бет 3/18 Дата 13.12.2019 өлшемі 0,59 Mb. #53595
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]
Мектеп:
Мұғ а лімнің а ты - жөні:
Сынып:
Пән: Дүниетану №5 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Күні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып:
Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?
Оқыту мақсаттары
өз шығыстарын жоспарлау және негіздеу;
өз шығыстарын оңтайландыру жолдарын ұсыну.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)
Барлық оқушылар:
кірістің және шығыстың не екенін біледі;
адамның дамуына еңбектің қалай әсер ететінін біледі;
өз шығыстарын жоспарлай біледі
Көптеген оқушылар:
шығыстарды оңтайландырудың маңызын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
өз шығыстарын оңтайландырудың жолдарын ұсынады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
- жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Шығыстар, жоспарлау, оңтайландыру
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Отбасының кірістері, еңбекақы , негізгі отбасылық шығыстар, күнделікті жұмсалатын ақша.
Шығыстарды оңтайландыру дегеніміз – неғұрлым аз ақша жұмсайтындай етіп, шығысқа кететін ақшаны дұрыс жоспарлау. Өз шығыстарыңды алдын ала жоспарлаған жөн.
Талқыланатын мәселелер:
Отбасындағы ақша қайдан келеді? Ақша не үшін керек?
Отбасы ақшаны не нәрселерге жұмсайды? Шығыстарды оңтайландыру деген нені білдіреді? Шығыстарды қалай жоспарлау керек?
Алдыңғы
білімдер
Отбасының бюджеті қандай кірістерден құралатыны жайлы, ақша қандай қажеттіліктерге жұмсалатыны жайлы білімдері
(2-сынып материалынан). Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ой қозғау 5 мин.
Уәждеме. Стартер .
Қоңырау соғылды, сабағымызды бастаймыз. Құлағымыз түрулі, көзіміз ашық болсын.
Тыңдаймыз, есте сақтаймыз, бір минутты да жоғалтпаймыз.
1. Сабақтың тақырыбын анықтау.
– Мультфильмді көріңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болатынын анықтаңдар.
https :// www . youtube . com / watch ? v = vaGnAN _ DJXU YouTube желісінен мультфильм көруге арналған сілтеме
Жаңа сабақ
1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
35 мин
2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі
– Ақша дегеніміз не? Ақшаның қандай түрлері болады? Ақша не үшін керек? Отбасына ақша қайдан келеді?
Отбасы қандай қажеттіліктерге ақша жұмсайды? Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріңдер.
3. (Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың, тыңдаудың, жазудың, сөйлеудің коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Мәтінді оқып шығыңдар. Иллюстрацияларды қараңдар. Тұрақты отбасылық шығыстар жайлы айтып беріңдер.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Негізгі отбасылық шығыстар қандай?
Күнделікті жұмсалатын ақша деген не? Олар не үшін керек?
«Шығыстарды оңтайландыру» деген нені білдіреді?
«Шығыстарды жоспарлау» деген не?
Шығыстарды не үшін жоспарлау керек?
Әр жауапқа өмірден мысалдар келтіріңдер.
Кластер немесе кесте құрастырыңдар. Жұмыстарыңды сыныпқа көрсетіңдер. Бағалау критерийлері
Бағалау критерийлері Дескрипторлар
Кластер немесе кесте 1. Оқулықтағы материалды оқып құрастырады шығады.
Барлық сұрақтарға жауап береді.
Өмірден мысалдар келтіреді.
Сергіту сәті Көтереміз қолымызды Созыламыз жоғары. Бір, екі, үш
Денеңді солға бұр.
Қағаз, маркер
Оқулық
Қағаз, маркерлер , тұрақты отбасылық шығыстар бейнеленген суреттер, желім, қайшы
Қолыңмен көмектесіп Беліңді шынықтыр.
5. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Тапсырмаларды орындау Өздік жұмыс
Бағалау критерийлері Дескрипторлар
«Кіріс» және «шығыс» деген 1. Дәптерге «кіріс» терминінің дұрыс терминдерге анықтама береді. анықтамасын жазады.
2. Дәптерге «шығыс» терминінің дұрыс анықтамасын жазады.
«Кірістер және шығыстар» 1. Отбасының кірісіне қатысты кем деген кестені толтырады. дегенде үш мысал келтіреді.
2. Отбасының шығысына қатысты кем дегенді үш мысал келтіреді.
Кірістерді, шығыстарды 1. Мәтінді оқиды.
ажырата біледі. 2. Қызыл түспен кірістердің, көк түспен шығыстардың астын сызады
ҚБ: Өзара бағалау (екі оқушы) Талқылау.
6. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды.
– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытындылар шығаруға болады? Шығыстар деген не? Шығыстарды жоспарлау не үшін қажет?
Шығыстарды оңтайландыру деген нені білдіреді? Сенің отбасыңда шығыстарды қалай жоспарлайды? Сенің отбасыңда шығыстарды қалай
оңтайландырады?
Дәптер
Рефлексия 5 мин
Сабақта атқарған жұмысымызды қорытындылаймыз: Мен бүгін … білдім
Маған …қызық болды Маған …қиын болды
Енді мен …аламын
Мен … байқап көремін
Үй тапсырмасы
Ата-аналарыңнан өз шығыстарын қалай жоспарлайтынын, шығындарды
қалай оңтайландыратынын біліп келіңдер.
Мектеп:
Мұғ а лімнің а ты - жөні:
Сынып:
Пән: Дүниетану №6 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Күні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып:
Адам досымен мықты
Оқыту мақсаттары
қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру;
өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)
Барлық оқушылар:
этиканың не екенін біледі;
әдептілік қағидалардың не екенін біледі;
әдептілік қағидаларды сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
Көптеген оқушылар:
адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдейді.
Кейбір оқушылар:
этикалық нормаларды сақтау тұрғысынан жағдайларға талдау жасайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
– жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Достық, этика, әдептілік – адамгершіліктің алтын қағидасы
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Достық дегеніміз – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың , рухани жақындықтың белгісі. Этика – мінез-құлықтың қағидалары мен нормалары. Адамгершіліктің алтын қағидасы: Адамдардың саған қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, сен де
оларға сондай қарым-қатынас жаса.
Талқыланатын мәселелер:
Достық деген не?
Кімдерді дос деп атауға болады? Нағыз достықтың күші неде?
Достардың, балалардың арасында өзімізді лайықты ұстауымызға қандай ережелер көмектеседі?
Алдыңғы
білімдер
Достықтың құндылығы жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ой қозғау 5 мин.
Уәждеме. Стартер .
Күннің жарқырап тұрғаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Достармен бірге жүрген жақсы ма? (адымдайды) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өзін құшақтайды) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Туған жерде жүрген жақсы ма? (қолдарын екі жаққа кереді) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Үйімізде болған жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Айналып би билеген жақсы ма? (айналады) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) Жақсы! (http :// tak - to - ent . net / load /494-1-0-11715 )
1. Сабақтың тақырыбын тұжырымдау.
Іздегенде табылатын қасыңнан
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған (Дос)
– Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты сөз ететін боламыз?
Күн
Жел суреті
Суреттер (достар, ана, туған жер, отбасы т.б.)
Әнді тыңдау
Жаңа сабақ 35 мин
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
(Ұ) Сабақтың тақырыбымен жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі
– Балалар, достар туралы өлеңді тыңдап алайық:
Достарым
Тұрғанымда қысылып Медет берген достарым.
Өз қайғысын ысырып Көмек берген достарым.
Замандастың жеңісін Көре білген достарым;
Қолындағы жемісін Бөле жеген достарым.
Сынға түскен кездерде Сырын бермес достарым.
Қамыққанын өзгеге Біліндірмес достарым.
Тайғақ заман, тар жерде Қолын берген достарым.
Жолдасына мәреде Жолын берген достарым
Жырға сені қосумен Өтсем деймін , досым-ау!
Сыйлас болып досыммен Өмірімде осынау. /Жанбай Өзденбаев/
3. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау.
Топтардың тапсырмаларды орындауы: 1-топ. – Нағыз достық деген не?
2-топ. – Этика және әдептілік қағидалар деген не?
3-топ. – Адамгершіліктің алтын қағидасы дегеніміз не? Жұмыстарды көрсету
Сергіту сәті
Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиi жаттығып, Үлкен кiсi боламыз.
/ Б.Бөрiбаев/
Оқулық, сөздіктер, ғаламтор желісі, қағаз, маркерлер, тақырып бойынша журналдардан алынған
қиындылар, желім, қайшы
(Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Өздік жұмыс. Тапсырманың орындалуын екі-екіден отырып талқылау.
(Т) Өз сыныбыңа арнап достықтың заңдарын құрастыру.
Жұмыстарды көрсету
Бірлесе жасаған және қабылдаған достықтың заңдарын сыныптың көрініп тұратын жеріне ілу.
Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды
– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?
Дәптер Қағаз, маркер
Рефлексия 5 мин
Сабақтағы атқарған жұмысымызға байланысты қорытындылар шығарамыз:
– Достарыңның болғаны неліктен маңызды? Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріп, дәлелдеңдер.
Мен …үйрендім Мен …тырысамын Мен …түсіндім
Үй тапсырмасы
Өз досың жайлы әңгіме құрастыру.
Мектеп:
Мұғ а лімнің а ты - жөні:
Сынып:
Пән: Дүниетану №7 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Күні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып:
Біз – әрқашан біргеміз!
Оқыту мақсаттары
сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну;
түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)
Барлық оқушылар:
ұжымның не екенін біледі;
өзін-өзі басқарудың не екенін түсінеді;
сыныптағы өзін-өзі басқарудың ережесін құрастырады.
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
өзін-өзі басқарудың үлгісін ұсынады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
– жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Өзін-өзі басқару, ұжым, ұжымдық шешім, үлгі. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Ұжым – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Өзін-өзі басқару – өз істерін басқарудағы дербестік.
Талқыланатын мәселелер:
Ұжым деген не?
Сыныпты ұжым деп атауға бола ма? Ал отбасын ше? Сынып ұжымын кім басқарады?
Достарыңызбен бөлісу: