Сабақ тақырыбы: Алғашқы функция және интеграл
Сабақ мақсаты: Жаңа талапқа сай, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа сапалы білім беру; алғашқы функция және интеграл тарауын қайталап, бекіту.
Білімділік: алғашқы функцияны табуда, қисық сызықпен шектелген фигураның ауданын табуда интегралмен есептеудің тиімділігін пайдалана отырып оқушыларға тақырыптық берілген есептерді дұрыс, тиімді шығара білу тәсілдерін меңгерту; студенттердің алғашқы функция, интегралға арналған есептерді шешу дағдыларын жетілдіру;
Дамытушылық: алғашқы функцияны табу, интегралдарды есептеу кестелерін есте сақтау және оларды есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру, өзіндік білім көтеру қажеттілігін арттыру;
Тәрбиелік: коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыру; өз күшіне сену жеке тұлғалық қарым-қатынастық қабілеттерін қалыптастыру.
Студент білуі керек :
туынды, туындыны табу ережелерін
алғашқы функция ұғымын
берілген функция үшін оның барлық алғашқы функцияларын табуды
анықталмаған интеграл анықтамасын
интегралдау есебі дегеніміз не екенін
анықталған интегралды есептеу жолдарын
Ньютон – Лейбниц формуласын
анықталған және анықталмаған интеграл қасиеттерін
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ барысында қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап әдісі, проблемалық әдіс, бақылау әдісі, дифференциалды оқыту, деңгейлеп оқыту;
Жабдығы: интерактивті тақта, оқулық, карточкалар, презентация.
Пәнаралық байланыс: физика, алгебра 10 сынып, информатика.
Қолданылған әдебиет:
негізгі – «Алгебра және анализ бастамалары», 2007 ж. А.Е.Әбілқасымова;
«Шың» Математика -2 , Исмаил Акйол 2006 жыл Алматы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу;
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;
ІІ. Қайталау (танымдылық құзырлығын қалыптастыру)
«Есіңде ме, формула ?» ойыны.
Зерделілер ойыны: кестені толтыру
-
Достарыңызбен бөлісу: |