Сабақ Сынып: Сабақ тақырыбы



бет1/3
Дата14.11.2023
өлшемі27,74 Kb.
#191428
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты ОТБАСЫ- БАҚЫТ МЕКЕНІ (копия)
Əнгіме, 90, Seixas-2015-A-Model-of-Historical-Thinking (1), практические занятия 2 семестр В2, Практика Махметова Раушан 2022ж!!, 1сынып. Ана тілі 104-110 сабақтар. Ләззат (копия)

Тәрбие сағаты

Күні: 13.06.2022ж

Сабақ




Сынып:







Сабақ тақырыбы

ОТБАСЫ- БАҚЫТ МЕКЕНІ

Оқу мақсаттары

Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Ресурстар

Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.
Бейне жазба.

Сабақ барысы

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіз бе, құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымызда фонетика әлеміне саяхат жасаймыз. Бейнероликті көрейік!

Ресурстар

Сабақтың ортасы



Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі осы отбасында өтеді. Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы
« Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен екен.
Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.
Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет