Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы
Сабақты кіріспе әңгімеден бастау. Балаларға сұрақтар қою:
Тәрбиеші: - Балалар қандай жануарларды білесіңдер?
Балалар: - Сиыр, жылқы, т.б.
Тәрбиеші: - Жануарлар үй және жабайы жануарлар болып бөлінеді. Мынау қандай жануар?
Балалар: - Есек.
Тәрбиеші: - Есекті көргендерің бар ма?
Балалар: - Иә, жоқ.
Сурет бойынша есекті суреттеу.
Балаларға сабақта есектің суретін салатынымызды айту.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Шеңбер жасап алайық.
Бір отырып, бір тұрып
Қолымызды жаяйық.
Балаларға есекті салу барысында салу тәртібін айту :
Алдымен қарындашпен «қиярдың» суретін саламыз. Ол есектің денесі болады. Оның жоғарғы бөлігінен – басын, төменгі бөлігінен – аяқтарын саламыз.
Екі сызық жүргізу арқылы мойнын және кішкене «қияр» сияқты сызып, басын саламыз.
Әрбір аяғын салу үшін екі сызық жүргіземіз.
Аяқтарды сызыпсалып болған соң, оны әдемілеп толықтырып саламыз.
Аяқтарын салып болған соң, оның тұяғын саламыз, олсәл алға қарай шығыңқырап тұрады.
Одан соң көзін құйрығы мен құлағын саламыз.
Есектің түсі сұр мен қоңыр болады.
Есектің үстін тегістеп бояудың қажеті жоқ, кейбір жерлеріне ақ дақтар қалдыруға болады.
Қара түспен көздерін саламыз.
Балалар салу тәсіліне мұқият қарап отырады.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар салу технологиясы бойынша есектің суретін салады.
Жұмыс барысында балалрдың қағазға дұрыс орналастыруларын қадағалау.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған жұмыстарын талдау. Таза, әдемі салған суреттерді мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – есектің суретін салып үйренеді;
Түсінеді: – суретті таза, ұқыпты жұмыс істей білуге жаттығу;
Қолданады: – есектің суретін салып, бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Өрнектелген кілемше
|
Мақсаты:
|
тұрмыстық тұтынатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеу;
қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен таныстыру;
көз мөлшерін, ырғақты сезінуін дамыту;
қазақ халқының шығармашылық туындыла-рына деген сүйіспеншілігін арттыру.
|
Билингвалдық компоненті:
|
ою-өрнек-орнамент
|
Қажетті заттар:
|
қазақтың сәндік қолданбалы өнер бұйымдары, бояу, қылқалам, үлгі-суреттер (ою-өрнектер), су, сүлгі.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларын көрсету, «өрнек» туралы ұғыммен таныстыру.Өрнек латын тілінен аударғанда «әшекейле», «өрнекте» деген сөздің мағынасын білдіретінін айту. Өрнек ғимараттарда, тұрмыстық заттардан т.б. заттардан кездестіруге болады.
Тәрбиеші: - Ою-өрнектер қалай орналасқан?
Балалар: - Ретпен. Бірдей.
Ою-өрнектер арнайы бір ретпен орналасатынын, өзіндік заңдылықтары сақталып, симметриялық ырғақпен өрнектелетінін түсіндіру.Өрнектер белгілі бір заттарды көркем безендіру үшін қолданылады.
Тұрмыстық заттардың аттарын атайды. Сандық, кілемше, торсық т.б.
Сергіту сәті.
Көтеріп шаңырақ,
Керегелер керіліп
Өрімдей болып өріліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Үлгі ретінде өрнек құрастырып көрсету. Оларды бояу.
Балалармен өз еріктерімен геометриялық фигуралардан өрнектер құрастыруды ұсыну.
Балалар өрнектерді салу тәсіліне мұқият қарап отырады.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар үлгі бойынша өрнектер құрастырады.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған жұмыстарын талдау. Таза, әдемі құрастырылған өрнектерді мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: - қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен танысады;
Түсінеді: - көз мөлшерін, ырғақты сезінуін дамыту;
Қолданады:- тұрмыстық тұтынатын бұйымдарды пішініне қарай әшекейлейді.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Қазақстан жануарлары. Түлкі.
|
Мақсаты:
|
қазақстандағы жануарлар әлемінің бір түрі түлкімен таныстыру және оның суретін салуды үйрету;
сурет салуда шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз өлкесінің жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
|
Билингвалдық компоненті:
|
түлкі-лиса
|
Қажетті заттар:
|
түлкінің суреті, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға жұмбақ жасыру:
Өзі айлакер қу,
Жүрген жері у-да шу.
(Түлкі)
Жұмбақтың шешуін тапқан соң, балалардан қу түлкі жайында қандай ертегілер білетінін сұрау.
Тәрбиеші: - Ертегілерде түлкі қандай болып кездеседі?
Балалар: - Қу, айлакер.
Түлкінің суретіне қарап, оның дене бөліктерін талдау.
Тәрбиеші: - Оның денесінің пішіне неге ұқсайды?
Балалар: -Жапыраққа.
Тәрбиеші: - Оның түсі қандай?
Балалар: - Қызғылт сары.
Түлкінің сыртқы пішініне қарап тұмсығы сүйір, көзі қысық, айлакер, қу екендігін бірден білінетінін айту.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Түлкінің суретін салуда негізгі элемент «жапырақтар» болып келетінін ескерту. Үлкен-кіші жапырақтардың суретін салу арқылы түлкіні бейнелеуге болатынын және оны оны орналыстыру ретімен таныстырып,сурет салудың жолдарын көрсету.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Саусақтар-ау 2 р.
Сендер қайда бардыңдар?
Орманға бардық
Орманда нені көрдіңдер?
Аю, қасқыр, қоянды
Түлкі менен тиінды
Бәріне сыйлық бердік,
Бәрі де алғыс айтты.
Балалар түлкінің ерекшелігіне қарай қағаздарына салады. Содан соң бояйды.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған жұмыстарын талдау. Кімнің суретінде түлкі өте қу, айлакер болып бейнеленгенін атап өту.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: -түлкінің суретін салып үйрену;
Түсінеді: - шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Қолданады:- қазақстан жануары түлкінің суретін «жапырақ» әдісімен салады, бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Ұзын мұртша.
|
Мақсаты:
|
балаларға мысықтың баласының суретін салуды үйрету;
сулау тәсілімен сурет салуға жаттықтыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
үй жануарларына қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
|
Билингвалдық компоненті:
|
мысық-кошка, мырғау-котенок.
|
Қажетті заттар:
|
ақ қағаз, мысықтың суреттері, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: балаларға Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқу:
Мен- Мияу мысықпан,
Өзім сондай пысықпын.
Қастық ойлар дұшпанға-
Арамтамақ тышқанға
Жолбарысша атылам,
Тісті аямай батырам.
Балалармен өлеңнің мазмұнын талдау. Мысық туралы ертегілерді еске түсіру. Мысықтың баласының суреттерін көрсетіп әңгімелеу.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Мысық туралы ертегіні естеріне түсіреді.(«Мақта қыз бен мысық»).
Мысықтың қандай болатынын сипаттап әңгімелейді.
Тәрбиеші: - Мысық қандай болады?
Балалар: - Сүйкімді.
Тәрбиеші: -Ал, бүгінгі сабақта салатынымыз өте момақан, тісін ешкімге батырмайтын кішкене ғана мысықтың баласы. Оның жүні өте үлпілдек. Осындай мысықты салу үшін өте оңай тәсілді қолданамыз. Қағазды сулап аламыз,- деп жұмысты бастау.
Сурет салудың ретін, алдымен денесі, содан кейін аяқтары, құйрығы ең соңында басын салу керектігі ұсынылады.
Балаларға салу ретін көрсете отырып, салу.
Балалар сурет салу ретіне қарап отырады. Содан соң саусақ жаттығуын жасайды:
Пеш үстінде мысық отыр,
Алдап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп
Алдап көзін қысып отыр.
Балалар үлгі бойынша кішкене мысықты салады.
Балалар қылқаламды дұрыс ұстап, сүйкей жағу тәсілдерін қолданады.
Балалар жұмыстарына басшылық жасап, кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған жұмыстарын талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – мысықтың баласының суретін салып үйрену;
Түсінеді: – сулау тәсілімен сурет салуға жаттығады, іскерлік дағды-лары қалыптасады;
Қолданады: – кішкене мысықты салады, сулау тәсілімен жұмыс жасауды пысықтайды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Бұлттар.
|
Мақсаты:
|
балалардың байқағыштығын дамыту, сулау тәсілімен жұмыс жасау дағдыларын бекіту;
әр түрлі пішіндер мен түстердің алуан түрлі реңктерін сезіне білуге тәрбиелеу;
көркемдік талғамын қалыптастыру.
|
Билингвалдық компоненті:
|
бұлт-облако
|
Қажетті
заттар:
|
бұлттың үлгі суреттер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: – балалар, сендерге жұмбақтар жасырамын, мұқият тыңдап отырыңдар
Қанатсыз құс шауып барады,
Көзінен жас тамып барады.
(Бұлт)
Желкенсіз жүзеді,
Қанатсыз ұшады. (Бұлт)
Бұлттың да пайдасы бар екенін, жаңбыр болып жауатынын, табиғат құбылыстарының ерекшелігімен байланыстыра әңгімелеп, олардың байқағыштығын дамыту
Балалар жұмбақтың мұқият тыңдап, шешуін табады.
Балалар бұлттардың қандай болатынын, жыл мезгілдеріне байланысты олардың түстерінің әр түрлі болатынын айтады.
Үлгі суреттерді көрсете отырып бұлттарды сипаттау. Бұлттың суретін салуда қою түстерді көп қолданбау керектігін ескерту.
Балаларға аспанның суретін салудың жолдарын түсіндіріп, көрсету. Жоғары бөлігі ашық түспен, төменгі бөлігі одан да ашық түспенбоялатыны ескерту. Ол үшін қағаздың жоғары жақ бөлігіне көк түспен екі сызық жүргізіп, оған көгілдір бояуды сумен қосып араластырып, 2-3 рет бір-біріне жақын етіп бояу. Қылқаламды суға батырып алып, жуып шығады.
-Бұлттарды қағаздың жоғары жағына саламыз. Төменгі бөлігіне бұлттардың көлеңкесін түсіруге болады, оны ақ түспен салып, сұр түспен реңктерін бейнелейміз. Бұл түстерді бояутақтаға ақ бояуға көгілдір түсті және аз ғана қызыл түсті араластыру арқылы алуға болатытын көрсету.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар үлгі бойынша аспанның, бұлттардың суретін салады. Реңктерін дұрыс таңдайды.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған жұмыстарын талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – аспанның және бұлттардың салу технологиясын меңгереді;
Түсінеді: – әр түрлі пішіндер мен түстердің реңктердің сезіне білуге тәрбиелеу;
Қолданады: – бұлттардың суретін салады, сулау тәсілімен жұмыс жасауды пысықтайды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Күзгі гүл шоғы.
|
Мақсаты:
|
балаларды жұмсақ бор қарындаштармен сурет салу тәсілдерімен таныстыру;
акварель бояуы мен борды араластырап пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
бояу түстерін таңдай білу сезімдерін, көркемдік талғамын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Билингвалдық компоненті:
|
жапырақ-лист, гүл шоғы- букет.
|
Қажетті заттар:
|
ақ қағаз, жұмсақ борлар, бояу, қылқалам, палитра, су, сүлгі.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Күз.
Балаларға әр түрлі күзгі жапырақтарды көрсету.
Балаларға күзгі жапырақтардың суретін салатынымызды айту. Әр түрлі және бірнеше жапырақтардың шоғын салуға болатынын ескерту. Балаларды түрлі-түсті жұмсақ борлармен таныстыру. Олардың жұмсақ және онымен сызса өте жалпақ із қалдыратынын айту.
Балалар жапырақтардың пішіндері, түстері туралы айтады. Түрлі-түсті борларды ұстап, қарап шығады.
Ақ қағазға күзгі жапырақтардың суретін салып көрсету. Оларды борлармен бояу. Содан соң, акварель бояуын алып, қою түстерді таңдап алып, жапырақтардың айналасын тегіс бояймыз. (қағаз бетінде ашық жерлер қалмауы керек.) Қызыл немесе көк, қара түспен бояуға болады. Қою түсті фонда жапырақтар шоғы әдемі көрінеді.
Балалар салу әдісіне мұқият қарап отырады.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар үлгі бойынша қағаздарына жапырақтардың суретін салады. Оларды бояйды.
Жұмыс барысында түстердің үйлесімділігіне назар аударылады. Кейбір балаларға жеке нұсқау беріледі.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған жұмыстарын талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.
Жаңартады: – жұмсақ бор қарындаштармен сурет салу тәсілдерімен танысады;
Түсінеді: – бояу түстерін таңдай білу сезімдері, көркемдік талғамы дамиды;
Қолданады: – акварель бояуы мен борды араластырып пайдалану арқылы жапырақтың суретін салады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Әдемі балықтар»
|
Мақсаты:
|
сәндік сурет салудың тәсілдерін қолданып, сызықтар, түстер, дақтардың көмегімен балықтардың ерекше ертегідегі бейнесін беруді үйрету;
Еңбек нәтижесіне жетуде баланың шығармашылық қабілетін, ой-қиялын дамыту.
|
Билингвалдық компоненті:
|
балық-рыбка, ертегі-сказка, алтын балық- золотая рыбка
|
Қажетті заттар:
|
ақ қағаз, жіңішке қылқалам, акварель бояуы, су құятын құты, орамал.
|
Достарыңызбен бөлісу: |