Сабақ үлгілері (Әдістемелік нұсқаулық) Тараз. 2013. 108 б



бет9/11
Дата25.12.2016
өлшемі1,6 Mb.
#4928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шең-берін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға өткен мамыр мерекесі туралы сұрақтар қою:

Тәрбиеші: – 1 мамыр қандай мереке?

Балалар: – Достық, ынтымақтастық мерекесі.

Тәрбиеші: – Сендер алаңнан нелер көрдіңдер?

Балалар: – Шеру, мереке, жалаушалар, шарлармен безендірілген.

Балалар алаңда нелер көргендіктері жайлы әңгімелейді.

Балалардан мерекеде не көргендері жайлы әңгімелеп сұрау. Мамыр мерекеміне байланысты өз беттерінше сурет салатындықтарын айту.

Балаларға мерекеде көргендерін қағаз бетіне түсіруді ұсыну. Бірнеше баладан не салуға болатынын сұрау. Балаларға үлгі ретінде мереке көрінісін салып көрсету. Алдарындағы бейнелеу материалдарын дұрыс пайдалануды ескерту.

Балалар өз ойларын айтады.

Балалар саусақ жаттығуын жасайды. Содан соң өз бетінше сурет салуға кіріседі.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – белгілі бір бейнені суреттей біледі;

Түсінеді: – шығармашылықпен дербес әрекет ете білуді;

Қолданады: – түрлі бейнелеу материалдарын қолданып, бейнені суреттейді .



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Гүлдер мен құстар»

Билингвалдық компоненті:

мереке-праздник

Мақсаты:


  • балаларды декоративті-қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру;

  • бір түсті декоративті (гаммада) декоративті композиция құрастыруға жаттықтыру;

  • қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу дағдысын бекіту, эстетикалық талғамын дамыту.

Қажетті

заттар:

ақ қағаз, бояу, қылқаламдар, су құятын құты.


Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға өздеріне таныс өрнек түрлерін көрсету (дымкова, городецк т.б.).

Тәрбиеші: – Мынау қандай өрнек?

Балалар: – Дымкова.

Тәрбиеші: – Өрнектер қандай?

Балалар: – Дөңгелектер, сызықшалар.

Тәрбиеші: – Түстері қандай?

Балалар: – Ашық, анық.

Олардың элементтерін айтып шығу. Қайда қолданылатындығын айту. Сабақта өздеріне өрнек құрастыруды ұсыну.

Балалардан өрнек құрастырмас бұрын жылы және суық түстерді естеріне түсіру. Үлгілерге сүйене отырып, салуды ұсыну. Қағаз бетіне түгел салуды және қылқаламды дұрыс қолдануды ескерту.

Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:



Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар өрнектерді қағазға сала бастайды. Түстерді таңдап алады (Суық және жылы түстер). Балалар қылқаламның ұшымен бояй бастайды.



Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – өз беттерінше өрнек құрастыруды үйренеді;

Түсінеді: – эстетикалық талғамы артады, шығармашылықпен дербес әрекет ете білуді;

Қолданады: – декоративті өрнек құрастырып, оларды дұрыс бояйды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Жеңіс күні. Отанқорғаушылар»

Билингвалдық компоненті:

Жеңіс күні- День Победы, Отанқорғаушылар- Защитники Родины.

Мақсаты:


  • балаларға Жеңіс күні мерекесі туралы түсінік беру;

  • Отанқорғаушылар туралы сурет салғызу;

  • шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті

заттар:

ақ қағаз, түрлі-түсті борлар, фломастерлер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларға Жеңіс мерекесі туралы әңгімелеу.

Тәрбиеші: – Жеңіс мерекесі 9 мамыр күні тойланады. Ол күні алаңда үлкен шеру, мереке болады. Кешке Мерекеге арналған отшашулар болады.

Жеңіс күні мерекесіне байланысты Отанқорғаушы батырларымызды айту. Ерліктері жайлы әңгімелеу .

Балалар мұқият тыңдайды. Балалар Жеңіс күні мерекесіне байланысты алаңда болған оқиғаны, мерекеге байланысты іс-шараларды әңгімелейді. Өздері білетін батырларды айтады.

Балаларға мерекеге байланысты сурет салатынымызды айту. Алаңдағы мерекелік жағдайды от шашудың суретін салу. Содан соң бояу. Балаларға қосымшалар салуды ұсыну (үйлерді, жалаушаларды т.б.)



Сергіту сәті:

Балалар үлгі бойынша мерекенің суретін т.б. мерекелік көңіл-күйді салып, бояйды.



Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – мерекені көңіл-күйді бейнелеуді;

Түсінеді: – эстетикалық талғамы артады, шығармашылықпен дербес әрекет ете білуді;

Қолданады: – алаңды, мерекелік көңіл-күйді, көріністі бейнелейді, бояйды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет


Тақырыбы:

«Алаңдағы от шашу»

Билингвалдық компоненті:

от шашу- салют

Мақсаты:


  • балаларға от шашу салуды үйрету;

  • қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу дағдысын бекіту;

  • эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті

заттар:

ақ қағаз, түрлі-түсті борлар,қылқалам, бояу, су құятын құты.


Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балалардың Жеңіс мерекесін естеріне түсіру.

Тәрбиеші: – Балалар, сендер мерекеге бардыңдар ма?

Балалар: – Иә, жоқ.

Тәрбиеші: – Мерекеде не көрдіңдер?

Балалар: – Мерекелік шеру, шарлар, жалаушалар.Мерекеге байланысты атылатын от шашу жайлы айту.

Тәрбиеші: – От шашуды тағы қандай кезде атады?

Балалар: – Жаңа жылда.

Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар.

Балаларға мерекеге байланысты от шашуды салып көрсету. От шашудың түстерінің анық, әр түрлі болатынын айту. От шашуды борлармен қатты басып бояу. Үйлерді салу, түнгі аспанды бояу.

Балалар мұқият қарап отырады.

Саусақ жаттығуын жасайды.

Қазым, қазым, қаңқылдақ,

Көлде жүрсің саңқылдап.

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берсем жейсің бе?

Жоқ, жоқ кәмпит тәтті болмас ас

Арпа менен бидай шаш.

Содан соң балалар жұмысқа кіріседі.

Қалқаламды дұрыс ұстауға кеңес беру. Таза, ұқыпты бояуларын қадағалау.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Балалар салған суреттерін мақтана қарап, бір-бірлерінің еңбектерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады:– балалар от шашу салып үйренеді;

Түсінеді: – эстетикалық талғамы артады, шығармашылықпен дербес әрекет ете білуді;

Қолданады: – от шашуды салады, алаңды, мерекелік көңіл-күйді бейнелейді, қылқаламды дұрыс пайдалануды пысықтайды.


Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Гүлденген бақ»

Билингвалдық компоненті:

Бақ-сад, гүлденген- цветущий

Мақсаты:


  • табиғатты өзіне тән ерекшеліктерін бере отырып,бейнелеуге баулу;

  • композицияны дұрыс құрастыруды үйретуді жалғастыру;

  • бояуларды араластыра отырып, жаңа түс алу дағдыларын дамыту;

  • табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті

заттар:

ақ қағаз, түрлі-түсті борлар,қылқалам, бояу, су құятын құты.

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!

Сабақ барысы:

Балалармен көктемгі мезгілдегі өзгерістер жайлы әңгімелеу.



Тәрбиеші: - Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Көктем.

Тәрбиеші: - Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: - Күн жылынады, құстар ұшып келеді, жер көгереді, гүлдер шығады.

Көктемде барлығы құлпырып гүлдейтіндігі туралы әңгіме қозғау.

Балаларға өлең оқу:

Көктем келіп, жер көгеріп,

Дала ғажап түрге енді

Ауламыз да, алмамыз да

Құлпырды да, гүлденді.

Мазмұны бойынша әңгіме жүргізу. Балаларға суретші З. Назыровтың суретін көрсету. Онда алма ағаштарының көктемге мезгілде гүлденгенін бейнелегенін айту. Ол өзінің суретін «Гүлденген алма ағашы» деп атаған. Суретті балалармен бірге талдау:

Балаларға гүлденген бақтың суретін көрсету. Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Тәрбиеші: - Суретте қандай ағаштар бейнеленген?

Балалар: - Алма ағаштары.

Тәрбиеші: - Ағаштардың гүл жарған түсі қандай?

Балалар: - Ақ, күлгін.

Сергіту сәті

Тәрбиеші: - Балалар сендер гүлденген ағаштардың суретін салғыларың келе ме?

Бүгін гүлденген ағаштардың суретін салатынымызды айту.



  1. Композиция құрастыру.

  2. Жаңа жасыл желектерді бейнелеу үшін жасыл мен сары бояуды араластыру.

  3. Ағаштардағы гүлдерді салу, қызыл мен ақ бояуды араластырып, күлгін түс шығару.

Балалар саусақ жаттығуын жасайды

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Жұмыс барысында балаларға композиция құрастыруға көмектесу, бояу түстерін араластыруға көмектесу.



Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Балалар салған суреттерін мақтана қарап, бір-бірлерінің еңбектерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады:-табиғаттың өзіне тән ерекшелігін бейнелеуге үйренеді;

Түсінеді: - эстетикалық талғамы артады, шығармашылықпен дербес әрекет ете білуді;

Қолданады:-бояу түстерін араластыра отырып жаңа түс алуға дағдыланады, қылқаламды дұрыс пайдалануды пасықтайды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Ұшқан көбелек»

Билингвалдық компоненті:

көбелек - бабочка

Мақсаты:


  • көбелек салуға үйрену, пропорцияны анықтауға дағдылану;

  • қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу дағдысын бекіту;

  • эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті

заттар:

ақ қағаз, түрлі-түсті борлар,қылқалам, бояу, су құятын құты.

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға көбелектің сабаққа қонаққа келгендігін айту.

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін сабаққа көбелек келді. Көбелек қандай?

Балалар: - Көбелек әдемі.

Тәрбиеші: - Көбелектер жылдың қай мезгілінде көп болады?

Балалар: - Жаз мезгілінде.

Тәрбиеші: - Не үшін олар жаз мезгілін жақсы көреді?

Балалар: - Өйткені жазда күн жылы болады. Гүлдер шығады.

Тәрбиеші: -Көбелектің қанаты қандай?

Балалар: Қанаттары бірдей болады.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Көбелектің қанаты бірдей болады.

Көбелек өзінің суретін салғандығын қалайтындығы жайлы балаларға түсіндіру.



Сергіту сәті.

Көбелек-ау көбелек,

Неткен сұлу ебелек.

Гүлге келіп қонасың

Сенде әдемі боласың.

Балаларға көбелектің суретін салу ретін көрсету. Пропорцияны сақтауды ескерту.

Өздеріне ұнайтын түсті таңдап алуға болатындығын ескерту.

Қосымша тағы көбелек, әсем гүлдерді салуға болытынын айту.

Балалар мұқият қарайды.

Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:



Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар үлгі бойынша көбелектің суретін салады. Өздері қалаған түспен бояйды. Қосымша гүлдерді салады.



Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Балалар салған суреттерін мақтана қарап, бір-бірлерінің еңбектерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады:-пропорцияны сақтап салуды үйрену;

Түсінеді: - сурет салуға қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеті дамиды;

Қолданады: - әр түрлі пішінді көбелектерді салады, бояйды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Құмырадағы көктемгі гүлдер»

Билингвалдық компоненті:

құмыра-ваза, гүл-цветок

Мақсаты:


- суретте көктем гүлдеріне тән ерекшеліктерін беруге үйрету;

  • қағазға түсті борлармен гүлдің өңін, құрылымын, сабағын натураға қарап салу;

  • бейнені қағаз бетіне әдемі етіп орналастыру, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Қажетті

заттар:

гүлдер салынған құмыра, ақ қағаз, түрлі-түсті борлар,қылқалам, бояу, су құятын құты.


Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:



Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер – Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларға көктем сыйының жалғасатынын айту.

Тәрбиеші: – Мына тамаша гүлдерді Көктем аруының бізге сыйға алып келді.

Балалар біз осы көктемгі гүлдердің суретін саламыз. Балалармен композиция құрастыру (құмыраның пішінін, түсін, гүлдің пішінін, күлтелерінің түсін, санын, гүл сабағының түсін айту)

Балаларға құмырадағы гүлдерді салып көрсету, салу ретін түсіндіру:

Тәрбиеші: – Композицияны қалай орналастыру керек?

Балалар:– Бүкіл қағаз бетіне.

Тәрбиеші: – Жұмысты неден бастау керек?

Балалар: – Нобайын сызудан.

Алдымен композицияның биіктігін, содан кейін құмыраның биіктігін белгілеп алу керек. Содан соң құмыраны, гүлдерді, оның сабағы мен жапырағын салу

Балалар саусақ жаттығуын жасайды.

Балалар салу тәртібін қарап, сурет салуға кіріседі.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар салған суреттерін мақтана қарап, бір-бірлерінің еңбектерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – бейнені қарап салуға, қағаз бетіне орналастырып үйренеді ;

Түсінеді: – эстетикалық талғамы артады;

Қолданады: – натураға қарап сурет салады, қағазға дұрыс орналастырады.


Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Жаз – керемет жыл мезгілі» (Өз бетінше жұмыс)

Билингвалдық компоненті:

құмыра-ваза, гүл-цветок

Мақсаты:


  • жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ұғыну;

  • өз беттерінше сурет салу дағдыларын бекіту;

  • бейнені қағаз бетіне әдемі етіп орналастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті

заттар:

гүлдер салынған құмыра, ақ қағаз, түрлі-түсті борлар,қылқалам, бояу, су құятын құты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет