Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан орындалған портрет)
Оқу мақсаты: Ортамерзімді жоспардан:
6.1.6.2-Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау
Сабақ мақсаты
Сызықтық портретке эксперименттер жүргізу.
Сымдардың көмегімен бет әлпетті шығару.
Көркем материалды ұқыпты пайдалану, бір-бірінің жұмыстарын талдау, бағалау жүргізу.
Материалдармен эксперименттер жүргізе алады;
Сымның көмегімен бет пішіннің көңіл-күйін дәл көрсете алады;
Көркем материалдарды ұқыпты қолдана алады;
Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
Бет мүшелерін дұрыс орналастыра алады;
Жұмыстың сапалы орындалуы;
Өзінің және өзгенің жұмыстарын талдау жасай алады.
Тіл мақсаты.
Оқушылар орындай алады:
• Критерийлер бойынша орындалған жұмыстарына пікір айтады. Көркем жұмыстардың мағынасы мен орындау үдерісін түсіндіреді. Өзінің және өзгенің жұмыстарын жетілдіру, бейімделу үшін қажетті тәсілдерді және идеяларды ұсынады.
Құндылықтарды білу.
Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.
Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.
Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.