Сабақтың барысы
I. Ұйымластыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Мұғалім:
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз,
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз.
Оқушылар:
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Математика сабағын.
Мұғалім:
Мен оң қолымды жайып, жүрегімнің қуанышын алып сендерге сыйлаймын. Ал сендер көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
Мұғалім:
Жер бетінде ең ақылды, ең білімді, ең күшті кім? (Адам)
Ал сендерде ақылды, білімді, зерексіңдер. Ендеше бізде білімдерімізді көрсетіп, не істеп, не үйреніп жүрміз өткенді еске түсірейік.
II. Өткенді еске түсіру.
- Санды немен белгілейміз? (цифрмен)
- Фигураларды ажырату. (кесінді, түзу, қисық сызық, үшбұрыш, т.б)
- Қосудың компоненттерін атау. (қосылғыш, қосылғыш, қосынд. мәні )
- Азайтудың компоненттерін атау. (азайғыш, азайтқыш, айырма. мәні)
- Заттарды бір – біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (қосу)
- Заттарды бөліп алуда қандай амал қолданамыз? (азайту)
- Сандардың қатарын табу. (перфокарта арқылы)
- Өрнектің қандай түрлері болады? (санды өрнек және әріпті өрнек)
Достарыңызбен бөлісу: |