Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы
Қағаздан жасалған сайқымазақтың моделін балаларға көрсету.
Сайқымазақ туралы балалардан сұрау.
Тәрбиеші: - Сайқымазақ қайда болады?
Балалар: - Циркте
Тәрбиеші: - Сайқымазақтың түрі, киімі қандай болады?
Балалар: - Түрі өте күлкілі болады. Іс-қимылымен бізді күлдіреді.
Балаларға сайқымазақтың суретін салып көрсету. Қолының, аяғының пропорциясын ескеру. Киімін түрлі-түсті бояулармен бояу.
Балалар мұқият қарап отырады.
Содан соң саусақ жаттығуан жасайды:
Қазым-қазым, қаңқылдақ,
Көлде жүрсің саңқылдап.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берсем жейсің бе?
Жоқ, жоқ кәспит тәтті болмас ас,
Арпа мене бидай шаш.
Балалар үлгіге қарап, сайқымазақты салады. Түрлі-түсті қарындаштармен бояйды.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Ең күлкілі болған сайқымазақтарды таңдап алады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: - адам дене бөліктерінің қатынасын дұрыс бере біледі, қарапайым қозғалысты бейнелей білу;
Түсінеді: - шығармашылық қабілеттері дамиды;
Қолданады:- адам бейнесін қағаз бетіне дұрыс орналастырады, түстерді үйлестіре білу.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Менің досым- Айдаһар»
|
Мақсаты:
|
гуашь бояуымен суреи салу техникасымен таныстыру;
түстерді ажырата білу сезімдеріндамыту;
жұмыс барысында түстерді мәнерлі пайдалану;
кейіпкердің сипатын суретте бере білуге баулу.
|
Билингвалдық компоненті:
|
айдаһар-дракон
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, гуашь бояуы, қылқалам, су құятын тұғыр.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы
Балаларға қиял-ғажайып жануар – айдаһар туралы сұрақтар арқылы әңгімелеу.
Тәрбиеші: – Айдаһарды қайда кездестіруге болады?
Балалар: – Ертегілерде.
Тәрбиеші: – Айдаһар қандай болады?
Балалар: – Үлкен, қорқынышты.
Айдаһардың өмірде кездеспейтін, тек ертегілер мен мультоптамаларда кездесетінін айту.
Балаларды айдаһарды салу ретімен таныстыру. Бояу түстерін дұрыс таңдап алуға нұсқау беру.
Бояуды дұрыс таңдай отырып, айдаһардың бейнесінің ерекшелігін аша түсуге болатынын ескерту.
Гуашь бояуын таза, ұқыпты қалдануды ескерту.
Балалар салу тәсіліне мұқият қарап отырады.
Содан соң саусақ жаттығуын жасайды.
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар үлгіге қарап, айдаһардың суретін салады. Таза, ұқыпты салуға тырысады.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді таңдап алу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – гуашьпен сурет салу техникасын меңгереді;
Түсінеді: – түстерді ажырата білу сезімдері, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Қолданады: – белгілі бір кейіпкердің сипатын салады, бояу түстерін мәнерлі пайдаланады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Бұтаққа қонған құс»
|
Мақсаты:
|
бояуды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
«еркін» қимыл-қозғалыс дағдыларын бекіту, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
|
Билингвалдық компоненті:
|
құс-птица
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын тұғыр, құстардың суреті.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы
Балаларға құстар жайлы әңгімелеу, сұрақтар қою. Жиі кздесетін құстардың суретін көрсету. Тәрбиеші: - Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
Балалар: – Торғай, қарға, сауысқан т.б.
Өздері білетін құстар туралы әңгімелеу. Олардың пайдасы жайлы айту.
Тәрбиеші: – Балалар, құстар туралы тақпақ, өлеңдер білесіңдер ме?
Балалар өздері білетін өлең, тақпақ айтады.
Бұтаққа қонған құстың суретін салу технологиясын сала отырып түсіндіру:
1. Ақ түсті бояуға аз ғана қара түсті бояуды араластырып, сұр түс шығару керек.
Қылқаламды дұрыс қолдануларын ескерту.
2. Құстың басын, денесін салу.
3. Содан соң тұмсығын салу.
4. Ағаштың бұтағын салу.
Балалар мұқият қарап отырады.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар сұр ақ пен қара түсті қосып сұр түс шығарып алады. Үлгіге қарап құстың суретін салады.
Таза, ұқыпты салуға тырысады.
Балалардың сурет салуы барысында қағазға дұрыс орналастыруын қадағалау.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді таңдап алу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: - гуашьпен сурет салу техникасын пысықтау,түстерді қасу арқылы жаңа түсті шығару;
Түсінеді: - құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Қолданады:- «еркін» қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеріп, қылқалам-мен дұрыс бояуды пайдаланады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Шебер - фломастер»
|
Мақсаты:
|
сызықтардың көмегімен белгілі бір бейнені бере білу қабілеттерін дамыту, қарындаш пен фломастерді дұрыс ұстай білу дағдыларын бекіту;
көркемдік қабілетін дамыту.
|
Билингвалдық компоненті:
|
фломастер-фломастер
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, қарындаштар, фломастер.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға фломастерлер мен маркерлердің қарындашқа қара-ғанда ашық, қанық болатындығын түсіндіру.
Тәрбиеші: – Фломастерлермен суретті бояғанда анық боляп шығады. Фломастерлер маркерлерге қарағанда жіңішкелеу болады. (Балаларға салыстыра көрсету)
Олардың суреттерді бояғанда бірден көзге түсу үшін және мультипликациялық стильдегі, ақпараттық иллюстрациялар үшін өте тиімді екендіген айту.Фломастер мен маркерлердің көлемі, пішіні жайлы айту.
Балалар фломастер, қарындаштар мен маркерлерді салыстырады. Фломастерлердің қасиеті туралы айтады.
Сергіту сәті
Ұзын құлар сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Балаларға фломастерлермен өз еріктерімен сурет салуға ұсыну.
Өздері сүйіп көретін мульттоптамалардан немесе басқа да суреттерді салуға ұсыныс беріледі.
Балалар берілген фломастер, маркерлермен өз еріктерімен сурет салады.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған сурет-терін талдау. Әдемі салынған суреттерді таңдап алу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – фломастерлердің өзіне тән қасиетін біледі;
Түсінеді: – бейнелеу материалдарының түрлі дағдыларын меңге-реді;
Қолданады: – фломастерлермен дұрыс жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Жаңа жылдық шырша»
|
Мақсаты:
|
жаңа жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету;
бейнені қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу;
шығармашылық қабілетін,көркемдік қабілетін дамыту.
|
Билингвалдық компоненті:
|
жаңа жыл – новый год, шырша-елка.
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын тұғырлар.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балалардан жаңа жыл мерекесі жайлы сұрау.
Тәрбиеші: жұмбақтар жасыру
1. Жасыл тонның бояуы,
Жыл 12 ай оңбайды.
Діңі, бүршіктері, сояуы
Қасқы аязға тоңбайды. (шырша)
2.Қысы-жазы бір түсті. (шырша)
Жұмбақтың шешуін шешкен соң, балалардан шырша ағашының қасиеттерін сұрақтар арқылы сұрау.
Тәрбиеші: – Шыршаның түсі қандай болады?
Балалар: – Жасыл.
Тәрбиеші: – Иісі қандай?
Балалар: – Өзіне тән иісі болады.
Тәрбиеші: – Қайда өседі?
Балалар: – Орманды жерлерде т.б.
Балаларға шыршаны салу әдісін көрсету. Шыршаны салып болған соң, оны әдемі ойыншықтармен әсемдеу ұсынылады.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар үлгі бойынша шыршаны салып, оны безендіреді.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі безендірілген шыршаны таңдап алу, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – шыршаны салуды үйренеді;
Түсінеді: – түстерді ырғақты сезіне біледі;
Қолданады: – бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастырады, шыршаны бояуға дағдыланады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Үлкен және кішкентай шыршалар»
|
Мақсаты:
|
жаңа жылдық көңіл-күйді бере білуге үйрету;
қағаз бетіне дұрыс орналастыру, бейнені қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіну;
қағаз бетіндегі кеңістікті бағдарлай білуге жаттықтыру.
|
Билингвалдық компоненті:
|
шырша- елка, үлкен-большой, кіші-маленький.
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын тұғырлар, үлгі суреттер.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балалардан жақандап келе жатқан жаңа жыл мерекесі жайлы сұрау. Балаларға шыршаны салатынымызды айту. Шырша ағашының орманда өсетінін әңгімелеу.
Тәрбиеші: – Балалар, қандай мереке жақындап келеді?
Балалар: – Жаңа жыл.
Балаларға үлкен және кіші шыршаларды салатынымызды айту. Орман ішіндегі үлкен, кіші шыршаларды салып, оларды бояу.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
Балалар мұқият қарап отырады.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ..
Балалар үлгі бойынша әр түрлі шыршаларды салады.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салырған шыршаларды таңдап алу, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – қағаз бетіндегі кеңістікті бағдарлай біледі (алыс және жақынды);
Түсінеді: – түстерді ырғақты сезіне біледі;
Қолданады: – көкжиекті бағдарлай отырып, әр түрлі шыршаларды салады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Шырша жанындағы Ақшақар»
|
Мақсаты:
|
-Ақшақардың ертегідегідей бейнесін оның киімдері арқылы бере білу;
киімдерінің суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу (көгілдір, көк, күлгін);
сурет салуда шыршаның бұтақтары мен оның тікендерін көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуға жаттықтыру;
қарындашты дұрыс пайдалану техникасын (қатты, ақырын, жуан, жіңішке) шыңдау.
|
Билингвалдық компоненті:
|
Ақшақар - Снегурочка.
|
Қажетті
заттар:
|
Ақшақардың және шыршаның суреттері, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаш.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларға салатын суретті жұмбақтап айту.
Тәрбиеші: - Жылына 1 рет жаңа жылда келеді. Жаңа жылда келеді. Жанында атасын ертіп жүреді. Ол кім деп ойлайсыңдар?
Балалар : - Ақшақар.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Ақшақар қандай болады?
Балалар: - Ақшақар әдемі болады. Үстіне көк шапаны, бас киімі, ұзын шашы болады.
Тәрбиеші: - Көк, көгілдір түс қандай түске жатады?
Балалар:- Суық түске жатады.
Суық түстер туралы түсінік беріледі.
Балаларға Ақшақарды салу тәртібін көрсету. Дене бөліктерінің пішінін сұрау. Қыздың тонын, бас киімін салғанда шеткі сызықтарын анық батырып салу керектігін ескерту. Шырша бұтақтарын, оның тікендерін салғанда жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықты үзбей салатындарын ескерту. Балалардың өздеріне шығармашылықпен толықтырулар жасауға ұсыныс беріледі.
Ақшақардың салыну тәртібін, қандай пішіндерден тұратындығын (басы-домалақ, тоны- үшбұрыш) айтады.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Қар жауады оң жақтан,
Қар жауады сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
Түрлі-түсті қарындаштардың ішінен суық түстерді таңдап алады. Қағаздарына Ақшақарды дұрыс орналастырады. Оны бояйды. Балалар шыршаны салу барысында бұтақтарын дұрыс салуға көңіл бөледі.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынаған Ақшақардың суретін таңдап алу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: -қағаз бетіндегі пропорцияны сақтай білуге үйренеді;
Түсінеді: - түстерді ырғақты сезіне біледі, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Қолданады:- ақшақарды салып үйренеді,қарындашпен дұрыс бояу техникасын меңгереді.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Өнермен таныстыру. Портретті қарау»
|
Мақсаты:
|
портрет жайында түсініктерін қалыптастыру;
өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамыту;
өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
|
Билингвалдық компоненті:
|
портрет-портрет
|
Қажетті
заттар:
|
бірнеше портреттер.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы
Балалардың біреуіне ауызша сипаттама беру.
Тәрбиеші: – Өзінің шашы қара, шашында қызыл бантигі бар. Құлағында әдемі сырғасы бар. Үстінде қызыл көйлегі бар т.б.
Балалар айтылған мінездеме бойынша достарын танып айтады. Содан соң балалардың біреуіне өз досын сипаттап беруді ұсынамын.
Тәрбиеші: – Жарайсыңдар. Ауызша сипаттамадан басқа адамның суреті – портрет деп аталады. Суретшілердің адам бейнесін бейнелеуі портрет деп аталатынын түсіндіру. Бірнеше портреттерге талдау жасау.
Портреттердегі адамдарға талдау жасайды. (мінезі, көңіл-күйі, шашы, көзі т.б)
Балаларға өздерінің достарының портретін салуды ұсыну.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Допты алды қолына
Допты қойды жолына
«Оңға» қарады
«Солға» қарады
Үлкен тау деп ойлады.
Балалар жұмысқа кіріседі.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Балалар салған суреттерін мақтана қарап, бір-бірлерінің еңбектерін бағалайды.
Балаларға үйге тапсырма беріледі (өз анасының келбетін мұқият қарап алу, оның көзінің, шашының түсін, шашының сәні, сүйікті көйлегін анықтап келу). Келесі сабақта аналарының суретін салатынымызды ескерту.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – портрет жайлы түсінік қалыптасады;
Түсінеді: – өнерге деген сүйіспеншілігі қалыптасады;
Қолданады: – портреттің не екенін түсінеді.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Көңілді, көңілсіз»
|
Мақсаты:
|
әр түрлі көркем материалдарды қолдана отырып, адамның бет-бейнесін, көңіл-күйін бере білуге қызығушылығын арттыру;
бейнеге жағымды қарым-қатынас туындату.
|
Билингвалдық компоненті:
|
көңілді-радостный, көңілсіз-грустный
|
Қажетті
заттар:
|
қағаз, қарындаш, фломастер, түрлі-түсті борлар
|
Достарыңызбен бөлісу: |