Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінің
математика пәнінің мұғалімі Қайырлиева Қарлығаш Жаңабайқызы
Пәні: Математика
Тобы: Есеп және аудит
Курсы: 1
Сабақ тақырыбы: "Кері тригонометриялық функциялар "
Сабақ тақырыбы: "Кері тригонометриялық функциялар " тақырыбына есептер шығару
Сабақ мақсаты:
а) білімділік : теориялық білімдерін практикадана қолдана білу, формулаларды пайдаланып есеп шығара білу
ә ) дамытушылық: кері тригонометриялық функцияларды есептеу арқылы математикалық ойлау , шығармашылық қабілеттерін дамыту
б) тәрбиелік : сауаттылыққа, шапшаңдыққа, өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу
Типі: кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сұхбат, оқулықпен жұмыс, семантикалық картамен,кестемен жұмыс,ойын
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, формула, кесте,график, оқулық «Алгебра және анализ бастамалары.
10 сынып; А. Абылкасымова, К. Шойынбеков, В. Корчевский, З.Жумагулова; .-Алматы: Мектеп, 2010»
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
а) Оқушыларды түгендеу
ә)Сабаққа даярлығын тексеру
І-ші отау «Ауызша сұрақтар»
Керей хан алғаш болып қазақ хандығының құрылуына өзіндік үлесін қосқан, 1465 жылы қазақ елінің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып жеке дербес мемлекет болуында табандылық танытқан, қазақ хандының аяққа тұрып кетіп енші алып жеке ел болуына ат салысқан қайраткер.
Ендеше Керей хан тапсырмасын орындайық:
а)Үй тапсырмасын тексеру
ә) Ауызша сұрақтар:
1. Қандай тригонометриялық функциялар бар?
2. Cos x функциясына кері функция қалай аталады? Қасиеттері қандай?
3.Sin x функциясына кері функция қалай аталады? Қасиеттері қандай?
4.tanx функциясына кері функция қалай аталады? Қасиеттері қандай?
5. ctgx функциясына кері функция қалай аталады? Қасиеттері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |