«Хан және оның міндеттері» кластерін құрыңдар. Хандар немен айналысты, айтыңдаршы. Ханның қай маңызды міндетін бірінші орынға қояр едіңдер? Неліктен?
Оқушылардың жауаптары.
Мұғалім: Қазақтың мықты хандары өздерінің қолбасшылық, дипломатиялық,
ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекше көзге түскен. Осы үшін оларға құрмет көрсетеміз! Бүгін біз қазақ тарихында өшпес із қалдырған хандармен танысатын боламыз.
(Ұ, Ж) Сабағымыздың мақсаттарын анықтап көрейік:
қазақ хандары немен айналысқандарынбілеміз;
оларға не үшін құрмет көрсету керек екеніміздібілеміз;
хандарға арнап шумақ құрастыруды, олардың бейнесін суреттеудіүйренеміз.
Оқулық
Жаңа сабақ
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
Оқушылар Қасым, Жәңгір, Тәуке хандар туралы мәтінді оқиды, тапсырмаларды орындайды.
Мұғалімге арналған қосымша ақпарат
Қасым хан – Жәнібектің ұлы. Ол қолбасшылық қасиетке ие болған. Шайқаста ержүректілігімен көзге түскен, халықты өз артынан ерте білген хан.
Қасымның тұсында (1511-1518 жж.) Қазақ хандығының халық саны миллионнан асты. Қазақтар Батыс Еуропаға таныла бастады. Мәскеу Русімен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Қасымның тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» деген заңдар жинағы шықты.
Өкінішке орай, бұл заңдар қағаз бетіне түспеген, сол себептен, олар бізге жетпеді.
Жәңгір хан – қолбасшылық қабілетімен есте қалған хан (1628-1652 жж.). 1643 жылы 50 мың
Оқулық
Оқулық
жоңғар қазақ жеріне шабуыл жасады. Жәңгір хан жоңғарлардың жолын кесу үшін 600 сарбазбен қарсы аттанып, көмекке келген Жалаңтөс батырдың әскерлерінің көмегімен өзінен күші басым жауды ойсырата жеңеді. Ұрыс орны ретінде Орбұлақ тау шатқалын таңдайды.
Жәңгір хан жасақты екіге бөледі. Жасақтың бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырады. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасап, білтелі мылтықпен қаруланады. Ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырады.
Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасай бастайды. Сайға орналасқан қазақ қолы жоңғарларға оқ ата бастайды. Көп адамынан айырылып қалған жоңғарлар алаңның тарлығынан қазақ жасағын қоршап ала алмайды. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр
Қонтайшыға қатты соққы беріледі. Осы кезде Жәңгір хан жауға сырт жағынан шабуылдайды. Жау әскерінің 10000-ға жуығы қырылады. Жәңгір хан басқарған қазақ жасағы жеңіске жетеді.
Тәуке ханның басқарған тұсын (1680-1718 жж.) қазақ тарихының «алтын ғасыры» деп
атайды. Бұл кезеңде дау-дамайлар, өзара қырқысулар азайды, шаруашылықтар дамыды, сауда- саттық гүлдене түсті.
Тәуке ханның тұсында шығыстан жоңғарлар жиі шабуылдап, қазақтарды қоныстарынан
ығыстыра берді. Осы жағдайлар сұлтандар арасындағы жайылым жерлер үшін күреске алып келді. Осындай мәселелерді алдын алу үшін Тәуке хан заңдар жинағын құрастыруға бекінеді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен,
батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәукеханның Жеті Жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жинағынқабылдады.
Орыс тарихшысы А. Левшин Тәуке хан жайлы былай деп жазды: «Ол бірнеше жылдарға созылған қантөгіс соғыстарды, өзара қырқысуларды тоқтатты, өзінің ақылымен және
әділеттілігімен басқаларды бағындыра білді, мықтыларды тыныштандырып, әлсіздерді біріктіру арқылы күштілерге қарсы тұра алатындай жағдайға жеткізді».
Слайд-презентацияны көру және электронды қосымшадан тапсырма орындау.
(Т) Оқушылар «Қасым хан», «Жәңгір хан», «Тәуке хан» деген топтарға бөлінеді. Топтарға тапсырма
1. Қасым ханның (Жәңгірдің, Тәукенің) билеген кезеңіне сурет түрінде рәміздер ойлап табу.
(ҚБ) «Квадрат» стратегиясы. Жаңа материалды қалай меңгергендігін тексеретін жаттығу. Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Жинақтап қорыту» және «Бағалау» деген сөздері бар төрт терезеден (квадраттан) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіргеннен кейін оқушылардан белгілі бір квадратты таңдаудыұсынады. Яғни, осылай таңдау арқылы әр оқушы тақырып бойынша орындау керек тапсырманың түрін өзіне таңдайды. Квадратты таңдауға байланысты мұғалім мына сұрақтарды қояды:
Қазақ хандығы ары қарай қалай дамиды?(Болжау)
Хандар қандай қызметтер атқарды? (Түсіндіру)
Қазақ хандарына неліктен құрмет көрсетеміз? (Жинақтапқорыту)
Қазақ жерінің аумағын кеңейткен Қасым ханның ісіне бағабер.
Тапсырмаларын орындау.
Рефлексия
Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Кемел келешек туралы армандай отырып, келелі тарихты да естен шығармайық» деген болатын.
Осы сөздерді қалай түсінесіңдер, бір сөйлеммен айтыңдаршы.
Оқушылардың жауаптары.
ҚБ «Көзіңді жұм» стратегиясы.
Балалар! Көздеріңді жұмып, үш сұраққа ойша жауап беріңдер:
Мен бүгінгі сабақтан қандай жаңа ақпараталдым?
Ең қызықты және ең танымды болған ненәрсе?
Мен бүгін кешегі күнге қарағанда қай жағынан ақылдырақ болатүстім?
Сабақта атқарған жұмыстарыңа қарай керекті фигураны таңдап, өздеріңді бағалаңдар.
Дәптер
Үй тапсырмасы
Сөйлемді жалғастырыңдар: «Мен өз ата-бабаларыммен мақтанамын, өйткені ...»
Дәптер
Мектеп:
Мұғалімніңаты-жөні: Сынып:
Пән: Дүниетану №25 сабақ Ортақ тақырып: Атақтытұлғалар
Бөлімше: Көрнекті тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері
Күні:
Қатысқандарсаны: Қатыспағандарсаны:
Тақырып:
Батырлар – Отанымыздың қорғаны. Билер – Ұлы Даланың даналары.
Ежелгі көшпелілер «байлықтан, мал-мүліктен айырылып қалуға болады, бірақ ешқашан туған жеріңнің бір қарыс жерінен айырылуға болмайды» деген шындықты ананың сүтімен
бойларына сіңіріп өсті. Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді жаулардан қорғап келді. Бабалар үмітін ақтап, ұлан ғайыр жерді сақтау, қорғау – барлығымыздың азаматтық борышымыз.
ХVIII ғасырда қазақтар өз жерін қорғау үшін жоңғарлармен соғысты. Осы соғыста қазақ халқынан өзінің ержүректілігімен, мықтылығымен көзге түскен, атағы бүкіл далаға тараған батырлар шықты.
Балалар, «батыр» сөзін естігенде, көз алдарыңа не келеді? Батыр сөзіне ассоциация құрыңдар
Оқушылардың жауаптары.
Оқулықтағы суретке қарап отырып, батырдың қалай қаруланғанын сипаттап беріңдер. Ол неге сауытпен құрсауланып алған, қалай ойлайсыңдар?
(Ұ, Ж) Бүгінгі сабағымыз не жайында болады, қалай ойлайсыңдар?
салыстырып, ортақ нәрселер мен айырмашылықтарды табамыз.
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс істейміз.
Оқушылар батырлар жайындағы мәтінді оқиды, иллюстрацияларды қарап шығады, Бөгенбай, Қабанбай және Наурызбай батырлардың қысқаша өмірбаяндарымен танысады.
Тапсырма: Үш батырдың тағдырынан ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тап.
Оқушылар
Ұқсастықтар:
барлық батырлар жоңғарлармен болған соғыстарғақатысқан;
барлығы қолбасшыболған;
Абылай ханның ту көтерушілеріболған. Айырмашылықтар:
батырлар әртүрлі жасақтардыбасқарған.
1710 жылы Бөгенбай батыр үш жүздің әскерін басқарушы болып сайланған. Қабанбай батыр көптеген шайқастарда қазақ әскерін басқарған.
Наурызбай батыр түменбасы (10 мың әскер) болған.
Бөгенбай 13 жасынан бастап ұрыстарға қатыса бастаған. Көптеген шайқастарға(113) қатысқан.
Қабанбай 54 жекпе-жекте жауды жеңген және «Дарабоз» деген атаққа ие болған.
Тапсырманы орындау:
Батырды таны
«Аңырақай шайқасы» суретін сипаттап бер
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Оқушылар билер туралы мәтінді оқиды (1-азат жол).
Сұрақтарды талқылау:
Кез келген адам би бола ала ма?
Би нені білуі керек және оның қандай қабілеттері болуы керек?
Мұғалімге арналған ақпарат:
Би – дау-жанжалды шешетін, кесімді төрелік айтатын, әділ үкім шығаратын, халық таңдап алған төреші. Шоқан Уәлиханов би туралы былай дейді: «Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, жұрттың
Оқулық
Жаңа сабақ
Дәптер
Оқулық
Оқулық
бәріне мәлім болып отырған». Болашақ билер Хиуаның, Бұхараның, Самарқанның медреселерінде білім алған.
Сонымен:
билерді халықсайлаған;
билер заңдарды білукерек;
билер тілге шешен болукерек.
Оқулықтағы мәтінмен ары қарай жұмыс істейміз. Оқушылар билер туралы мәтінді соңына дейін оқиды. Талқыланатын мәселелер:
Неліктен үш ұлы би тарихта өшпес іс қалдырды?
Оқушылар:
олар «Жеті Жарғы» заңдар жинағынқұрастырды;
жоңғар тарапынан қауіп төнген кезде үш жүздің басынбіріктірді.
Слайд-презентацияны қарау және электронды қосымшадан тапсырма орындау.
Электронды қосымша
Рефлексия
Мұғалім: Тарихтағы хандардың, билер мен батырлардың бейнесі халық жадында мәңгі сақталады. Олар Отанын сүйді, оны жаудан қорғады, ұрпаққа мирас етіп ұлан байтақ жерді қалдырды.
Олар тарих төрінен орын алды. Ұлт болып сақталғанымыз үшін, тәуелсіздік туын тіккеніміз үшін, біз, қазіргі ұрпақ, оларға қарыздармыз. Оларға бас иеміз!
ҚБ «Бір сөзбен қорытындылау» стратегиясы. Біздің тақырыбымызға дәл келіп, жинақтап қорытындылайтын сөзді таңдаңдар.
Тапсырма: Елестет, сен болашаққа саяхат жасап, батырлармен және билермен кездестің. Олардан сыныптастарыңа арналған қандай бата, тілек естігің келеді?
ҚБ «Тілек сөз» стратегиясы.
«Өзіңді өзің жауапқа тарт. Бұл өзгелерді жауапқа тартудан да қиын. Егер өз-өзіңді жауапқа тарта білсең, сен шын мәнінде нағыз ақылдысың».
Антуан де Сент-Экзюпери
Дәптер
Үй тапсырмасы
Жоспар бойынша кез келген батыр туралы әңгіме құрастыр.
Дәптер
Мектеп:
Мұғалімніңаты-жөні: Сынып:
Пән: Дүниетану №26 сабақ Ортақ тақырып: Атақтытұлғалар
Бөлімше: Көрнекті тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері
Күні:
Қатысқандарсаны: Қатыспағандарсаны:
Тақырып:
Азаттық үшін күрескендер
Оқыту мақсаты
3.3.4.2 тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғалардың рөлін
шығармашылық түрде көрсету.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)
Барлық оқушылар:
қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың есімдерін білетінболады;
қазақ халқының азаттық үшін күресуінің себептерінтүсінеді.
Көптеген оқушылар:Қазақстанның Ресейге қосылуының оң және теріс жақтарын көрсетеді.
Кейбір оқушылар: көтеріліс жетекшісінің атынан халықты азаттық үшін күресуге шақыратын үндеу
құрастырады.
Тілдік мақсат
Оқушылар қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық формада көрсете алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Көтеріліс, азаттық.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі. Азаттық үшін күрес.
Талқыланатын мәселелер:
Неліктен Әбілқайыр хан 1730 жылы Петерборға елшілік жіберді?
Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің қандай жағымсыз жақтары болды? Неліктен қазақтар көтеріліске шықты?
Хат:
Кез келген азаттық үшін күрескендердің атымен шумақ құрастыру.
Алдыңғы білімдер
Қазақ хандығы қалай құрылды?
Сабақтыңжоспары
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ой қозғау
Мұғалім: Оқулықтағы иллюстрацияларға назар аударыңдар. Бұл ескерткіштер Орал, Атырау, Астана, Алматы қалаларында орнатылған. Кімнің құрметіне және неліктен орнатылған, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар: Бұлар – батырлар.
Мұғалім: Иә, бұлар – қазақ халқының азаттық үшін күрескен батырлар. Олар халықтың есінде мәңгі сақталады, оларға деген құрмет еш жоғалмайды. Бір ескерткішті болсын таныдыңдар