші: - Бұларды – жылы түстерге жатқызамыз.
Мына суреттерде көк, күлгін түстер басым. Оларды – суық түстер дейміз.
Балалар суреттерді мұқият қарайды.
Жылы, суық түстерді атайды.
Салынған суреттерді алдын ала қарау, олардың ертегідегі достарына деген жағымды және қайырымдылық сезімдерін ояту.Суреттерді өз еріктерімен бояту. Балаларға алдын-ала шарт қою: салған кейіпкерлеріңнің сүйкімді, мейірімді сиқыршыекенін немесе мейірімсіз ашулы сиқыршы екенін бірден білетіндей болу. Мұндай айырмашылықтарды беру үшін бояу түстері көмекке келетінін, қандай түспен бейнелеуге болатынын ойланып салуды айту.
Балаларға бояу түстерін қалай болса солай пайдалануға болмайтынын, түстерді таңдап пайдалануға бағыт беріледі.
Балалар жұмысқа кіріспес бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар өздері қағаздарына кейіпкерді салып бояйды.
Жұмыс барысында балалардың бояуды дұрыс пайдалануларын қадағалау.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау. Балалар қандай түстерді пайдаланғанын айтады (Жылы немесе суық).
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: - «жылы» және «суық» түстермен танысады;
Түсінеді: - түстердің реңктерін сезінуін, өзіндік сипаты, ерекшелігі мен көңіл-күйге байланысты пайдаланатынын ұғындыру;
Қолданады:- бояу түстерін ерекшелігі мен сипатына қарай қолданады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Жақындарымызды жолақтағы өрнектермен қуантамыз»
|
Мақсаты:
|
ақ немесе түрлі-түсті қағазға геометриялық фигуралардан өрнек құрастырып, сурет салу дағдаларын қалыптастыру;
түстердің реңктерін сезінуді дамыту;
қағаз бетінде әдемі композиция құрастыру арқылы балалардың көркемдік талғамын дамыту.
|
Билингвалдық компоненті:
|
өрнек- узор
|
Қажетті заттар:
|
ақ қағаз, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, сүлгі, үлгі көрнекіліктер (кестеленген көйлек, сәндік қолданбалы өнер туындылары)
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын -Күн,
Амансың ба,Жер – Ана
Амансың ба достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: - «Өрнек» сөзі латын тілінен шыққан, «әшекейле» , «өрнекте» деген мағынаны білдеріді. Өрнек- бұл түрлі сызықтар мен пішіндердің белгілі талапқа сәйкес ретпен орналасуы. Кейде бізді қоршаған ортада табиғаттың өзі де өрнек жасайтынын айту. Мысалы: терезе әйнегіндегі қысқы қырау өрнектері. Мұндай табиғаттың шебер салынған суреттерін «өрнек» деп атаймыз.
Балаларға әр түрлі ою-өрнектерді көрсету, городецк және хохлома өрнектерін көрсетіп, ерекшеліктеріне тоқталу.
Тәрбиеші: - Балалар, өрнектер қалай орналасады?
Балалар: - Ретпен, бір-біріне ұқсайды. Бірізділікпен.
Өрнектердің орналасу , салыну ретіне қарайды.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Бір адым алға,
Бір адым артқа,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Үлгі ретінде өрнек құрастырып көрсету. Оларды бояу.
Балалармен өз еріктерімен геометриялық фигуралардан өрнектер құрастыруды ұсыну.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар үлгі бойынша өрнектер құрастырады.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: - «өрнек» ұғымымен танысады,геометриялық фигуралардан өрнек құрастырып үйренеді;
Түсінеді: -сурет салу дағдыларын қалыптастыру, көркемдік талғамын дамыту;
Қолданады:- өз еріктерімен өрнек құрастырып, бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Анамызға «Алтын күз» туралы әңгімелеп береміз.
|
Мақсаты:
|
балаларды сұңғат өнерінің табиғат (пейзаж) жанрымен таныстыру;
суреттің мәнерлеу құралдарын түсіне білуге баулу;
суреттің түстерін, көлемін, пішінін, кеңістікке орналасуын, коппозиция құру ерекшелігін түсіндіру.
|
Билингвалдық компоненті:
|
алтын күз-золотая осень
|
Қажетті заттар:
|
И.Левитанның «Алтын күз» картинасы, ақ қағаз, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, сүлгі.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын -Күн,
Амансың ба,Жер – Ана
Амансың ба достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларға Ғ.Қайырбековтың «Алтын күз» өлеңін оқу
Алтын, алтын сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз мектепке баратын
Алақай-ау, күн жақын.
Сары ала тон жамылған,
Күз атамыз секілді.
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Мазмұны бойынша талдайды.
Өлеңнің мазмұны жайында қысқаша балалармен әңгімелеу.
Тәрбиеші: - Балалар өлең не туралы?
Балалар: - Күз мезгілі жайлы.
Тәрбиеші:- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: - Күн суытады, жаңбыр жауады, жел болады т.б.
Тәрбиеші: - Күзді неге «Алтын күз» деп айтады?
Балалар: – Жапырақтар сары болады.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар. Жапырақтар сары – алтын сияқты болады. Содан халық күз мезгілін «алтын күз» деп атап кеткен екен. Табиғатты бейнелеуді «пейзаж» деп атайды.
Жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшелігі, өзіндік әсемдігі барын түсіндіру.
И.Левитанның «Алтын күз» картинасын қарап шығу. Балаларға суретті мұқият қарай отырып әңгімелеу ұсынылады.
Тәрбиеші: – Суретте суретші не бейнелеген?
Балалар:– Табиғатты.
Тәрбиеші: – Картинаны не үшін «Алтын күз» деп атаған?
Балалар: – Жапырақтар, айнала сап- сары алтынға ұқсайды.
Суреттен балаларға көкжиек сызыған көрсетіп түсіндіру.(Аспан мен жердің қосылған сызығы, яғни ортасы).
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап алайық.
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
Балалар бойларын сергітіп алған соң, сурет бойынша әңгімелеу.
Тәрбиеші: - Суретші қандай түстерді көбірек қолданған?
Балалар: -Жылы түстерді.
Тәрбиеші:- Сурет қуанышты көңіл күйді білдіреді деп айта аламыз ба?
Балалар: - Иә.
Яғни, И.Левитанның суретті қараған адамдардың бәрінде қуанышты көңіл-күй туындасын, қанағаттан сезімде болсын деп ашық түстерді көбірек қолданған.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар өздері қағаздарына жылы түстерді пайдалана отырып күз мезгілінің суретін салады.
Жұмыс барысында таза салуларына назар аударамын.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: - пейзаж жанрымен танысады;
Түсінеді: -суреттің мәнерлеу құралдарын, көлем, пішін, композиция құру ерекшелігін түсінеді;
Қолданады:- өз еріктерімен табиғат көрінісін салады, дұрыс бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Күзгі ағаш
|
Мақсаты:
|
балаларды ағаштың құрылысының ерек-шелігіне сәйкес рның бөліктерін, бір-біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету;
ағаш бұтақтарын қылқаламның ұшымен жіңішке етіп, жапырақтарын тігінен сүйкей жағу тәсілімен салуға жаттықтыру;
табиғат құбылыстарын бақылай білуге, таби-ғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
|
Билингвалдық компоненті:
|
күз-осень, ағаш-дерево.
|
Қажетті заттар:
|
күзгі ағаш көрінісінің суреті, ақ қағаз, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, сүлгі.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Ұмытпайық таңертең
Әлемге күлкі сыйлауды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Сабақ барысы:
Балаларға күз мезгілі туралы жұмбақ жасыру. Жұмбақты шешкен соң, күздің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелету.
Күзгі ағаштың суретін көрсетіп, ағаштар туралы сипаттап, әңгімелеп беру.
Тәрбиеші: - Күзгі ағаштың діңі қандай?
Балалар: -Жуан.
Тәрбиеші: - Жапырақтарының түсі ше?
Балалар: - Сары, қызғылт сары.
Тәрбиеші: - Бұтақтары мен діңінің айырмашылығы қандай?
Балалар: - Ағаштың діңі жуан, бұтақтары жіңішке болып өседі.
Тәрбиеші: - Неліктен біз ағашты «күзгі ағаш» деп айтамыз?
Балалар: - Өйткені жапырақтары сары, қызғылт сары
Қорытындыда енді олар ағаштың құрылысын жақсы білетіндіктерін, ағаштың суретін салғанда қателеспейтінін айтады.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
Балалар бойларын сергітеді.
Балалар күзгі ағаштың суретін салатындарын айту. Үлгі ретінде балаларға салып көрсету. Өз беттерінше салған ағаштарының алдыңғы жағына бос орын қалдырып, адам жүретін жол немесе орындықтың суретін салуды ұсыну.
Жұмысқа кіріспес алдында саусақ жаттығуын жасайды.
Жұмыс барысында балалардың қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білуін қадағалауға болады. Суреттерін аяқтаған балаларға салған суреттерін өз ойларынан толықтыру ұсынылады. Мысалы: күннің, бұлттың, т.б суретін салуға болады.
Балалар өздері қағаздарына ағаштың суретін салып, бояйды. Суреттерін аяқтаған балалар суретке қосымшалар енгізеді.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау. Топқа іліп қоюды ұсыну.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: - ағаш құрылысының ерекшелігін, бөліктерін, бір-біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрену;
Түсінеді: - суретті таза, ұқыпты салуға жаттығу;
Қолданады:- ағаштың суретін салады,өз беттерінше бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Күз көрінісі»
|
Мақсаты:
|
балалардың күзгі табиғаттан өздерінің бақылағандарын суреттерінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру, суретке мазмұн бере білуге, композиция жасауға, біріңғай заттарды салуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге баулу;
ұқыпты жұмыс істей білуге және баланың көркемдік талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.
|
Билингвалдық компоненті:
|
күз-осень
|
Қажетті заттар:
|
күзгі ауа райын бейнелейтін табиғат көріністерінің суреттері, ақ қағаз, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, сүлгі
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Күз мезгілінің ерекшелігін бейнелейтін бірнеше суреттерді қарап, оның мазмұнына мән беріп, әсемдігін тамашалау. Суретшілердің көпшілігі күзгі саябақты, орманды, ашық күндерді бейнлеуді жақсы көретіндігін айту. Олар сурет салу үшін ашық бояу түстерін таңдап алған.
Балалар суреттерді қарап шығып,мазмұнын әңгімелейді.
Тәрбиеші: - Суретте не бейнеленген?
Балалар: -Ағаштар, көк аспан, құстар.
Тәрбиеші: - Ағаштардағы жапырақтардың түсі қандай?
Балалар: - Сары, қызғылт.
Аспан көгілдір, ағаштардың діңі қоңыр, жапырақтарын сары, қызғылт түстермен салғанын айтады.
Балаларға өз беттерінше күзгі көріністі салу ұсынылады.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар өздері қағаздарына күз бейнесін салуға кіріседі. Қылқаламмен жұмыс жасауда әр түрлі технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану еске түсіріледі (қылқаламның ұшымен сүйкей жағу, қылқаламды қатты басу арқылы, жалпақ, жуан із қалдыру, көлденең жағыс). Суреттерін аяқтаған балалар суретке қосымшалар енгізеді.
Сурет салу барысында күзгі жапырақтарды салуда бірнеше бояу түстерін қолдануға болатыны ескертіледі.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған жұмыстарын талдау. Таза, әдемі салған суреттерді мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – күзгі табиғатты бейнелеуге, суретке мазмұн бере білуге, композиция құрастыруға үйренеді;
Түсінеді: – суретті таза, ұқыпты жұмыс ісией білуге жаттығу;
Қолданады: – күзгі мезгілді бейнелейді, тиісті бояу түстерімен бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Есек- менің сүйікті ойыншығым
|
Мақсаты:
|
балаларға есектің суретін салып үйрету;
ұқыпты жұмыс істей білуге және баланың көркемдік талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.
|
Билингвалдық компоненті:
|
күз-осень
|
Қажетті
заттар:
|
күзгі ауа райын бейнелейтін табиғат көріністерінің суреттері, ақ қағаз, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, сүлгі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |