Сабақ Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: 2-сынып Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны



бет2/21
Дата04.09.2024
өлшемі239,52 Kb.
#203844
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
қмж әдебиеттік оқу 3-т 2а

Жұптық жұмыс
«Дені саудың жаны сау» мақалына қатысты өз пікірін білдіреді.




Оқулық

3. Ойтолғаныс

«Шынықсаң, шымыр боларсың» мақалының мағынасын ашып, өз өмірімен байланыстыра білуіне көмектеседі.

(Т) «Қорытындыла» айдары
Сөздерден мақал құрап, өлеңдегі негізгі ойды мақалмен байланыстырып айтады. Мысалы:
«Күнделікті шынығып, жаттығу жасап, салауатты өмір сүрген адамның денсаулығы мықты болады. Оны халқымыз «Шынықсаң, шымыр боласың» деген мақалмен түйіндеп айтқан.

Дескрипторы: мақал мазмұнын тақырыппен байланыстырады.




Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Денсаулыққа зиянды әдеттерді дәптерге жазады.







50 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қанағатшыл бол

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әңгіменің негізгі ойын анықтайды. Берілген сөздерден теңеу сөздерді табады.
Дамытушылық: қажетті мәтін бөлігін анықтай алу біліктілігін жетілдіреді.
Тәрбиелік: үлкеннің ақылын тыңдау қажеттігін түсінеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.
Қызығушылығ ын ояту

Мұғалім оқушыларға қай тағам пайдалы, қандай тамақтың пайдасы аз екендігі туралы
сұрақтар қояды.

(Ұ) «Тамақтану бағдаршамы» ойыны Пайдалы тағам туралы айтылса, бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе, қызыл түсін көрсетеді.

Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.







Мұғалім оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін тамақтану тәртібін еске түсіреді.

(Т) «Оқу мен жазуға даярлық» әдісі

Талғамай тамақтанудың зияны туралы не білесің?



ҚБ:
мұғалімнің қолдау сөздері.

Оқулық







Тамақтану тәртібі туралы ойын жинақтауына көмектеседі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Оқушылар сұраққа өз ойын білдіреді.







2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың мәтінді оқып, қажет ақпаратты анықтай алуына қолдау көрсетеді.

(Т) «Түсініп оқу» әдісі
Әдібай Табылдының «Атаның ақылы» мәтінін түсініп оқиды.

Дескрипторы: шығарманы түсініп оқиды.

Оқулық




Мұғалім оқушылардың қажетті бөлімді мәтіннен анықтай алу біліктілігін арттырады.

Оқушылар мәтіннен жазушының саябақты сипаттауын тауып оқиды.
«Орталық саябақ маусым айы кезінде жайқалып тұр. Күміс қылқанды шыршалар, жасыл жапырақты, сырғалы ақ қайыңдар.
Жұпар иісі аңқыған аршалар қоңырсалқын самалмен тербеледі».

Дескрипторы:
мәтін бөлігін анықтайды.







Мұғалімнің көмегімен атасының ескертуін анықтайды.
«Күнім-ау, қанағат деген – әр нәрсенің шегін білу. Тамақ ішудің де ретін білу. Қанағат жасамай, не болса соны талғамай іше беру зиян».

Бекжанға атасы қандай ескерту айтты? Оқушылар атасының Бекжанға айтқан ескертуін мәтіннен тауып оқиды.
Оқылған бөліктегі ойды өз өмірімен байланыстырып, мысал келтіреді.

Дескрипторы:
мәтін бөлігін анықтайды.




Дәптермен жұмыс

Мұғалім берілген сөздердің ішінен теңеу сөздерді табуға көмектеседі. Мысалы: Қарақаттай көзі.
Мұздай балмұздақ.

(Ө)
Оқушылар теңеу сөзі бар тіркестерді анықтап, көшіріп жазады.

Дескрипторы:
теңеу сөзі бар тіркестерді көшіріп жазады.
ҚБ: «Ду қолшапалақ» әдісі

Оқулық




Дәптердегі екінші тапсырма оқушылардың сөз мағынасын түсініп, мағыналас сөздерді анықтай алуына көмектеседі.

Оқушылар берілген сөздерді мағынасына қарай бір түспен бояп көрсетеді.
Мысалы: ем-шипа, ауру-дерт, науқас-ауру

Дескрипторы:
сөздерді мағынасына қарай бір түспен бояп көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет