|
Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен «сергек»,
«келбет», «тырысқақ» деген сөздердің мағынасын дұрыс түсінуіне көмек көрсетеді.
|
(Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары
сергек – жеңіл, ширақ
келбет – түр, кейіп, кескін
тырысқақ – қыңыр, ашуланшақ Оқушылар осы сөздерді қолданып, сөйлем айтып көреді.
|
|
|
|
|
Оқушылар өлеңнің мазмұнын суретпен байланыстырып әңгімелейді. Сюжетті суретті негізге ала отырып, өлеңнің негізгі ойын жеткізеді. Мысалы:
«Суреттен таза ауада серуендеп, жаттығу жасаған баланы көреміз. Таза ауада жаттығу жасап, әрқашан көңілді жүру салауатты өмір салтына жатады. Әрбір өзін сыйлайтын адам спортпен шұғылданып, айналасын таза ұстауы қажет».
|
Дескрипторы:
сурет пен мәтінді салыстыра сипаттайды.
|
Оқулық
|
|
Мұғалім оқушылардың берілген сұрақтарға ойланып, өз ойын дәлел келтіре отырып негіздеп айтуына қолдау көрсетеді. Өйткені, себебі, сол себепті деген сөздерді қолдануына бағыт береді.
|
(Т) «Бағала» айдары
Оқушылар «Суреттен қай баланың денсаулыққа зиянды әдетін байқадың?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, өз ойын топ ішінде айтады. Осы ойға қатысты басқа оқушылардың пікірін тыңдайды. Өз ойын дәлелдейді.
|
Дескрипторы:
мәтін бойынша нақтылау сұрақтарының жауабын айтады.
|
Оқулық
|
Дәптермен жұмыс
|
Мұғалім оқушыларды сурет мазмұнына сәйкес ескерту хат жазуға бағыттайды.
Оқушылардың партада отыру ережесін еске түсіреді.
|
(Ө)
Оқушылар салауаттылықты сақтаудың ережесін құрап жазады.
|
Дескрипторы: салауаттылықты сақтаудың ережесін құрап жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
Егер оқушы пайдалы кеңесті еркін орындай алса, жасыл түспен; дағдыланған іс-әрекет болса, көк түспен; ал кеңесті орындауда қиындық туындаса, қызыл түспен штрихтайды.
|
Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.
Бұл тапсырмада оқушылар кестеде берілген пайдалы кеңестерді қандай деңгейде орындай алатындығын штрихтап көрсетеді.
|
Дескрипторы:
кестеде берілген пайдалы кеңестерді қандай деңгейде орындай алатындығын штрихтап көрсетеді.
|
Жұмыс дәптері
|