Сабақ Ортақ тақырып: Бөлімше Өзім туралы



бет4/81
Дата03.10.2022
өлшемі475,27 Kb.
#151457
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Қмж

Ортақ тақырып:
Бөлімше

Өзім туралы.
1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің күн тәртібім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары

1.1.2.4 – күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • күн тәртібі не екенін түсіндіретін болады;

  • күн тәртібін қалай сақтау керек екендігін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіре алады;

  • бір күн тәртібін мысал ретінде құрастырады.

Кейбір оқушылар:

  • күн тәртібін сақтауды талқылай алады;

  • күн тәртібін сақтаудың денсаулыққа оң әсері бар екендігін дәлелдейді.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, өлең оқиды.
Кітап, дәптер қолыңда, Парақтаған бір сәті Өсу-өрлеу жолында
Шәкірт үшін – бір саты!

Сәлемдеседі.




Https://syzranfok.ru/raz noe/zagadki-pro- rezhim-dnya/




Ақиқат сөзге сеніңіз: Кешікпесек сабаққа, Қарыздармыз көбіміз Үйдегі қоңырау сағатқа!
Әйтпесе ұйықтап жатар ек, Ұятқа әбден батар-ек.










Мұғалім балаларға сұрақ қояды:
– Адам сағатты не үшін ойлап тапқан?


Мұғалім: – Тәуліктің төрт мезгілін ретімен атаңдар.

Сұраққа жауап береді.
ФТ. Балалардың
жауабы: Кешікпеу үшін.
Әрбір істі уақытында істеу үшін. Уақытты текке өткізбеу үшін. Балалар: Таңертең.
Күндіз. Кешке. Түнде.

Қабырға сағаттың суреті.

Суреттер: таңертеңгі, күндізгі, кешкі, түнгі.



Ортасы

Мұғалім өлең оқиды:
Таң атты сағат шырылдап,
Шақырды уақыт зырылдап.
Шеберханаға анамды, зауытқа менің әкемді.
(К. Ладонщиков)

Өлеңді тыңдайды. Сұраққа жауап береді.










Мұғалім талқылауды ұйымдастырады:










ФТ. – Келіңдер, «Таң неден басталады?» деген сұрақты
қарастырайық. Неге таң жақсы көңіл күймен басталуы керек?

Мұғалім сергіту сәтіне шақырады. Мұғалім: – Менімен бірге жаттығу жасауды ұсынамын:


Төсегіме күн түсті,
Бір, екі, үш, төрт, бес. Біз жаттығу жасаймыз, Отырып-тұру сөз емес. Қолды кеңінен жаямыз, Бір, екі, үш, төрт, бес. Еңкейеміз – үш, төрт,
Аяқтың басымен және өкшемен Бір орында секіру.
Жасаймыз солай жаттығу.


Мұғалім: – Біз жақсы сергіп қалдық, жарайсыңдар. Ары қарай тағы не
істейміз? (Балалардың жауабы)


Мұғалім: – Дұрыс, барып жуынамыз және су емшараларын қабылдаймыз. Су пайдалы адамға,
Шынығамын күнде мен. Тоңбайды аяз-боранда, Салқын суға үйренген.


Мұғалім: – Балалар, айтыңдаршы жуынғаннан кейін не істейміз? (Балалардың жауабы)

Мұғаліммен бірге жаттығу жасайды.

Жуынамыз және су емшараларын


қабылдаймыз.

Төсегімізді жинап, таңғы ас ішеміз, одан соң мектеп формасын киіп, мектепке барамыз.



Тапсырма. Критерий
А.1. Күні бойы не істегенін ретімен белгілейді.
Дескриптор
1. Таңертеңнен бері жасаған әрекеттерін қанатшамен дұрыс белгілейді.


Тапсырма. Критерий А.2. Уақыт пен істейтін істерін бағыттауышпен
көрсетеді.

Сюжеттік сурет. Балалар жаттығу жасайды.

Сюжеттік сурет. Балалар жуынып жатыр.


Сюжеттік сурет. Балалар төсектерін жинап жатыр.









Қоңырау үні сыңғырлап Басталды міне, сабақ.


Мұғалім:
– Мен көрсетем, сендер қайталаңдар! Мұғалім сұраса тұру керек,
Отыр десе – отыру керек.
Жауап берсең – қатты дауыстамай, Одан да қолыңды көтеру керек!


Мұғалім: – Күн басталды, ал біз
күндіз не істейміз? Бұл сұраққа жауап беру үшін шеңбер бойымен тұрамыз. Менің қолымда доп бар. Оны мен шеңбер бойымен ұсынамын. Допты алған адам менің әңгімемді
жалғастырады. Сонымен мен
бастаймын: Мектепте сабақ бітті, үйге қайттық, үйде бізді дәмді түскі ас күтеді. Допты ары қарай беремін (оқушы жалғастырады).
Кеш болды. Ал сендер кешке не істейсіңдер?
Мен іс-әрекеттеріңді ыммен, сөйлемей, тек қимылмен көрсетуді ұсынамын, мысалы ... (мұғалім бір қимылды көрсетеді, ал балалар оны табады).
Балалар қимылмен көрсетеді, мұғалім табады.

Қайталайды.


Бұл сұраққа жауап беру үшін шеңбер бойымен тұрады. Допты алған
адам мұғалімнің әңгімесін жалғастырады.

Түскі астан кейін біз демаламыз (ұйықтай-


мыз) – допты ары қарай береді, келесі оқушы
жалғастырады:
– Тынығып алған соң біз серуенге шығамыз, ойнаймыз, допты әңгімені жалғастыратын келесі ойыншыға береді.
Кешке таза ауада серуендеуге; пайдалы іспен шұғылдануға; телекөрсетілімдер
қарауға; тыныш ойнауға болады. Одан соң ұйқыға дайындалу керек және ұйқы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет