Мұғалім: Қыпшақтар – қазақ халқының, басқа да түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа. Ұлы дала осы халықтың атымен Дешті қыпшақ (Қыпшақ даласы) депаталды.
Қыпшақ даласын картадан табайық. Ол Алтай тауларынан Дунайға дейін созылып жатыр. Қазіргі таңда осы аумақта көптеген халықтар: қазақтар, татарлар, башқұрттар, құмықтар, балқарлар, қарашайлар және т.б. өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы өздерініңарғы
бабалары ретінде қыпшақтарды санайды.
Қазақтар мен қыпшақтардың иллюстрацияларын қарап шық. Қыпшақтардың киімі мен қазақтардың ұлттық киімі арасында қандай ұқсастықтар бар? Қазақтар мен қыпшақтардың сыртқы түр келбеттерінде ұқсастықтар бар ма?
қыпшақтардың қалай өмір сүргендерін және немен айналысқандарынбілеміз;
қазақтар мен қыпшақтардың тілін, киімін, сыртқы келбетін салыстырудыүйренеміз.
Оқулық
Сурет(оқулық) Оқулық
Жаңа сабақ
Мұғалім: Бүгін екі-екіден жұмыс істей отырып, сендер қыпшақтардың шаруашылығын, тілін, өмір сүру салтын зерттейсіңдер.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды және тапсырмаларды орындайды.
(Ж) Құжатты қарастырамыз. Тарихшы былай деп жазады: «Қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоғары бағаланды. Үндістанда қыпшақ даласынан әкелінген жақсы жылқы үшін 500 алтын динар төленді».
Қыпшақ жылқысы үшін осыншама алтын төленсе, онда оның қандай қасиеттері болғаны? Ойланыңдар.
Оқушылар: Даланың жылқылары ерекше төзімді, көнбіс, жүйрік болған.
(Ж) Құжатты қарастырамыз. Саяхатшылар қыпшақтар жайында былай деп жазады: «Олар тарыны көп пайдаланады. Тары – қыпшақтардың ең басты тағамы».
Тарыдан қандай тамақтар дайындауға болады, еске түсіріңдерші.
Оқушылар:
Қазақтар тарыдан сөк жасайды, ал одан жарма, көже дайындайды. Қуырылған сөкті сүтпен, маймен жейтін болған. Сөктен ұн тартқан, одан тары табанан дайындаған.
Оқулық
Тарыны ұнтақтап, одан талқан жасаған. Қазақтардың ең тәтті ұлттық тағамы – қант және май қосылған талқаннан жасалған жент.
Тапсырмаларды орындау.
«Бос орындытолтыр»;
«Мәтінді басқа сөзбен жазыпшық».
(Ж) Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды. Кестедегі сөздерді салыстыр және қыпшақ тілінің ерекшеліктері жайында шешімдер шығар.
Оқушылар:
Қыпшақ тілінде «с» әрпінің орнына, мәселен, «тас», «бес» деген сөздерде «ш» әріпін қолданып, «таш», «беш» деп айтқан. Сөздің басындағы «ж» әріпінің орнына «й» әріпін қолданған.
Ж Елестетіңдер. Сендер қыпшақ отбасында қонақта отырсыңдар. Үйдің қожайындары сендерге қандай тағамдар ұсынады?
Сендер олардан не жайында сұрайсыңдар? Қыпшақтардың сөйлегенін түсінесіңдер ме? Оқушылардың жауаптары.
(ҚБ) «Ара ұясы» стратегиясы.
Мұғалім: Екіден отырып, сабақтың түсінікті болғанын, болмағанын талқылаңдар.Түсінбеген материалдар бойынша бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар. Осылайша олқылықтардың алдын аласыңдар.
Слайд-презентацияны қарау және электронды қосымшадан тапсырма орындау. Мұғалім: Слайд-презентациядан қыпшақтар жайлы қандай жаңа мәліметтер алдыңдар? Оқушылар:
Елестет. Сен қыпшақтар туралы фильмнің сценарийін құрастырып жатырсың. Қыпшақтардың өміріндегі қандай маңызды сәттерді кадрға енгізер едің? (суретін сал немесе жаз).
Жетістік баспалдағын қарап шық. Сабақтың соңында өзіңнің психологиялық жағдайыңа баға бер.
Дәптер
Үй тапсырмасы
Үлкендердің көмегіне және қосымша әдебиеттерге жүгініп, қазақтардан басқа тағы қандай халықтар түркілердің қыпшақ тармағынан таралғанын біліп кел. Сен ол халықтар жайында не білесің?
Оқулық
Мектеп:
Мұғалімніңаты-жөні: Сынып:
Пән: Дүниетану №23 сабақ Ортақ тақырып: Атақтытұлғалар
Бөлімше: Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
Күні:
Қатысқандарсаны: Қатыспағандарсаны:
Тақырып:
Қазақ хандығы қалай құрылды?
Оқыту мақсаты
3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)
Барлық оқушылар:
Қазақ хандығының қайда және қашан құрылғанынбіледі;
қалай және неліктен құрылғанынбіледі.
Көптеген оқушылар:
шығармашылық формада Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінусебептерін көрсетеді; бір сұлтанның атынан көшпелілерге арнап үндеуқұрастырады;
Кейбір оқушылар: Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнебаянның сценарийін құрастырады.
Тілдік мақсат
ОқушыларҚазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Керей, Жәнібек, Қазақ хандығы.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер.
Қазақ хандығын Керей мен Жәнібек сұлтандар құрды.
Қазақ хандығы Жетісудың батысында Шу өзені мен Талас өзенінің алабында құрылды.
Талқыланатын мәселелер:
Неліктен Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлінеміз деп шешті? Олар қайда бағыт алды?
Оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұрды? Қазақ хандығы қашан және қайда құрылды?
Қазақ хандығының аумағы қалай ұлғайды?
Жазылым:
Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы жазбаша әңгіме құрастыр. Осы оқиғаға қатысты өз ойыңды білдір.
Алдыңғы білімдер
Түркілер және олардың өмір сүру салты. Менің арғы бабаларым – қыпшақтар.
Сабақ жоспары
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ой қозғау
Мұғалім: Өлеңді тыңдаңдар:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» депсыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та Бозторғайы бол оныңшырылдаған.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
(Мұқағали Мақатаев)
– Балалар, «Отан» сөзін естігенде, ойларыңа не келеді?
Оқушылар: кең-байтақ дала, Қазақстан, отбасы, туған-туыстар, өзіңнің үйің.
Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ халқының мемлекет болып құрылуының тамыры тереңде жатыр. Жақында еліміз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын атап өтті.
Бүгін біз Қазақ хандығының қандай оқиғалардың нәтижесінде және неліктен құрылғанын білетін боламыз.
Қазақ хандығының құрылу себептерінбілеміз; Мұғалімтолықтырады:
Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы бейнематериалдың сценарийінқұрастыруды
үйренеміз.
Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу үшін сюжетті әңгіме құрастыруға болады. Әңгімеде басталуы, шарықтау шегі және шешімі болады.
Басталуында Әбілқайыр хан қол астындағы халқынан салық төлеуді талап етуі туралы айтылады (электронды қосымшадан слайд-презентацияны қарау (8-слайдқа дейін) және оқулықтағы 1-азат жолды оқу).
Шарықтау шегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан іргесін аударып, бөлек Жетісу өңіріне қарай бет алуы баяндалады.
Оқушыларға тапсырма: Өзіңді Керей немесе Жәнібек сұлтанның рөлінде елестетіп көр және көшпенді халықты өзіңмен ілесуге шақыратын үндеуді құрастыр.
Оқушылар Керей немесе Жәнібек сұлтандардың атынан былай деп үндеу құрастыра алады:
Әбілқайырханнанкетейік!Ол–қатал,дүниеқор,сараңхан.Билеушіретіндеолөзхалқын жаудан қорғай алмады. Ойратпен болған шайқаста жеңіліс тауып, қалада баскөтермей
жасырынып қалды. Ал жау болса, біздің үйімізді тонады, бүкіл малымызды айдап кетті. Енді келіп хан бізге салық төле деп отыр. Біз қалай төлейміз? Немен төлейміз?
Әбілқайыр – рақымсыз хан! Ешкім оның қол астында жайбарақат, тыныш өмір сүре алмайды. Ол барлығымызды жылатты. Халықтың ешқайсысы өзін қауіпсіз сезінбейді. Биліктіңжолындақаншамаадамдықырғынғаұшыратты.Бізгеондайханныңкерегіқанша?
Бізге басқа жерге қоныс аудару керек. Өз мемлекетімізді құрамыз, тату-тәтті, бақытты өмір сүреміз. Бізге жани ашитын, біздің жағдайымызды ойлайтын әділетті ханды таңдап аламыз. Көшпенділер Керей мен Жәнібектің шақыртуына үн қатып, Жетісу жаққа қарай бағыталады. Бірақ алда не күтіп тұрғаны белгісізеді.
Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс.
Мына суреттен жат жерге көшіп бара жатқан Керей мен Жәнібек сұлтандарды көріп отырсың.
Олар бір-бірімен не жайында әңгімелесіп бара жатыр, қалай ойлайсың? Екі-екіден жұмыс істей отырып, екеуінің арасында болған сұхбатты құрастырып көріңдерші.
Оқушылардың жауаптары.
Болашақты болжау. Жағдай ары қарай қалай дамиды, оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұр. Болжамдарыңды айтыңдар.
Оқушылардың жауаптары:
жаңа жерде оларды дұшпандықпен қарсы алуымүмкін;
оларды достық кездесу күтіп тұруымүмкін.
Электронды қосымша Оқулық
Оқулық
Дәптер Оқулық
Дәптер
Мұғалім: Сендердің болжамдарыңды тексеру үшін оқулықтағы мәтінді оқимыз. Шешімі:
Дәптер
Оқулық Электронды қосымша
Парақтар таратылады
Дәптер
көшпелілердің Есенбұға ханмен болған достық кездесуі, ханның оларға Жетісудың батысынан
жер бөліп беруі, Қазақ хандығының құрылуы.
Мұғалім: Осылайша Қазақ хандығы құрылды. Бұл оқиғаның халық үшін қандай маңызы
болды?
Оқушылар:
– бұрын қазақтар басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүрді, ал енді олар өз алдына бір
мемлекеттің астына бірікті.
– халық өз билеушісін өзі таңдады. Хандар елдің шегарасын жаудың шабуылынан қорғады.
– Қазақ хандығы басқа елдермен байланыс орнатты.
– Қазақ хандығы құрылған соң, халықтың мәдениеті, дәстүрі мен салты гүлдене түсті.
(ҚБ) «Шағын тест» стратегиясы.Оқушылардың Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы білімдерін тексермек үшін мұғалім бір бет парақта шағын тестті орындауды ұсынады (орындалу уақыты – 5 минут):
Қазақ хандығы қашанқұрылды?
А) 1435 жылы; В) 1455 жылы; С) 1465 жылы.
Қазақ хандығы қай жердеқұрылды?
А) Шу мен Талас өзендерінің арасында; В) Еділ мен Жайықтың арасында; С) Сырдария өзенінің алқабында.
Қазақ хандығын қандай сұлтандарқұрды:
А) Қасым мен Бұрындық; В) Керей мен Жәнібек; С) Тәуекел мен Есім.
Жәнібек пен Керей қай ханнан бөлек шығып, ірге аударды: А) Жәңгір; В) Тақыр; С)Әбілқайыр.
Қазақ хандығы Қазақстанның қай бөлігіндеқұрылды: А) Батыс; В) Солтүстік; С) Оңтүстік шығыс(Жетісу).
Тапсырманы орындау (таңдау бойынша):
А. Тарих жұлдызы. Сұрақтарға жауап бер.
Практикум – оқулықтағы, электронды қосымшадағы датамен және картамен (В) жұмыс.
Рефлексия
Тапсырманы орындау:
Елестет. Саған Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы бейнебаян түсіру керек. Қандай маңызды оқиғаларды кадрға енгізер едің?
(ҚБ) «Бірін-бірі бағалау» стратегиясы.
Оқулық
Парталас көршіңнің жұмысын мына фразалардың бірімен бағала:
Жарайсың!
Сабақта атқарған жұмысыңа көңілімтолды!
Сен одан да жақсы жұмыс істей алатынедің!
Үй тапсырмасы
С. Қазақ хандығы қалай құрылғандығы жайлы әңгіме құрастыр. Осы оқиғаға қатысты өз
ойыңды білдіруге тырыс.
Дәптер
Мектеп:
Мұғалімніңаты-жөні: Сынып:
Пән: Дүниетану №24 сабақ Ортақ тақырып: Атақтытұлғалар