Сабақ тақырыбы Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы



бет2/2
Дата29.12.2019
өлшемі220,5 Kb.
#55390
түріСабақ
1   2
Байланысты:
модульдік оқу жоспары

Үйге тапсырма: оқулықтың 76 бетіндегі 27 суретті салу



https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/atmosfera/lesson/zhelding-pajda-boluy
https://itest.kz/kz/exam-test?test_id=960178238



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар істей алады: ауа массаларының түрлерін, олардың ерекшеліктерін картаны қолдану арқылы көрсетеді;

Оқушылардың көбісі істей алады: циклон және антициклонның, пассаттар мен батыс желдердің, муссондардың анықтамаларын беріп олардың айырмашылықтарын баяндайды;

Кейбір оқушылар істей алады: метеорологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін тірек-сызбалар арқылы ажыратып, картаны қолданып оларға болжам жасайды, шағын жобалық жұмыстарды ұсынады.

Бейнематериал бойынша талдау жұмысын бағалау

Кесте бойынша талдау жұмысын бағалау.


Әрбір қалыптастырушы бағалауға кері байланыс жасау.

Осы сабақта ақпараттық технологияларды қолдану бойынша қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған, себебі әр оқушы барлық бағалау критерийлерін өздерінің деңгейлеріне сай орындады

Орта мерзімді жоспардағы барлық іс-әрекеттердің элементтері қамтылды.

Сабақта саралау үш түрлі деңгей бойынша жүзеге асты.

Сабақттың уақыты ұтымды пайдаланылды және жеткілікті болды.

Сабақ жоспарында ешқандай ауытқулар болмады.

Жалпы баға

Сабақ әдістемелік жағынан жақсы құрылған, барлық педагогикалық технологиялар мен ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану нормалары сақталған. Сабақ кезеңдері жүйелі түрде жүзеге асты, сабақта алға қойған мақсатқа оқушылар бағалау критерийлері арқылы жетті және оны орындай білді. Критериалды бағалаудың ажырамас бөлігі болып саналатын қалыптастырушы бағалау тиімді түрде сабақ басынан соңына дейін өң бойы жүзеге асты.



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Bilimland.kz білім беру платформасын тиімді пайдалану арқылы қалыптастырушы бағалауды орындауға оңтайлы жағдай жасалынды.

2: Топтық жұмыста өзара бірлесіп жұмыс істеу арқылы сабақ мақсатына тапсырмаларды орындау арқылы жету.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқыту туралыда мұғалімнің сабақты дидактикалық жағынан дұрыс құруы

2: оқу туралыда оқушыларға қызығушылықты оятатын тиімді тапсырмалар беру.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында оқушылардың жетістіктерін қалыптастырушы бағалау арқылы көре аламын және оған кері байланыс, сабақ соңында рефлексия жасау арқылы сабақтың қандай деңгейде өткенін көре алдым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет