Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет2/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]






Жұмыстарды көрсету

ҚБ: Топтың өзара бағалауы




Рефлексия 3 мин

  • Сабақта қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?

  • Ауа райы адамға қалай әсер етеді?

  • Катаклизм дегеніміз не?

  • Қорытындыны оқыңдар. Дәлелдер келтіріңдер.

Сабақтағы атқарған жұмысыңа баға бер және жауаптарыңды түсіндір.

  1. Мен бәрін түсіндім. Сабақ ұнады.

  2. Сабақ қызықсыз болды.

  3. Мен ештеңе түсінбедім, сабақтың бітуін сабырсыздықпен күттім.




Үй тапсырмасы

Оқулық тапсырмасын орындаңдар.

Дәптер



Мектеп:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып:


Пән: Дүниетану №3 сабақ

Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат Бөлімше: 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік



Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Тақырып:

Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім

Оқыту мақсаттары

        1. Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.

        2. Табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • табиғи орта дегеніміздің не екенін біледі;

  • табиғи ортада қандай қауіп-қатерлердің болатынын біледі.

Көптеген оқушылар:

  • табиғи ортадағы қауіп-қатерлерге баға береді;

  • табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлайды.

Кейбір оқушылар:

– басқа да қауіп-қатерлерді зерттейтін болады (жәндіктерден, саңырауқұлақтардан болатын қауіптер және т.б.)



Тілдік мақсат

Оқушылар

- жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қауіп-қатер, табиғи орта, қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздікті жоспарлау.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Табиғи орта дегеніміз – адамды қоршап тұрған табиғат жағдайлары, жанды және жансыз табиғаттың алуан түрлі формаларының жиынтығын айтады.



Талқыланатын мәселелер:

Табиғи орта дегеніміз не?

Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер жасырынған?

Табиғи ортадағы қауіпсіздікті қалай жоспарлауға болады?

Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау неліктен маңызды?



Алдыңғы білімдер

Табиғаттағы адамға төнетін қауіп-қатерлер жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау 7 мин.

Уәждеме. Стартер. Мұғалім:

Қоңырау соғылды, сабағымызды бастаймыз.



  • Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?

  • Катаклизм дегеніміз не?

  • Катаклизмдер шартты түрде қандай түрлерге бөлінеді?


1. (Ұ) Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Мұғалім-оқушы диалогі.

  • Қандай сұрақтың жауабын іздеп келу керек еді?

  • Қандай жауап дайындадыңдар? Ақпаратты қайдан іздедіңдер?

Бүгінгі сабақта мына сұрақтарға жауап іздейтін боламыз:



  • Табиғи орта дегеніміз не?

  • Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер жасырынған?

  • Табиғи ортадағы қауіпсіздікті жоспарлауға бола ма? Оны қалай істеу керек?




Жаңа сабақ 30 мин

1. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.

– Табиғи орта дегеніміз не? Қандай ортаны табиғи орта деп атауға болады?



2. (Ө) Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Оқулық




























  • Мәтіннің бірінші бөлігін оқыңдар (кестеге дейін).

(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

  • Екіден отырып, «Зерттеу», «Талқылау» айдарларындағы тапсырмаларды орындаңдар. Тапсырма орындалған соң, мынадай сұрақ қойылады:

  • Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма? Қауіп-қатерден қалай құтылдыңдар, айтып беріңдерші.




  1. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Кластер

Тапсырмаларды орындау.
Өздік жұмыс

Бағалау критерийлері Дескрипторлар

«Табиғи орта» терминіне анықтама береді. 1. Оқулықтағы анықтаманы оқиды.



    1. Басқа дереккөздерді пайдаланады.

    2. «Табиғи орта» терминіне анықтама береді, оны дәптерге жазады.

Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін 1. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың сақтамаудың салдары деген кестені салдары деген кестені толтырады. толтырады

ҚБ: Өзара бағалау (екі оқушы) Талқылау.

– Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтамасаң, оның зардаптары қандай болуы мүмкін? Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы қорытындыны тұжырымдаңдар.



  1. Сергіту сәті

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш, Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық, Бiр дем алып қалайық.




  1. (Ж) Жиектемедегі мәтінді оқу (Табиғаттағы қауіп-қатерлер)

– Табиғи ортада адамды қандай қауіп-қатерлер күтіп тұруы мүмкін екенін оқыңдар. Тізімді



Оқулық


Сөздіктер, ғаламтор желісі
Дәптер





басқа да қауіп-қатерлердің түрімен толықтыруға бола ма?

Электронды қосымша Оқулық

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың материалдары


7. (Ж) Оқулықпен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

– Екіден отырып, электронды қосымшадағы, оқулықтағы материалдарды оқып (мәтіннің

екінші бөлігі), табиғи ортада өзіңнің қауіпсіздігіңді жоспарлауға бола ма, ол үшін нені білу

керек және не істеу керек деген мәселені талқылаңдар.

Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды.

8. Пікір алмасайық, әр алуан тапсырмаларын орындау.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Рефлексия 3 мин

  • Бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?

  • Табиғи ортада өзіңнің қауіпсіздігіңді қалай жоспарлауға болады?

  • Сабақ бойынша қорытынды жасап, оны негіздеңдер.




Үй тапсырмасы

Тапсырмаларды орындаңдар

Дәптер



Мектеп:

Мұғалімнің аты- жөні:
Сынып:

Пән: Дүниетану №4 сабақ

Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Бөлімше: 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриоттық.


Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Тақырып:

Адамдар не үшін еңбек етеді?

Оқыту мақсаты

3.3.5.2 тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • еңбектің не екенін біледі;

  • адамның дамуына еңбектің тигізетін әсерін біледі.

Көптеген оқушылар:

  • жеке тұлғаның, отбасының дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.





Кейбір оқушылар:

Қоғамның, мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

– жауапты нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Еңбек, қажеттіліктерді қамтамасыз ету, физикалық еңбек, ақыл-ой еңбегі



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Еңбек арқылы адам дамиды. Еңбек арқылы адам өз қажеттіліктерін өтейді.


Талқыланатын мәселелер:

Еңбек дегеніміз не? Адам не үшін еңбек етеді?

Адамның қандай қажеттіліктері бар? Еңбектің арқасында осы қажеттіліктерді қалай қамтамасыз етуге болады? Адамның, отбасының, қоғамның, мемлекеттің дамуына еңбектің тигізер әсері қандай?


Алдыңғы

білімдер


Балалардың еңбек туралы, көп адамдардың еңбектенетіні жайлы, сонымен қатар, еңбек адамды дамытатыны жайлы

білімдері (2-сыныптың материалдарынан).



Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау 7 мин.

Уәждеме. Стартер.

  • Сәлеметсің бе, Күн!

  • Сәлеметсің бе, әлем!

  • Сәлеметсіз бе, мұғалім! Біз бүгін сыныпқа келдік,

Біздің білім алғымыз келеді. Ол да еңбек. Төмендегі жұмбақта не жайлы айтылған. Жауабын шеш.
Бір нәрсе білмегенді білгізеді, Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді. Жалғанда әңгімесі сондай қызық,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.

(Кітап)


  • Бүгін біз жаңа бөлімді оқуды бастаймыз. Ол қалай аталады екен, оқыңдаршы.








«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Қосалқы алғы бетті қарап шығыңдар. Бұл бөлімде қандай тақырыптарды сөз ететін боламыз?


1. Сабақтың тақырыбын анықтау.

  • Жұмбақты тыңдаңдар. Жұмбақтың жауабы сабағымыздың тақырыбын анықтауға көмектеседі.

Ертелі-кеш бақшаны Қазады әкем күрекпен.

Дейді ол жұмысты көршілер Ел көгерер ... (еңбекпен).



  • Бүгін біз сабақта адамдар не үшін еңбектенетінін айтатын боламыз.




Жаңа сабақ 30 мин

1. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі

– Балалар, кластерді толтыруды ұсынамын. Адамдар не үшін еңбектенеді?


Қағаз, маркер Оқулық

Еңбек құралдарының және қол еңбегін алмастырған мәшинелердің иллюстрациялары. Мысалы: қол орақ және комбайн, күрек және мотосоқа.





(оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім тақтаға бекітілген қағаздарға жазады)




2. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын




дамыту.




– Мәтіннің бірінші бөлігін оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Өз ойларыңды




өмірден мысалдар келтіре отырып, дәлелдеңдер.




(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту




– Екіден отырып, «Талқылау», «Бақылау, зерттеу» айдарларындағы




тапсырмаларды орындаңдар.




Тапсырма орындалған соң:




– Адамның дамуы үшін еңбек қажет екенін дәлелдеңдер.




– Еңбек құралдары, еңбектің әдістері қалай өзгергеніне мысалдар келтіріңдер.




– Отбасы үшін еңбектің маңызды екенін дәлелдеңдер.




– Қоғам мен мемлекет еңбексіз еш дамымайтынын дәлелдеңдер.




3. Сергіту сәті




Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз.





Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиi жаттығып, Үлкен кiсi боламыз.



/ Б.Бөрiбаев/
4. (Ұ) Жіктеу. Мұғалім-оқушы диалогі

Тақтаға көрнекі суреттер ілінеді.



  • Бұл мамандықтарды қандай екі топқа бөлуге болады?

  • Ата-аналарыңның мамандықтары жайлы айтып беріңдерші.

  • Ата-аналарыңның еңбегі олардың өздеріне, отбасына, қоғамға, мемлекетке қандай пайда әкеліп жатыр?


(Ө) Коммуникативтік дағдыларды дамыту (оқу)

  • Мәтіннің екінші бөлігін оқыңдар.


5. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Тапсырмаларды орындау.


Өздік жұмыс

Әртүрлі мамандықтағы адамдар бейнеленген көрнекі суреттер (ақыл- ой және дене еңбегі)

Оқулық Дәптер





Бағалау критерийлері

Дескрипторлар




«Еңбек не үшін қажет?» деген сұраққа жауап береді және

жауабын негіздейді.



  1. Жауаптарды жұмыс дәптеріне жазады.

  2. Еңбектің қажет екендігіне 2 немесе одан да көп себептер табады.

Мақалдың басын соңымен дұрыс қосады.

  1. Мақалдың басы мен жалғасын дұрыс қосады.

  2. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Ақыл-ой еңбегі мен дене

еңбегінің мамандықтарына



  1. Ақыл-ой еңбегіне 2-3 мамандық жазады.

  2. Дене еңбегіне 3-4 мамандық жазады.








мысалдар келтіреді.










ҚБ: Өзара бағалау (екі оқушы) Талқылау:

– Ақыл-ой еңбегі дене еңбегімен қалай байланысады? Мысалдар келтіріңдер.


6. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды

– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?



Рефлексия 3 мин

Ал енді кластерге келейік.

  • Адамдар не үшін еңбектенеді?

  • Адамның, қоғамның, мемлекеттің дамуына тигізер еңбектің әсері қандай?

  • Қандай мамандықтар ақыл-ой еңбегімен, ал қандай мамандықтар дене еңбегімен байланысты?

Сабақтың басында дайындалған кластер

Үй тапсырмасы

Тапсырмаларды орындаңдар. Ата-анаңнан немесе үйдегі үлкендерден сұхбат алу.

Ата-анаңның еңбек жолында қалай дамығанын білу. Хабарлама дайындау.



Дәптер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет