Сабақ үлгілері (Әдістемелік нұсқаулық) Тараз. 2013. 108 б



бет4/11
Дата25.12.2016
өлшемі1,6 Mb.
#4928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы
Балаларға жұмбақ жасыру:

Құйрығы жерге тимейді,

Жотасы күнге тимейді.

Суда туады,

Жерде өледі.

(Балық)
Балалар ойланып, жұмбақтардың шешуін табады. Балықтар туралы балалармен әңгімелеу.

Тәрбиеші: - Балалар, балық қайда өмір сүреді?

Балалар: - Суда.

Балаларға өздерінің қалаған тілектерін орындайтын ертегідегі балықтардың суретін салуды ұсыну. Балықтардың түрлерін айту. Әрбір балықтың құйрығы және қанаттарының әртүрлі болуын суреттер арқылы көрсету.

Балаларға балықтың суретін салып көрсету. Ертегідегі балыққа ұқсатып, басына тәжін салу. Балықты бояу.

Балалар жұмыстарын бастамас алдында қол саусақтарын жаттықтырып алады.

Қазым, қазым, қаңқылдақ,

Суда жүрсің сампылдап.

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берсем жейсің?

Жоқ, жоқ кәмпит тәтті емес ас

Арпа менен бидай шаш.

Балалар өздері ақ қағаздарына үлгі бойынша сала бастайды. Өздерінің тілектерін орындайтын ертегідегі балықты салады. Содан соң бояйды.

Балалардың сурет салу барысында таза, ұқыпқы салуларын қадағалау.

Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған жұмыстарын талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау. Әр бала балыққа айтатын тілегін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: - сурет салуда бейнені дұрыс орналастыру;

Түсінеді: -шығармашыллық қабілеттерін дамыту, фантазияларын дамыту;

Қолданады:- пішіндерді ажыратып, балықтарды салады, бояумен дұрыс бояуға үйренеді.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Натюрморт дегеніміз не?»

Мақсаты:


  • балаларды натюрморттың мазмұнымен, ком-позициясымен таныстыру;

  • Түстерді таңдай білуге, заттардың пішіні мен түстердің үйлесімділігін сезінуге, жазықтықта орналастыра білуге үйрету;

  • Көркемдік талғамын қалыптастыру.

Билингвалдық компоненті:

натюрморт - натюрморт

Қажеттізаттар:

натюрморт салынған суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы
Балаларға бейнелеу өнерінің түрі – натюрморт туралы түсінік беру.

Бірнеше натюрморт суреттерін көрсету.

Балалар суреттерді мұқият қарайды.

Тәрбиеші: – Суретшілер айналадағы заттардың әсемдігін жақсы көре біледі. Олар бірнеше заттарды таңдайды және олардың суреттерін әдемілеп қойып көреді де, суретін салады. Осындай суретшілердің туындыларын натюрморт деп атайды.

Натюрморт құру. Содан соң балалардың өздеріне натюрморт құруды ұсыну.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Қанат қағып ұшамыз.

Ұшып-ұшып аламыз

Орнымызды табамыз.

Балалар өздері құрастырған натюрмортты салады. Натюрморт салу барысында балаларға жазықтыққа дұрыс орналастыруға көмектесу. Түстерді таңдауға нұсқау беру.



Балалардың сурет салу барысында таза, ұқыпқы салуларын қадағалау.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынғандарын мадақтау. Натюрмортты топқа іліп қоюды ұсыну.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – сурет салуда бейнені дұрыс орналастыру;

Түсінеді: – шығармашыллық қабілеттерін дамыту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру;

Қолданады: – түстерді дұрыс таңдай білу, жазықтықта дұрыс орналастыру, түстердің үйлесімділігін сезіну.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Жүзім қалай өседі?»

Мақсаты:


  • жүзім бұтағыныңсуретін салуды үйрету;

  • Жүзімнің бұтағын салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білуге үйрету;

  • Ұқыпты жұмыс жасапу дағдыларын қалыптастыру.

Билингвалдық компоненті:

жүзім-виноград

Қажетті заттар:

жүзімнің суреті салынған үлгі, бояу, қылқалам,

ақ қағаз, су құятын құты, орамал.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы
Балаларға Күз ханымының тастап кеткен сыйын көрсету.(Жүзім)

Жүзім жемісі туралы әңгімелеу

Тәрбиеші: – Жүзімнің пішіні қандай?

Балалар: – Домалақ, сопақша.

Тәрбиеші. – Қайда өседі?

Балалар: – Ағашта.

Тәрбиеші: – Жүзімнен не дайындауға болады?

Балалар: – Тосап, компот.

Жүзім бұтағының суретін салатынымызды айту.

Балаларға жүзім бұтағының суретін салып көрсету, бояу.

Жүзім түстерін бояуда түстерді өздері таңдап алуды ұсыну.

Балалар саусақ жаттығуын жасайды:

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар өздері ақ қағаздарына үлгі бойынша жүзім бұтағын дұрыс орналастырып, салады. Содан соң бояйды.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – сурет салуда бейнені дұрыс орналастыру;

Түсінеді: – шығармашыллық қабілеттерін дамыту, фантазияларын дамыту;

Қолданады: – пішіндерді ажыратып, балықтарды салады, бояумен дұрыс бояуға үйренеді.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Күздің бұлыңғыр күні жолда абай бол»

Мақсаты:


  • Суреттің мазмұнына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге үйрету;

  • Бояуларды таңдай отырып, суретте табиғаттың құбылыстарынжәне ерекшелік-терін бейнелей білуге баулу;

  • Табиғатты аялай және сүйе білуге тәрбиелеу.

Билингвалдық компоненті:

күз-осень, бұлыңғыр- пасмурный.

Қажетті

заттар:

бұлыңғыр күнді бейнелейтін суреттер, бояу, қылқалам, ақ қағаз, су құятын құты, орамал, қарындаш.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Сабақ барысы
Балаларға сұрақтар қойылады:

Тәрбиеші: -Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Күз.

Тәрбиеші: - Күз айларын атаңдар?

Балалар: - Қыркүйек, қазан, қараша.

Тәрбиеші: - Қазір қай ай?

Балалар: - Қараша.

Күздің соңғы айын «қоңыр күз» деп айтатынын және «Алтын күзден» айырмашылығын салыстырып көрсету.

Күзгі табиғат көріністеріндегі бояу реңктеріне балалардың назарын аудары отырып, күз көріністерінің суретіне талдау жасау.

Балалар суреттерді салыстыра отырып, айырмашылықтарын айтады. Сурет салмас бұрын ағашты, бұталарды, жерді қандай түстермен бояйтындарын айтып, таңдап алады.

Қағазға салып көрсету, суық түстермен бояу.

Балалар мұқият қарап отырады.

Егер балалар жаңбыр жауып тұрғанын бейнелегісі келсе, көгілдір түсті қарындашты пайдалануға кеңес беріледі.

Балалар саусақ жаттығуын жасайды:



Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар белгілі бояу түстерін пайдалана отырып, ауа райының құбылысын бейнелей бастайды.



Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: - сурет салудың мәнерлеу құралдарын сезінеді;

Түсінеді: - табиғат құбылыстарын сезіну, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Қолданады:- суретті дұрыс бейнелеу, ауа райына байланысты түстерді дұрыс таңдау, бояу мен қалқаламды дұрыс пайдалана біледі.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Городецк өрнегіндегі күзгі бейнелер»

Мақсаты:


    • городецк өрнегінің өзіндік сипаты мен ерекшеліктерін таныстыру;

    • элементтерінің суретін сала білу, композиция құру, түстердік үйлесімділігін сақтай білу дағдыларын қалыптастыру;

    • ұлттық ою-өрнек әсемдігін сезіне білу, көркемдік талғамын дамыту.

Билингвалдық компоненті:

өрнек-роспись (орнамент).

Қажетті

заттар:

городецк бұйымдары, үлгі бұлыңғыр күнді бейнелейтін суреттер, бояу, қылқалам, ақ қағаз, су құятын құты, орамал, қарындаш.



Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы
Балаларға городецк өрнегі жайлы толық мәлімет беру.

Тәрбиеші: – Ресейде ағаштар көп болғандықтан, ағаштан әдемі бұйымдарды көп жасаған. Городецк қаласында жасалған ағаш бұйымдарды қарап көреміз. Ол жақта өрнек салудың өзіндік дәстүрі бар. Городецк қаласында ағаштан шаруашылыққа қажетті түрлі заттарды жасаған. (тақтайшаларды, қасықтарды көрсету). Балалармен бірге түстердің үйлесімділігін анықтау.(алқызыл, көк, көгілдір).

Балалар мұқият тыңдайды. Городецк өрнектерімен өрнектелген заттарды ұстап көреді. Өз ойларын айтады.

Тәрбиеші: - Өрнектердің түстері қандай?

Балалар: - Анық.

Балаларға гүлдесте құрастырып көрсету. Содан соң балаларға үлгі бойынша өз беттерінше гүлдесте құрастыруды ұсыну.

Балаларға өз еріктерімен гүлдесте құруға бағыт беріледі.

Балалар жұмысқа кіріспес алдында саусақ жаттығуын жасайды:



Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар үлгілерге қарап, өздері гүлдесте құрастыра бастайды.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – городецк өрнегінің өзіндік сипаты мен ерекшеліктерін ажырата біледі;

Түсінеді: – ұлттық ою-өрнек әсемдігін сезіне біледі, көркемдік талғамы дамиды;

Қолданады: – элементтердің суретін бейнелейді, түстердің үйлесімділігін бере біледі.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Әдемі гүлдермен өрнектелген тақтайша»

Мақсаты:


  • городецк өрнегімен тақтайшаны әшекейлеу;

  • городецк өрнектерінің түс үйлесімділігін сезіне білуді бекіту;

  • сурет салуда іскерлік дағдыларын қалыптас-тыру, көркемдік талғамын дамыту.

Билингвалдық компоненті:

өрнек-роспись (орнамент).

Қажетті

заттар:

үлгі сурет, гүлдесте, қылқалам, ақ қағаз, су құятын құты, орамал, қарындаш.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!

Сабақ барысы
Тәрбиеші: – Балалар Городецк қаласынан хат келді. Городецк қаласының шеберлері тақтайшаларға өрнек салып берулерін сұраныпты. (Балаларға хатты оқып беру)

Балалар: – Иә, көмектесеміз.

Городецк өрнегін естеріне түсіру, түстерін, орналасу тәртібін анықтайды, өрнектердің ерекшеліктерін айтады.

Бір тақтайшаға өрнек салып көрсету. Сала отырып, дұрыс орналастыруын, түстерін дұрыс таңдап алуды айту.

Балаларға тақтайшалар қиылған нобайды таратып беру.

Балалар саусақ жаттығуын жасайды.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Допты алды қолына,

Қойды оны жолына

Оңға қарады, солға қарады,

«Үлкен доп» деп ойлады.

Балалар үлгілерге сүйене отырып, тақтайшаларға өрнектер сала бастайды.

Городецк өрнегіне сүйене отырып салуды қадағалау. Таза, ұқыпты салуларын ескерту.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған өрнектерін талдау. Әдемі шыққан тақтайшаларды мадақтау. Городецк қаласына шберлерге салып жіберетінізді айту

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – городецк өрнегін басқа өрнектерден ажыраты білу;

Түсінеді: – сурет салу іскерлігі қалыптасады, өрнектің әсемдігін сезіне біледі;

Қолданады: – әдемі өрнектер салып, гуашьпен бояуға дағдыланады.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Гүлді өрнектермен әшекейленген кесе»

Мақсаты:


  • балаларды гүлді өрнектер сала білуге үйрету;

  • Өрнектерді дұрыс орналастырып, таза салуға дағдыландыру;

  • көркемдік талғамын дамыту.

Билингвалдық компоненті:

кесе-чашка

Қажетті

заттар:

үлгі сурет, гүлдесте, гуашь, қылқалам, ақ қағаз, су құятын құты, орамал, қарындаш.


Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңбе-рін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы
Балалардан городецк өрнегі туралы сұрақтар арқылы сұрау.

Тәрбиеші: - Балалар, Зере әжей бізге кеселер беріп жіберіпті. Кеселерді әдемі өрнектермен безендіріп берулеріңді сұранғанын айту. Балалар, әжеге көмек береміз бе?

Балалар: - Иә.

Городецк өрнегін естеріне түсіру, түстерін, орналасу тәртібін анықтау.

Бір кесеге өрнек салып көрсету. Сала отырып, дұрыс орналастыруын, түстерін дұрыс таңдап алуды айту.

Балаларға кеселер қиылған нобайды таратып беру.

Балалар саусақ жаттығуын жасайды.

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар үлгілерге сүйене отырып, кеселеріне өрнектер сала бастайды.

Городецк өрнегіне сүйене отырып салуды қадағалау. Таза, ұқыпты салуларын ескерту.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған өрнектерін талдау. Әдемі шыққан кеселерді мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: - городецк өрнегін басқа өрнектерден ажырату, дұрыс орналастыра білу;

Түсінеді: -сурет салу іскерлігі қалыптасады, өрнектің әсемдігін сезіне біледі;

Қолданады:- әдемі өрнектер салып, гуашьпен бояуға дағдыланады.


Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Сайқымазақпен біз қысты қарсы аламыз»

Мақсаты:


  • адам бейнесінің суретін салуға жаттықтыру, дене бөліктерінің қатынасын дұрыс бере білуге бағыт беру;

  • қарапайым қимыл-қозғалысты бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру;

  • шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Билингвалдық компоненті:

сайқымазақ- клоун

Қажетті

заттар:

ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, сайқымазақтың суреті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет