|
Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тиым салынған күн.
Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Құрбан айтты мерекелеу намаз оқудан басталады. Намаздан кейін қойды немесе қошқарды құрбандыққа шалады. Малдың етін үшке бөліп, бір бөлігін кедей-кепшіктерге береді, бір бөлігін өздеріне қалдырады және бір бөлігін айттап келген қонақтарға дайындап береді. Бұл қасиетті күні адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, тілектерін білдіреді.
ҚБ «Күтпеген ақпарат» стратегиясы.
Сабақта өтілген материалдың ішінен сіздің болжамдарыңыз бен ұғымыңызға сай келмейтін, күтпеген ақпаратыңызды таңдаңыз.
Мұғалім:
Әр халықтың өзінің бай мәдениеті бар. Ұрпақтан ұрпаққа аңыздар, ертегілер, дәстүрлер беріліп отырады. Әр халықтың өзінің ертегілері, өзінің сәбиге айтатын бесік жыры болады. Бірақ барлық халықты бақыт, әділеттілік, бейбітшілік, достық туралы армандар біріктіреді. Қазақстан халықтарын, сонымен қатар, мейрамдар біріктіреді.
Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері тұрады? Олар жайлы не білесіңдер?
«Қазақстан халықтары – тату отбасы» сөзін қалай түсінесіңдер?
«Толеранттылық» сөзін естігендерің бар ма? Ол нені білдіреді?
халықтар арасындағы толерантты мінез-құлыққа мысалдар келтіріңдерші. Слайд- презентацияны көру және электронды қосымшадағы тапсырманы орындау.
Тапсырманы орындау.
А. Бос орындарды толтыр
С. Өз елді мекеніңдегі ұлттардың мерекесін сипатта. Фото сурет желімде немесе суретін сал.
|
Оқулық (сөздік)
Электронды қосымша Ватман мен маркерлер
Дәптер
|
Рефлексия
|
Тапсырманы орындау.
Қай мейрамды ерекше жақсы көретініңді және не үшін жақсы көретініңді жаз. Сабақтағы жұмысыңа баға бер.
(ҚБ) «СМС хабарлама» стратегиясы. Досыңа СМС-хабарламамен сабақтың қалай өткенін және сабақта қалай жұмыс істегенің жайлы хабарлама жазып жібер.
|
Дәптер
|
Үй тапсырмасы
|
Тапсырманы орындау. Өзіңнің тұрғылықты жеріңдегі бір халықтың мейрамына сипаттама бер. Үлкендерден алған мәліметтерді, қосымша әдебиеттерді пайдалан. Сол мейрамға
қатысты түсірілген фотосуреттерді жабыстыруға болады.
|
Дәптер
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:
|
Пән: Дүниетану № 34 сабақ
Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар. Бөлімше: Менің отбасым
|
Күні:
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Тақырып:
|
Өз шығыстарыңды қалай жоспарлаған жөн?
|
Оқыту мақсаты
|
өз шығыстарын жоспарлау.
өз шығыстарын оңтайландыру жолдарын ұсыну.
|
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)
|
Барлық оқушылар:
«отбасының бюджеті», отбасының «шығыстары мен кірістері» деген түсініктерді білетін болады;
отбасылық бюджеттен өзіне жұмсалатын шығыстарды дұрыс жоспарлаудың қағидаларын білетін болады.
Көптеген оқушылар:
оқушыларға таныс өмірлік жағдайлардың өзара байланысын сезінеді, рөлдік ойындар арқылы әлеуметтік рөлдердің негізгі құзыреттерін түсінеді.
Кейбір оқушылар:
ата-анасының өзіне берген ақшасын үнемдеп жұмсауды үйренеді;
өзінің жеке шығыстарының «паспортын» құрастыра алатын болады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар отбасылық бюджеттің не екенін, оның қалай жиналатынын, отбасының шаруашылығы қалай жүргізілетінін түсіндіреді; салыстырады, талдау жасайды, қорытындылар шығарады.
Пәндік лексика және терминология:
Отбасылық бюджет, экономика, кіріс – шығыстар.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы
Ақша қай кез, қай жаста бұл бек керек. Бірақ жас адам ол ақшаны
Жылпос жолдастай көреді, Аямайды, неге болса Соған оны жұмсайды.
Қартайған адам ол ақшаны Сенімді достай көреді.
Бейне бір көздің қарашығындай сақтайды
(А.С. Пушкиннің «Сараң сері» драмасынан үзінді. Аударма Ж. Аймауытовтікі)
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Отбасылық бюджет дегеніміз не?
Отбасының кірісі неден тұрады, қалай жиналады?
Экономика не үшін керек?
Хат:
«Мен және менің шығыстарым» тақырыбында эссе жазу.
|
Алдыңғы білімдер
|
Қазақстан халқының мерекелері
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Ой қозғау
|
Мұғалім:– Араларыңда кім дүкенге жиі барады, айтыңдаршы?
|
|
|
– Бір бөлке нан қанша тұрады? 1 кг қант ше? Бір қорап тұз ше? Сабын? Тіс пастасы?
|
|
|
– Барлығың дүкеннен бірдеңе сатып аласыңдар, солай емес пе? Ал сендер ақшаны қайдан аласыңдар, кім береді? (оқушылардың жауабы)
(Ө) Қысқа тестті орындау.
Отбасылық бюджет қалай жиналады?
а) айлықтан, зейнетақыдан, шәкіртақыдан; ә) кірістен және шығыстан;
б) ақшадан.
Отбасының бюджетіне түсетін ақшалар қалай аталады? а) шығыстар;
ә) пайыздар; б) кірістер.
Авторлық сыйақы дегеніміз – ол ... а) айлық;
ә) салық;
б) қаламақы.
Отбасының бюджетінен жұмсалатын ақшалар қалай аталады? а) кірістер;
ә) шығыстар; б) түсімдер
Кіріс ... болса, онда отбасының бюджеті дұрыс жүргізілгені. а) шығыстан көп;
|
Оқулық Тесттер
|
|
ә) шығысқа тең; б) шығыстан кем.
6. Айлық, зейнетақы, шәкіртақы – бұлар ... әртүрлі түрлері. а) кірістің;
ә) шығыстың; б) қаламақының
– Енді білімдеріңді тексеру үшін жауап парақшаларыңмен алмасыңдар. Енді таңдаған жауаптарыңның әріптерін теріп жазыңдар. Қандай сөз шықты? (Бюджет)
|
|
|
– «Отбасылық бюджет» дегеніміз не, кімнің естуі бар?
|
|
Жаңа сабақ
|
|
Оқулық
|
|
Оқулықтағы «Есіңе түсір» сұрақтарына жауап ізде.
Бүгін біз сендермен отбасын «қаржыландырудың» құпиясын ашатын боламыз, «отбасылық
|
|
|
бюджет» дегеніміз не, ол қалай жиналады, отбасылық бюджетті ұқыпты ұстау керек пе және өз шығыстарыңды қалай жоспарлау керек деген сұрақтарға жауап іздейміз. Балалар,
отбасылық бюджетті өзен және көл деп бейнелейік. Кіріс деп аталатын өзен, Бюджет деп
|
Ертегіден үзінді Дәптер
|
|
аталатын көлге келіп құяды, ал бұл көлден Шығыс деп аталатын басқа өзен ағып шығады.
|
|
|
Енді қараңдар, Кіріс деп аталатын өзен Шығыс деп аталатын өзенге тең. Мұндай бюджет
|
|
|
теңдестірілген деп аталады.
|
|
|
Оқулықтағы «Сұрақтар мен тапсырмаларды» орындаймыз.
|
Тақта (слайд)
|
|
– Үнемділік сөзіне синоним табыңдар.
|
|
|
– «Үнемділік – байлық бастауы», «Теңге тиыннан құралады» мақалдарының мағынасын түсіндіріңдер.
|
|
|
«Блиц жарыс»
|
|
|
Әр топ сұрақ алып, оның жауабын сыныптың әр шетіне ілінетін нөмірленген парақтарға өз маркерінің түсімен жазады.
|
А 3 парақтары, түрлі түсті маркерлер
|
|
Мұғалім белгі бергеннен кейін топтар сағат тілінің бағытымен орындарын (сұрақтарын)
|
|
|
ауыстырып, жауапты толықтырады.
Топтың берген барлық жауабын талқылау және барлық топтың пікірін есепке алып, нақты жауапты ұсыну.
Пәтерақыдан қалай үнемдеуге болады? Оның қандай бөлігінен үнемдеуге болады? (Суды үнемдеу! Қандай жолмен? Үйде электр жарығының бостан босқа жанып тұрмауын, судың ағып тұрмауын қадағалап жүру керек. Өз бөлмелеріңнен шығып, онда қосулы тұрған теледидар мен шамды қалдырып кететін жағдайлар өте көп кездеседі. Сендер ас бөлмеде шәй ішіп отырғанда, бөлмелеріңдегі электр босқа жанып тұрады. Шығар алдында оны өшіріп кетсеңдер, ақша үнемдеген болар едіңдер).
Азық-түліктен үнемдеуге бола ма? (Адам күнделікті өзінің тағам мөлшерінен көгөністер мен жемістерді, жармаларды, ет, балық және сүтті шығармауы керек. Ағза өзіне қажетті толыққанда қоректі алуы қажет. Тәттілерден, атап айтсақ, кәмпит, балмұздақ, чупа-чупс, қытырлақ картоп, пішінайдан үнемдеуге болады. Бұл азық-түліктерді жемесек те, біздің ағзамызға зиян келмейді).
Киімнен және аяқкиімнен қалай үнемдеуге болады? (Өзіңде бар киім-кешектерді ұқыпты, кірлетпей, жыртпай ұстау керек. Мысалы, саған ата-анаң күз мезгілінде екі джинс алып берді, сен екеуін де ұқыпты ұстамай, жыртып алдың, енді ата-анаң саған үшінші джинс сатып алып беруге мәжбүр. Осы жағдайда жаңа жемпір (немесе кроссовка) алуды ұзақ уақытқа ұмытуға тура келеді).
Қоғамдық көліктен үнемдеуге бола ма? (Егер сен еріншек болмасаң және жол қозғалысы ережелерін жақсы білсең, онда алыс емес жерге жаяу баруға болады, бір жағынан серуендеп қайтасың).
– Жауаптарыңның барлығы дұрыс, бірақ отбасының бюджеті отбасының шығындарынан артық болуы үшін ... еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деп Абай атамыз бекер айтпаса керек.
(Ө) Берілген тапсырманы орындау.
Ал енді елестетіңдерші, ата-аналарың күнде жұмыс істеп, ай сайын айлық алады. Сосын ол ақшаға бірінші кезекте не алу керектігін, ал нені сосын алу керектігін есептейді.
|
Дәптер
Дәптер
Оқулық
Дәптер
|
|
(Т) Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасаймыз» тапсырмасы
Біз сендермен отбасылық бюджет деген ойынды ойнадық. Сендер ата-аналарыңнан бір нәрсе сатып алып беруді сұрадыңдар, ал ата-аналарың сендерге «Оған қазір ақша жоқ» деп жауап берді. Ол жауапқа ренжудің қажеті жоқ. Бұл дегеніміз әкеңде немесе анаңда ақша жоқ деген сөз емес. Ақша бар, бірақ бірінші кезекте аса қажетті нәрселерді сатып алу керек. Ата- аналарың бір айдың ішінде қай сома қайда кететінін есептеп қойған. Егер сендердің
өтініштерің орындалатын болса, онда азық-түліктің кейбір түрлерін немесе тағы басқа керекті заттарды сатып алуды кейінге қалдыруға тура келеді. Мүмкін ата-аналарыңа ақшаны қарызға алуға тура келетін шығар. Өтініштің орындалмағанына ренжіместен бұрын ата-аналарыңмен сөйлесіп, отбасылық бюджетті есептеп алыңдар.
(Ж) «Санап үйрен» тапсырмасын орындау.
Отбасылық бюджетті жоспарлай білу маңызды ма?
«Фразеологизмдер» динамикалық үзілісі.
Алтынмен пара-пар, бағасы ұшып тұр, су тегін, қалта көтермейді, құны көк тиын, бағасы удай, бағасы орынды, қол жетімсіз.
(Қымбат деген мағынаны білдірсе – жоғары секіреміз, арзан деген мағынаны білдірсе – отырып секіреміз).
(Ө) Оқулықтағы «Ертегілер елінде қонақта» тапсырмасын орындау
Ал енді «Мен өз шығыстарымды жоспарлауды үйренемін» жобасын жасап көріңдер.
(Т) Оқулықтағы талқылауға құрылған «Өз шығыстарыңды отбасылық кеңесте талқыла» айдарындағы тапсырманың мәтінін оқу және тапсырманы орындау.
|
Дәптер, оқулық
|
Рефлексия
|
Рөлдік ойын.
Мұғалім оқушылардың бірін ойын ойнауға шақырады. Бұл ойында оқушы ата-ана болады да, ал мұғалім бала болады.
Ойынның сюжеті: бала анасынан немесе әкесінен жаңа шыққан, соңғы үлгідегі, қымбат ұялы телефонды сатып алып беруді сұрайды. Ата-ана баланың бұл өтінішін қабылдамауы керек
және не үшін қабылдамағанын дәлелдеп беруі қажет.
|
Дәптер
|
Үй тапсырмасы
|
Топта құрастырған өз бюджетіңді отбасыңмен бірге отырып талқыла және «Мен және менің шығыстарым» тақырыбында эссе жаз.
Кейде туған күн иесіне қонақтар сыйлықты ақшалай беріп жатады. Ол кіріске жата ма?
Туған күндеріңде сендер сыйлыққа көп сомада ақша алдыңдар делік. Ол ақшаны қалай жарататын едіңдер?
|
Оқулық, дәптер
|
Достарыңызбен бөлісу: |