Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балалармен бірге ою-өрнектер жайлы әңгімелеу.
Тәрбиеші: – Балалар, қандай өрнектерді білесіңдер?
Балалар: – «Балта», «Тұмарша», «Тарақ» т.б.
Тәрбиеші: – Жарайсыңдар, балалар. Бүгін қазақтың өрнегі «қызғалдақ гүлі» өрнегімен танысамыз. Ою-өрнек ерекшелігімен оны салу жолдарымен танысамыз.
Қағаз қималарынан әр балаға «қызғалдақ гүлі» өрнегі бар қағаз таратылады. Нүктелер бойынша өрнекті сызып салып, оны әдемілеп бояуға тапсырма беріледі. Содан соң қызғалдақ өрнегімен әр түрлі заттарды әшекейлеуге болатынын айту. Түскиіз немесе сырмақты әшекейлеуге болатыныны айту. Өрнекті таза, ұқыпты бояуларын қадағалау.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Балалар әр бір нүктені қосып өрнек шығарып, бояйды.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – «қызғалдақ гүлі» өрнегін салып үйренеді;
Түсінеді: – шығармашылық қабілетін дамиды;
Қолданады:- өрнекті ұқыпты салып, бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Біздің көшедегі үйлер»
|
Билингвалдық компоненті:
|
үй-дом
|
Мақсаты:
|
балалардың эстетикалық сезімдерін, қиялын дамыту;
түзу сызықтарды сызу және бояй білу дағдаларын қалыптастыру;
түстердің үйлесімділігін бере білуге жаттықтыру, сурет салуға қызығушылығын арттыру.
|
Қажетті
заттар:
|
әр түрлі үйлердің иллюстрациялары, ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын құты.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балалармен бірге әр түрлі үйлердің иллюстрацияларына, олардың эстетикалық безендірілуіне назар аударып, әңгімелеу.
Тәрбиеші: - Балалар үйлер көп қабатты және бір қабатты болып бөлінеді. Суреттерге қараңдаршы, үйлердің қабырғалары қандай?
Балалар: – Түзу.
Тәрбиеші: – Үйлердің нелері болады?
Балалар: – Терезе, есік, шатыры.
Өздері қандай үйде тұратынын сұрау.
Балаларға үйді салу технологиясын түсіндіре отырып, салу үлгісін көрсету:
Екі түзу сызық сызу- ол үйдің қабырғасы;
Жоғарыдан 2 жаққа екі сызық жүргізу. Үйдің шатыры дайын.
Терезе мен есіктерін салу.
Қабырлары мен есіктерін түзу етіп салу.
Содан соң бояу.Үйді қара түспен бояуға болмайтынын ескерту.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар үлгі бойынша үйді салады. Сызықтарын түзу салуға тырысады. Салып болған соң бояйды
Таза, ұқыпты салуларын қадағалау.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – үйді салу технологиясын меңгереді;
Түсінеді: – эстетикалық сезімін, қиялын дамыту;
Қолданады: – үйді салады,сызықтарды түзу етіп сызуға дағдыланады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Көшеде абай бол!»
|
Билингвалдық компоненті:
|
көше-улица
|
Мақсаты:
|
қала суретіне көз жүгірте отырып, көрген, болған жағдайларды қағаз бетіне түсіруге дағдыланады;
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
түстердің үйлесімділігін бере білуге жаттықтыру, сурет салуға қызығушылығын арттыру.
|
Қажетті
заттар:
|
қаланың көрінісі, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, борлар.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балалармен қала жайлы, жол тәртібі жайлы әңгімелеу. Көшедегі бағдаршамның көмегі туралы сұрау.
Тәрбиеші: – Балалар біз жолдан өту үшін неге жүгінеміз?
Балалар: – Бағдаршамға.
Тәрбиеші: – Бағдаршамның неше түсі бар? Олар қандай?
Балалар : – Бағдаршамда 3 түс бар. Қызыл, сары жасыл.
Тәрбиеші: – Қызыл жанса не істейміз?
Балалар: – Тоқтаймыз.
Тәрбиеші: – Сары жанса ше?
Балалар: – Дайындаламыз.
Тәрбиеші: – Жасыл жанса?
Балалар: – жүреміз
Балаларға көшенің суретін салу технологиясын түсіндіру:
1.Үйлерді салу.
2.Үйлердің әр түрлі шатырларын салу.
3.Жолды, бағдаршамды салу.
4. Адамдарды салу.
Балаларға көшені салғанда ретпен салуды ұсыну. Көше нағыз көшеге ұқсау үшін балаларға жарықтар, ағаштар көліктер, т.б. қосуға болатынын айтып түсіндіру.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар суретті ретпен салып, қосымшалар енгізеді.
Таза, ұқыпты бояуларын қадағалау.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – белгілі бір бейнені салуға дағдаланады;
Түсінеді: – шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту;
Қолданады: – бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастырады, оны таза бояуға дағдыланады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Көктемгі көңіл-күй»
|
Билингвалдық компоненті:
|
көңіл-күй- настроение, көктем-весна
|
Мақсаты:
|
балаларды жаңа бейнелер жасай білуге баулу;
сурет салуда өзінің көңіл-күйін бейнелей білуге жаттықтыру;
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын құты.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларға бірнеше суреттерді көрсету арқылы көңіл-күй туралы әңгімелеу.
Тәрбиеші: – Сурет арқылы адамның көңіл-күйін бере білуге болады ма?
Балалар: – Иә.
Тәрбиеші: – Көңіл-күйіміз көтеріңкі болса, біз жылы түстерді көбірек қолданамыз. Ал, егер көңіл-күйіміз болмаса салған суретімізде суық түсте басым болады.
Балаларға бүгінгі өздерінің көңіл-күйлеріне байланысты сурет салатынын айту.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Бір адым алға,
Бір адым артқа,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Балаларға сурет салу өз қалауларымен болатынын айту. Өздерінің көңіл-күйлеріне байланысты бояу түстерін таңдап алуларын ұсыну.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар өз беттерінше көңіл-күйлеріне байланысты суретті салады, таза, ұқыпты бояуға кіріседі.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – балалар өздерінің қалаулары бойынша сурет салуға дағдыланады;
Түсінеді: – таза, ұқыпты салуға үйренеді;
Қолданады: – бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастырады, көңіл-күйлерін бере білуге дағдаланады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Анама көктемгі сыйлық»
|
Билингвалдық компоненті:
|
көктем-весна, бәйшешек- подснежник
|
Мақсаты:
|
- балаларды көктем көрінісінің суретін сала білуге үйрету;
көктемгі табиғат ерекшелігіне сәйкес бояу түстерін таңдай білуге баулу;
өз ой-қиялымен композиция құра білу, шығармашылықпен өздігінен дербес әрекет ете білуге баулу;
жыл мезгілдеріне, табиғатқа сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын құты.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларман жыл мезгілдері туралы әңгімелеу. Жыл мезгіліне байланысты сұрақтар қою:
Тәрбиеші: – Бір жылда неше мезгіл болады?
Балалар: – Бір жылда 4 мезгіл бар.
Тәрбиеші. – Атап шығыңдар.
Балалар: – қыс, көктем, жаз, күз.
Тәрбиеші: – Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші: – Көктем.
Тәрбиеші: Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: – Күн жылыды, гүлдер шығады, құстар ұшып келеді т.б.
Көктемге байланысты өлең оқу:
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
Көктемгі табиғатты бейнелеуде қандай түстерді қолдануға болатынын сұрау.
Балаларға бүгінгі сурет салу өз қалауларымен болатынын айту. Өздерінің көңіл-күйлеріне байланысты бояу түстерін таңдап алуларын ұсыну.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар өз еріктерімен сурет салады, таза, ұқыпты бояуға кіріседі.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – композиция құрастыруға дағдыланады;
Түсінеді: – шығармашылықпен дербес жұмыс істеуге үйренеді;
Қолданады: – композиция құрастыру біледі, көктемгі табиғат ерекшелігіне сәйкес бояу түстерін таңдайды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Ұшатын құс»
|
Билингвалдық компоненті:
|
құс-птица, қарлығаш-ласточка, ұзақ-қараторғай
|
Мақсаты:
|
қылқаламмен батыл, жылдам қозғалыстар жасай білу дағдыларын бекіту;
табиғатты сүйе білуге баулу.
|
Қажетті
заттар:
|
құстардың суреттері, ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын құты.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға көктем мезгілі жайлы әңгімелеу. Алыс аймақтардан құстардың ұшып келетін естеріне түсіру. Пайдасы жайлы сұрау. Балаларға жұмбақ жасыру:
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
(Қарлығаш)
Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы біздей.
(Тырна)
Жұмбақтарды шешіп болған соң, балалрға сұрақтар қою.
Тәрбиеші: – Балалар, құстардың бізге қандай пайдасы?
Балалар: – Ағаштарды қорғайды, құрт-құмырсқаларды жейді.
Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар. Біздер құстарға қамқор болуымыз қажет.
Сергіту сәті (балалар құстардың қимылын жасау)
Құстарды салу техникасымен таныстыру:
Қағаздың ортасына қияр тәрізді бейне салу. Бұл – құстың денесі.
Оның тұмсығы жоғарыда, ал құйрығы төменде, оң және сол жағына қанаттарын саламын.
Содан соң қауырсындарын салу. Қысқа , жеңіл қозғалыспенқұйрыға мен тұмсығын салу.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Қазым, қазым, қаңқылдақ,
Көлде жүрсің саңқылдап.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәспит берсем жейсің бе?
Жоқ, жоқ кәмпит тәтті болмас ас
Арпа менен бидай шаш.
Балалар үлгі бойынша құстың суретін сала бастайды. Құстардың қанат қауырсындарын салғанда шөп тәрізді қысқа сызықтармен қылқаламды тез, жеңіл жылжыта отырып салады.
Балалар құсты салып, таза, ұқыпты бояуға кіріседі.
Жұмыс барысында қылқаламды дұрыс ұстап, таза, ұқыпты салуларын қадағалау.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады:- бояу түстерінің үйлесімділігін сезіне біледі;
Түсінеді: -табиғатты, құстарды қорғау керектігін түсінеді;
Қолданады:- құсты салып үйренеді, қылқаламмен дұрыс бояуға дағдыланады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Мерекеге арналған хризантема гүлі»
|
Билингвалдық компоненті:
|
гүл-цветок, хризантема- хризантема
|
Мақсаты:
|
қылқаламмен симметрия салуда қарапайым қозғалыстынақты бере білу;
түстерді сезіну және араластыра білу дағдаларын жетілдіру;
көз мөлшерін дамыту, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
|
Қажетті
заттар:
|
хризантема гүлінің суреті, ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын құты.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға гүлдер жайлы айту.
Тәрбиеші: – Балалар гүлдер қандай болады?
Балалар: – Гүлдер әр түрлі болады. Әдемі болады.
Балаларға хризантема гүлін көрсетіп, шөптерден айырмашылылған айту. Хризантеманың өткір тікенектері және жапырақтарының күрделі болатынын айту.
Балаларға хризантема гүлінің салу техникасымен таныстыру:
Жоғары жақ шетінен қағазға нүкте қоямыз – ол гүлдің ортасы.
Ақ пен қызыл бояуды қосып, күлгін түс шығару.
Содан соң жапырағы мен сабағын салу.
Балалар сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар үлгі бойынша гүлді салады. Түстерді қосып, күлгін түс шығарады. Қосымша өздері тағы бір хризантема гүлін салады.
Балаларға тағы бір гүлдің суретін салуды тапсыру.Таза, ұқыпты бояуларын қадағалау.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – бояу түстерінің үйлесімділігін сезіне біледі, жаңа түс шығарып үйренеді;
Достарыңызбен бөлісу: |