Сабақ үлгілері (Әдістемелік нұсқаулық) Тараз. 2013. 108 б



бет6/11
Дата25.12.2016
өлшемі1,6 Mb.
#4928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балалардан портрет жайлы сұрау.

Тәрбиеші: – портрет дегеніміз не?

Балалар: – адамның суреті.

Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар.

Бірнеше суреттерді көрсете отырып, адамдардың жүзінің әр түрлілігіне көңіл аударуларын тапсыру. Балалардың көңілді және көңілсіз қуыршақтардың жүздерін салатынын айту. Алдын ала бірнеше әр түрлі көңіл-күй бейнеленген жүздерді салып, ернінің, қабағының және көзінің орналасуындағы өзгерістерді түсіндіру.



Сергіту сәті.

Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:



Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Допты алды қолына

Допты қойды жолына

«Оңға» қарады

«Солға» қарады

Үлкен тау деп ойлады.

Сабақ барысында адамдардың бас киімін, шашын және тағы басқаларын салған кезде адамдардың портреттеріне назар аударуды ұсыну.

Әр түрлі бет-бейнелерді салып көрсету. Оларды көңілді, көңілсіз түрде бейнелеу.

Балалар мұқият қарап отырады.

Балалар әр түрлі бет-бейнелерді салады. Олардың көңіл-күйлеріндегі ерекшеліктерін салады.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Балалар салған суреттерін мақтана қарап, бір-бірлерінің еңбектерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – әр түрлі бет бейнені салуға үйренеді;

Түсінеді: – шығармашылық, елестете білу қабілетін дамыту;

Қолданады: – әр түрлі көңіл-күйді қағаз бетіне түсіреді, оны бояйды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Қызықты бет бейне»

Мақсаты:


  • балаларды әзіл-қалжыңды сезіне білуге баулу, ой-қиялын дамыту;

  • балалардың көңіл-күйлерін көтеру;

  • қызықты бет-бейне салуға жаттықтыру.

Билингвалдық компоненті:

қызықты-интерестный, бет-бейне- маска

Қажетті

заттар:

қағаз, қарындаш, фломастер, түрлі-түсті борлар


Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балалармен бет-әлпеттің өзгерісі туралы әңгімелесу.

Тәрбиеші: – Әр түрлі жағдайларда адамдардың бет әлпетінің өзгереді. (ашуланғанда, қорқыныш, таң қалу, көңілсіздену т.б.). Қорыққанда бет әлпетіміз қалай өзгереді?

Таң қалғанда ше?

Балалар әр түрлі бет әлпеттің өзгеруін көрсетеді.

Балаларға бүгінгі сабақта қызықты бет-бейнелер салатынымызда айту. Балаларға әр түрлі бет-бейнелерді суреттер арқылы көрсету. Бірнеше бет-бейнелерді салып көрсету. Суретті таза, ұқыпты салуларын қадағалау.

Сергіту сәті

Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:

Пеш үстінде мысық отыр,

Алдап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі келіп.

Тісі оның қышып отыр.

Балалар әр түрлі бет-бейнелерді қызықты, күлдіргі етіп, әшекейлермен, көзілдірікпен, шашын да әр түрлі етіп бейнелеуді өздері табады.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Балалар салған суреттерін мақтана қарап, бір-бірлерінің еңбектерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – суретте әр түрлі бет бейнені салуға үйренеді;

Түсінеді: – шығармашылық, елестете білу қабілетін дамыту;

Қолданады: – әр түрлі көңіл-күйді қағаз бетіне түсіреді, оны бояйды.




Білім беру аймағы:

Шығармашылық



Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Көліктер»

Мақсаты:


  • жүк таситын машинаның суретін салу дағдыларын қалыптастыру;

  • түрлі-түсті қарындаштарды дұрыс қолдану техникасын пысықтау.

Билингвалдық компоненті:

көлік-транспорт

Қажетті

заттар:

жүк мәшинесінің және бірнеше көлік түрлерінің суреттері, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, түрлі-түсті борлар

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!

Сабақ барысы:
Балалармен көліктер жайлы әңгімелесу.

Тәрбиеші: – Балалар, көліктер қандай болады?

Балалар: – Жеңіл, жүк таситын, әуе көліктері.

Тәрбиеші: – Жеңіл көліктер әр отбасында болады. Жүк таситын көліктермен ауыр жүктер тасиды. Әуе көлігіне ұшақ, тік ұшақ жатады. Олар аспанда ұшады, адамдарды алыс аймақтарға тасиды.

Әр түрлілі көліктердің ерекшеліктеріне назар аудару.Солардың ішінде жүк машинасына тоқталу. Жүк машинасы не таситынын айту. Жеңіл машиналар не істейтінін, тағы басқа көлік түрлері жайлы әңгімелеу.

Жүк машинасының салу ретін көрсету. Қандай пішіндерден құралғандығын сұрау (төртбұрыш. дөңгелек). Жүк машинасының жеке бөліктерін бояуға түрлі-түсті қарындаштардың түсін өздері таңдап алуларына ұсыныс беріледі және сызықтарын анықтап қатты бастырып шығу керектігі ескеріледі. Бояу барысында дұрыс бояуға бағыт беріледі (қарындашты бір бағытта үзбей бояу). Бояуы қанық болу үшін үстінен тағы 1 рет бояу ұсыналады. Жүк көлігіне басқа тағы 1 көлік түрін салуға ұсыныс беріледі.

Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар жүк машинасын үлгі бойынша салады. Өздері анық түстерді таңдап алады. Таза, дұрыс бояуды ескере отырып бояйды.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Балалар салған суреттерін мақтана қарап, бір-бірлерінің еңбектерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – көлік салуға үйренеді, қарындашпен дұрыс бояу техникасын меңгереді;

Түсінеді: – шығармашылық, елестете білу қабілетін дамыту;

Қолданады: – әр түрлі көлік түрлерін салады, дұрыс бояуға дағдыланады.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Қазақтың ою-өрнектері «балта», «тарақ»

Мақсаты:


  • қазақтың ұлттық ою-өрнектері «балта», «тарақпен» және оларды салу тәсілдерінмен таныстыру; қазақтың тұтынатын бұйымдарды безендіру жолдарын көрсету;

  • балалардың көркемдік талғамын дамыту;

  • ұқыптылыққа, таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қажетті

заттар:

ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық тұтынатын бұйымдар суреттері, жай қарындаштар, бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, орамал.

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!

Сабақ барысы:
Балаларға қазақтың бұйымдарын көрсету. Ондағы ерекшеліктерге назарларын аудары.

Тәрбиеші: – Балалар қазақтың тұтынатын бұйымдары ою-өрнектермен ерекшеленеді. Бүгін «балта» және «тарақ» өрнегімен танысамыз.

Балаларға өрнектерді көрсету.

Тәрбиеші: – Балалар, «балта» өрнегі кәдімгі ағаш шабатын балтаға ұқсайды. Ал, «тарақ» өрнегі болса, шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Өрнектер бірізділікпен орналасады.

Осы өрнектерді қағазға салып көрсету. Оларды бояумен бояу.

Балалар өрнектердің салыну тәсіліне мұқият қарап отырады.

Жұмысқа кірісерде саусақ жаттығуын жасайды.

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Содан соң қағаздарына өрнектерді үлгіге сүйене отырып салады. Бояумен бояйды.

Жұмыс барысында өрнектерді қағаз беріне дұрыс орналастыруларын, таза, ұқыпты салуларын қадағалау.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – жаңа өрнек түрлерімен танысады;

Түсінеді: – өрнектерді салу әдісін меңгереді;

Қолданады: – «балта», «тарақ» өрнегін дұрыс салады, бояйды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

Хохлама өрнектері

Билингвалдық компоненті:

хохлама өрнектері- хохламская роспись

Мақсаты:


  • балаларды хохлама өрнектерінің салыну ерекшеліктерімен таныстыру;

  • түстік үйлесімді сезіне білу қабілеттерін, балалардың көркемдік талғамын дамыту;

  • ұқыптылыққа, таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қажетті

заттар:

хохлама өрнектерімен өрнектелген бұйымдар өрнек үлгілері, қылқалам, су құятын ыдыс, орамал.

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңбе-рін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға хохлама өрнегімен орнектелген бұйымдарды көрсету. Өрнектерді көрсету.

Тәрбиеші: – Балалар бұл өрнектерді хохлама өрнектері деп атайды. Өрнектердің түстері қандай?

Балалар: – қызыл, қара.

Тәрбиеші: – Өрнектер нелерден құралған?

Балалар: – Жапырақтардан, жемістерден.

Тәрбиеші: – Хохлама өрнектерін ағаштан жасалған бұйымдарға салады.

Балаларға өрнектің элементін салыну әдісін көрсету. Қағаз бетіне салғанда симметрияны сақтай отырып өрнек элементтерін орналастыру. Өрнекті салу баоысында қылқаламды дұрыс ұстау міндетті екенін айту (ұшымен салу)

Балалар өрнек элементтерінің салыну тәсілін мұқият қарап отырады.

Содан соң саусақ жаттығуын жасайды.

Қазым, қазым, қаңқылдақ,

Көлде жүрсің саңқылдап.

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берсем жейсің бе?

Жоқ, жоқ, кәмпит тәтті болмас ас,

Арпа менен бидай шаш.

Үлгілерге сүйене отырып балалар хохлама өрнектерінің элементін салады.

Жұмыс барысында таза салуларына, қылқаламды дұрыс ұстауларына назар аудару.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – хохлама өрнегі туралы;

Түсінеді: – хохлама өрнегінің ерекшеліктерін;

Қолданады: – хохлама өрнегін салады, қылқаламды дұрыс ұстай отырып бояйды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

Ертегілер хандығы

Билингвалдық компоненті:

ертегі- сказка

Мақсаты:


  • балаларды ертегілер мазмұны бойынша сурет салуға дағдыландыру, түстерді дұрыс таңдауын бекіту;

  • шығармашылық, эстетикалық талғамын дамыту;

  • таза жұмыс істеуге, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қажетті

заттар:

қағаз, гуашь, қылқалам, су құятын ыдыс, орамал, балауыз борлар.

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балалардан ертегілер жайлы сұрау.

Тәрбиеші: – балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: – Иә.

Тәрбиеші: – Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар: – «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Үш аю» т.б.

Тәрбиеші: – Ертегілер несімен ұнайды?

Балалар: – Өте қызықты.

1-2 бала өзі ұнататын ертегінің кейіпкері туралы айтады.

Тәрбиеші: – Балалар, бүгін өздерің ұнататын ертегі әлемін саласыңдар.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балаларға өз беттерінше ертегі хандығын салуларына нұсқау беремін. Таза, ұқыпты бояуларына кеңес беремін. Бейнелеу материал-дарын өздеріне таңдап алуларына рұқсат беремін.

Балалар өздеріне ұнайтын ертегілердің кейіпкерлерін салуға кіріседі. Бейнелеу материалдарын таңдап, бояуға кіріседі.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Қандай ертегі кейіпкерін салғандығын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – өз еркімен белгілі мазмұнды бейнелеу;

Түсінеді: – белгілі сюжетке байланысты сурет салуды;

Қолданады: – бейнелеу материалдарымен өз бетінше сурет салады.


Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Роботтар әлемінде»

Билингвалдық компоненті:

робот- робот

Мақсаты:


  • балалардың шығармашылық ой-қиялын дамыту;

  • геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, жаңа бейненің суретін салу білуге баулиды;

  • түс үйлесімділігін сезінуге, таңдай білуге үйрету.

Қажетті

заттар:

ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, роботтың суреттері және робот ойыншықтар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Сабақ барысы:

Балаларға жұмбақ жасыру:



Тәрбиеші: Құрама темір

Қолқабасы көк

Ғұлама темір

(Робот)
Жұмбақ шешуін айтқан соң, роботтар жайлы әңгімелеу.

Тәрбиеші:– Балалар робаттар неден жасалады?

Балалар: – Темірден.

Тәрбиеші: – Дұрыс. Егер роботтар еліне тап болсаңдар не істер едіңдер?

Балалар роботтар әлеміне тап болса не істейтіндері жайлы жауап береді.

Роботтар неден жасалатындығын, дене пішіндері қандай фигуралардан тұратындығын сұрау.

(Төртбұрыштардан, шаршы )

Сергіту сәті

Балалар роботтардың қимылын көрсетеді.

Балаларға геометриялық пішіндер арқылы роботты салу жолын көрсету. Оны бояу. Өз беттерінше робот ойластырып салуға болатындығы жайлы айту.

Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Допты алды қолына

Допты қойды жолына

«Оңға» қарады

«Солға» қарады

Үлкен тау деп ойлады.

Балалар қағаздарына роботтың суретін салып, бояйды. Өз қиялдарынан ойлап тапқан роботтарын да салады.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – роботты салып үйренеді, геометриялық пішіндерді ажырата біледі;

Түсінеді: – шығармашылық ой-қиялын дамыту;

Қолданады: – жаңа бейненің суретін салады, қажетті түстерді таңдап бояйды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық ою-өрнегі – «Қызғалдақ гүлі»

Билингвалдық компоненті:

ою-өрнек-орнамент, «қызғалдақ гүл»і- «цветок тюльпана»

Мақсаты:


  • қазақтың ұлттық ою-өрнегі «Қызғалдақпен таныстыру»;

  • оны салу жолдарын меңгерту

  • әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру.

Қажетті

заттар:

ою-өрнекпен безендірілген ұлттық тұтынатын бұйымдар суреті, ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын құты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет