Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


Өсімдіктің минералды қоректенуі



бет19/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

Өсімдіктің минералды қоректенуі.
19-жұмыс
Өсімдік тамыр жүйесінің ауданын анықтау.
Қажетті құрал -жабдықтар: тамыр жүйесі бар өсімдік, тамыр ауданын анықтайтын құрал, шойын штатив үш ұстатқышымен, қайнатылған су, бюретка,екіге бөлінген тығын, мақта, сорғыш қағаз, қағаз, жіп, қайшы, хромқоспасы.
Жұмыс барысы:ең алдымен шыны цилиндрді және тамызғышты хром қоспасында өңдеп, бірнеше рет таза сумен жуып тазартады да, цилиндр ішіне қайнатып суытылған су құйылады. Міне, осыдан кейін құралдардың дұрыс істейтіндігі тексеріледі. Ол үшін цилиндрдегі суға шыны таяқша салынып, пипеткадағы су менискісі жылжыған,жылжымағаны анықталады. Жылжымаудың себебі резеңке түтік ішінде ауа қалуы мүмкін.
Тамыр ауданы анықталатын су дақылындағы өсімдік тамыры немесе топырақта өскен өсімдік тамыры болған жағдайда суда жуып, топырақтан тазартылып, бірнеше сағат 3%-тік сутегі пероксид (Н2О2) ерітіндісінде өңделеді. Астық тұқымдас өсімдік тамырының ауданы анықталатын жағдайда тұқым қалдықтары қырқып тасталады. Өсімдіктердің тамыр мойны бір қалыпқа келтіріледі.
Тамызғыдағы менискінің тұрған жері анықталып, бір жағдайда тамырды цилиндрдегі суға салардан бұрын сорғыш қағазбен тамырдағы су тамшыларын сорғызады. Осылай даярланған тамыр цилиндрдегі суға салып тамызғыда судың өзгерген менискісі анықталады. Екінші жағдайда тамыр судан алынып, стақандағы аздаған суға салынып қойылады. Тамырды судан алғанда онымен бірге аздаған су бірге кетеді, сондықтан тамырмен кеткен судың орнын толтыру үшін бюреткадан су құя отырып, менискіні 1-жағдайға дейін келтіреді. Бюреткадағы суды 0 қалпына келтіріп, одан суды жайлап цилиндрге құя отырып, менискіні 2-жағдайына келтіріп, бюреткадан кеміген судың көлемі арқылы тамырдың ауданы табылады. Бір анықтаған өсімдікті үш қайтара анықтап,арифметикалық орташа мәні болады. Қорытынды сандар төменгі 14-таблицаны толтыру үшін пайдаланылады.

Өсімдік түрі

Алынған өсімдік саны

Анықтаудың реті

П ипеткадағы су менискісінің жағдайы

1 2


2-жағдайға келтіру үшін кеткен су

Тамыр ауданы бір өсімдікте










1-рет
2-рет
3-рет







Жұмыс аяғында құралда пайдаланылған пипетка мен цилиндрді хром қоспасында өңдеп тазартады. Ал өсімдік тамырын құрғап қалмауы үшін және оны келесі жұмыста пайдалану үшін стақандағы суға салып қояды.
Пысықтау сұрақтары: әр түрлі жағдайда өскен бір түрлі өсімдік тамырларының ауданы бірдей бола ма? Қандай жағдайда тамыр көлемі артады? Қандай жағдайларда кемиді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет