Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



бет1/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,98 Mb.
#5993
түріСабақ
  1   2   3   4
I МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: МЕНІҢ ОТБАСЫМ

Грамматикалық тақырыбы: ФОНЕТИКА. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

1. Модульге кіру

2. Грамматикалық тақырып

3. Сөздік жұмысы

4. Лексикалық тақырып

5. Бекіту

2 минут

10 минут

8 минут

15 минут

10 минут

Сөйлесу

2-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Байлық пен ақыл» мәтінімен жұмыс

3. Жаттығуларды орындау

5 минут

20 минут
20 минут

3-сабақ

1. Фонетикалық талдау

2. «Жазғы демалыста» (сөйлесу құру)

3. Сурет бойынша жұмыс

10 минут

20 минут
20 минут

4-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Шие тергенде» мәтінімен жұмыс

3. Аударма жұмысы

4. «Анара сәлем» өнімен жұмыс

8 минут

12 минут
15 минут

10 минут

5-сабақ

«Көшеде» мәтінімен жұмыс

Бекіту (үш деңгейлі кеспелермен жұмыс)



45 минут

Қоры-тынды

6-сабақ

1. Тест

2. Шығарма

10 минут

35 минут

7-сабақ

Қатемен жұмыс

45 минут

Оқушы нені білуі тиіс:

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша әңгімелей білу;

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.

Оқушы нені үйренуі қажет:

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену;



• дауысты, дауыссыз дыбыстарды айырып, дұрыс қолдануға үйрену.


Кіріспе бөлімі

Біздің отбасымыз

1-сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Еріннің қызметіне қарай

Жақтың қызметіне қарай

Тілдің қызметіне қарай

еріндік

езулік

Ашық

қысаң

жуан

жіңішке

о, ө, у,

ұ, ү


а, ә, ө, э,

ы, і, и


а, ө, е,

э, о, ө

ы, і, ұ,

ү, у, и


а, о, ы, ұ, (у), (и), э

ә, ө, і, ү, (и), (у), е


ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

1. Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)



2. Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм)

а) қатаң; б, в, г, д + қатаң бас + тық

ә) ұяң (б, в, г, д әріптерінен басқа) - ұяң, үнді ауыл + ға

б) ... к г шелек + і —> шелегі

... п + дауысты б кітап + ы —> кітабы

... к ғ тарак - ы —> тарағы



V. Фонетикалық талдау жасау. Оқулықта берілген фонетикалық талдауды негізге ала отырып, оқушылар берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды. Әр топқа әр түрлі сөздер беріледі. Дайындыққа 4 минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.

1-топ: мамандық; 2-топ: заңгер; 3-топ: шөбере.



Жауап үлгісі

1-топ


Ма-ман-дық - үш буынды, 1- ашық, 2, 3 - бітеу буындар

м - дауыссыз, үнді;

а - дауысты, езулік, ашық, жуан;

н - дауыссыз, үнді;

д - дауыссыз, ұяң;

ы - дауысты, езулік, қысаң, жуан;

қ - дауыссыз, қатаң.


Жауап үлгісі

2-топ


Заңгер - екі буынды, 1,2- бітеу буындар

з - дауыссыз, ұяң;

а - дауысты, жуан, езулік, ашық;

ң - дауыссыз, үнді;

г - дауыссыз, ұяң;

е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р - дауыссыз, үнді.



Жауап үлгісі

3-топ



Шө-бе-ре – үш буынды, 1,2,3 – ашық буындар

ш - дауыссыз, қатаң;

ө - дауысты, еріндік, ашық, жіңішке;

б - дауыссыз, ұяң;

е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р - дауыссыз, үнді.



VI. Сөздік жұмыс.

онша - не очень немере - внук

жеке меншік - частный шөбере - правнук

балалар дәрігері - педиатр заңгер - юрист

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.

Онша үлкен емес, жеке меншік үй, балалар дәрігері болып істейді,...

4. Сөйлемдер құрау.

Менің отбасым онша үлкен емес.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

VII. Сергіту жаттығу.

Аталар, Апалар,

Әжелер, Балалар -

Ағалар, Өр үйде

Әпкелер, Бар олар.

(Әли Ысқабай)

VIII. Лексикалық тақырып. Тақтада берілген сызба бо­йынша жаңа тақырыпты түсіндіру:

а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.

ә) Содан кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.

б) Мәтін бойынша «Мені түсін» ойыны.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет