Сабақ Сынып: Сабақ тақырыбы


-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен. 2-оқушы



бет2/3
Дата14.11.2023
өлшемі27,74 Kb.
#191428
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты ОТБАСЫ- БАҚЫТ МЕКЕНІ (копия)
Əнгіме, 90, Seixas-2015-A-Model-of-Historical-Thinking (1), практические занятия 2 семестр В2, Практика Махметова Раушан 2022ж!!, 1сынып. Ана тілі 104-110 сабақтар. Ләззат (копия)
1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.
2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.
5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.
13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.
14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала- солардан».
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы – асқар-тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.
Оқушыларға тапсырмалар: мақалды аяқтау керек
Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).
Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).
Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).
Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).
Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
Күлме досыңа…(келер басыңа).
Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).
Балаларға сұрақ:
1. Әкеңіздің туған күні, айы, жылы
2. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Әкенің ізгі қасиеттері
4. Әкенің пікірі сен үшін?
1. Анаңыздың туған күні, айы, жылы
2. Анаңыздың сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Ананың ізгі қасиеттері
4. Ананың пікірі сен үшін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет