Сабақ Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: 2-сынып Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны



бет4/21
Дата04.09.2024
өлшемі239,52 Kb.
#203844
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
қмж әдебиеттік оқу 3-т 2а

(Ө) «Ізден» айдары

Оқушылар өлеңнің соңғы шумағындағы ұйқастарды анықтайды.




болды қолды,
тарау керек – қарау керек

Дескрипторы:
өлеңдегі ұйқасты табады.

Оқулық, интеракти вті тақта




Тыңдалым дағдысына назар аудару керек.










3. Ойтолғаныс

Бұл тапсырмада айтылым дағдысымен жұмыс орындау керек. Себебі өлеңдегі негізгі ойды оқушы өз сөзімен, ойын еркін жеткізіп айтса, тақырыбы ашылады.
Оқушыларға жетекші сұрақ қойып отыруымыз керек.

(Ұ) «Қорытындыла» айдары Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойды анықтап, өз ойымен бөліседі.
Мысалы:

  • Тақырыбын сен қалай өзгертер едің?

  • Баланың орнында болсаң, не істер едің?

  • Негізгі ойдан не түйдің?

Дескрипторы: өлеңдегі негізгі ойды анықтайды.
Кері байланыс: мұғалімнің, сыныптастарының қолдау сөздері.




Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Сергек жүру үшін не істеу керек?
Сұраққа жауап жазады.




Жұмыс дәптері

53 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тісіңді күте біл

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.1.2.1* шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау
2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылар мәтін мазмұнын жоспар бойынша сахналайды. Көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтайды. Тақырыпқа сәйкес ескертпе-жаднама жазады.
Дамытушылық: тыңдалым, айтылым дағдылары дамиды. Кейіпкердің рөліне еніп, қойылым қоюға дағдыланады.
Тәрбиелік: оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінеді. Өзіндік қорытынды ой түйеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.
Қызығушылығын ояту

Мұғалім жұмбақтар жасырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятуына болады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

(Ұ) Оқушылар жұмбақтар шешеді. Отыз екі пышақтың
Ортасында бір ат тұр. (тіс пен тіл)

Отыз екі орағым бар ғажайып,


Әттен, кейін кетеді ғой азайып. (тіс)

Кері байланыс: мұғалімнің мадақтау сөздері.







Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, оқушылардың өз ойы мен сезімін айтып жеткізуіне қолдау көрсетеді. Сөйлемдерінің өзара байланысып, мәтін құрап айтуына көмектеседі.
Баланың сүт тісі 6-7 жаста түсіп, тұрақты тістер шығатындығы туралы да айтуға болады.

(Ж) «Оқу мен жазуға даярлық» әдісі Оқушылар оқулықта берілген тіркестерді пайдаланып, тіс туралы әңгіме құрап айтады. Жұптағы екі оқушы бір-бірінің жұмысын тыңдайды.
Мысалы:
Биыл менің екі тісім түсті. Орнына өткір жаңа тіс шықты.
Ал кеше менің тісім қақсады. Тіс дәрігері бір тісімді жұлды. Азу тісімді емдеді.

Дескрипторы: оқушылар тірек сөздерді қолданып, мәтін құрайды. Мәтінде өз ойы мен сезімін жеткізеді.


ҚБ: «Ду қолшапалақ» әдісі

Оқулық

2. Мағынаны тану

Оқушылардың тізбек бойынша, тізбекті үзбей, мәнерлеп, түсініп оқуына қолдау көрсетеді.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтауына қолдау көрсету үшін мәтін бойынша сұрақтар қоюға болады.

Саралау: Нәтиже: тапсырма біреу, алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі.



(Т) «Мәнерлеп оқы» әдісі
Балалар Мәдіхат Төрежановтың «Жамалдың өкініші» мәтінін топта тізбек бойынша мәнерлеп оқиды.
Оқыған мәтін мазмұнын топта талдап, топта баяндайды.
Ықтимал сұрақтар:

  • Анасы Жамалды неге жұмсады?

  • Жамал қандай сылтау айтты?

  • Анасы қызының сөзіне неліктен сенді?

  • Жамал қандай қыз?

  • Мәтінді оқи отырып қандай ой түйдің?

Дескрипторы:
мәтінді мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтап, өз сөзімен айтып жеткізеді.


ҚБ: «Ду қолшапалақ» әдісі

Оқулық




Мұғалім оқушылардың өлеңде кездескен «қолынан қақпау», «жалған айту» деген сөз тіркесінің мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі.

(Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары
қолынан қақпау – тыйым жасамау, тоқтатпау
жалған айту – өтірік айту
Оқушылар осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрайды.




Оқулық




Мұғалім мәтін кейіпкерінің іс- әрекетін бағалап, өз өмірімен байланыстыра отырып ойын білдіруіне қолдау көрсетеді.

(Т) «Бағала» әдісі
«Жамал неліктен «тісім ауырған жоқ» деп айта алмады?» деген сұраққа жауап беріп, өз өмірімен байланыстырады. Мысалы:
Жамал өтірік айтқанына өкініп, ұялды. Сондықтан ешқашан өтірік айтуға

Дескрипторы: кейіпкердің іс-әрекетін бағалап, өзіндік пікір білдіреді.


ҚБ: «Отшашу» әдісі

Оқулық







болмайды. Мен тек шындықты айтқанды ұнатамын. т.с.с.










Оқушылардың өзара қарым- қатынас дағдысын, диалог құрып әңгімелесе білуін дамыту үшін мәтінді сахналау кезінде сөйлемді түсінікті, толық айтуына көңіл бөледі. Негізгі ойдан ауытқымауын қадағалайды.
Саралау: Рөлдер: бір тапсырманы орындау барысында оқушылар әртүрлі рөлдерді орындайды.

(Т) «Сахналау» әдісі

Оқушылар шағын топтарда мәтін мазмұнына байланысты анасы мен Жамалдың әңгімелесуін сахналайды.



Дескрипторы: оқушылар Жамал мен анасының рөлін сахналайды.


ҚБ: «Отшашу» әдісі

Оқулық




Мұғалім оқушыларды оқиғаның композициялық құрылымын ажырата білуге бағыттайды.

(Т) «Анықта» айдары
Оқушылар топта талқылай отырып, мәтіннің құрылымын анықтайды.
Мәтіннен оқиғаның басталуын, оқиғаның ары қарай дамуын, оқиғаның аяқталуын бөліп көрсетеді. Әр бөліміне ат қояды.



Дескрипторы:
мәтінді бөлімдерге бөліп, құрылымын анықтайды.

Оқулық

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушылардың сауатты, көркем жазуына көңіл бөледі. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне мән беруін қадағалайды.

(Ө)
Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табады.

Қатар-қатар тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (тіл)



Дескрипторы:
сауатты, көркем жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері




Бұл жұмбақты шешу барысында оқушыларға адамда қанша тіс болатындығы, олардың астыңғы және үстіңгі жаққа бөлініп орналасатындығы туралы ақпарат береді.

Дәптердегі жұмбақтарды оқып, шешуін жазады.

  1. Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін. Шешуі: көз

  1. 32 мықты,

Қаз-қатар боп шықты. 16-сы асты,
16-сы үсті. Шешуі: тіс
3. Тілден ұшып, құлаққа қонады. Шешуі: сөз

Дескрипторы: жұмбақтың шешімін табады.

Оқулық, жұмыс дәптері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет