Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет80/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақ тақырыбы:

Алғашқы адам



Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:




  • Оқушылардың басым бөлігі: ежелгі отбасын сипаттауды үйренy;

  • Кейбір оқушылар: алғашқы адамдар тіршілік еткен жерлерді картадан көрсете алу.

Тірек сөздер:

ежелгі адамдар – древние люди – ancient people; үңгір – пещера – сave;
ру – род – family;
аң аулау – охота – hunting.

Ресурстар:

Жарты шар картасы, ежелгі еңбек құралдарының көшірмелері: жер қазатын таяқ, тас балта, түрлі пішіндегі материалдардың кесектері, ағаш бұтақтары және құрғақ шөп, ермексаз, меңзер түріндегі стикерлер. http://nashimalyshi.ru–Балаларға арналған «Алғашқы адамдар» мультфильмі.

Сабақтың мақсаты:




Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Ғылыми деректерге сай алғашқы адамдар 2 млн. астам жыл бұрын Шығыс Африкада пайда болған. Дарвиннің теориясы бойынша адамдар маймылдан пайда болған. Олар негізінен аң аулап, жабайы жеміс-жидектер жинаған. Ежелгі адамдар үшін бірлесе аң аулау, қауіптерге және табиғат күштеріне қарсы тұру жеңілірек болды. Әйелдер мен балалар жеуге жарамды өсімдік тамырларын, ағаш жемістерін, жәндік дернәсілдерін жинаған. Шикілей тамақтанған. Аңыз бойынша күндердің күнінде найзағай жарқырап, жалыны ағашқа тиіп, ағаш тұтанып кетеді. Сол кезде адамдар бұтақты жанып жатқан ағаштан тұтатып, баспанасында немесе баспана жанында от жаққан. Содан адамдар от тұтатуды үйренеді. Біртіндеп отты тамақ жасау және үй жылыту үшін қолдана бастайды. Адамдар су айдындарының жағалауында қоныстанды. Су ернеуінен қайта бастағанда, суға жақын болуы үшін тұрақтарын өзгертіп отырған. Алғашқы адамдар тастан, ағаштан және сүйектен жасалған қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген. Бұл құралдармен ауланған жануардың терісін сыпыруға, тамырларды қазып алуға немесе бұтақтарды кесіп алуға болатын. Ғалымдардың пікірінше, Қазақстан аумағы тас ғасырында алғашқы адамдардың көші-қоны өтетін орталық болған. Олардың тұрақты мекендері болмаған. Адамдар жер бетінде саяхатшылар сияқты бір орыннан екінші орынға жылжып отырған. Олардың алған бағыттары жемістердің пісуіне, балықтардың уылдырық шашуына, жануарлардың орын ауыстыруы мен көбеюіне байланысты болды.

Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты былайша бастауға болады. Оқушылардан сыныптағы сағатқа қарауын, сағат тілін ойша 2 сағатқа шегеруін және сол кезеңде олар немен айналысқанын естеріне түсіруін сұраңыз. Бұдан әрі 5 жыл бұрын не болғанын кім есіне түсіре алатынын сұраңыз. «Өткен кезеңде не болғанын зерттейтін ғылым бар. Бұл ғылым тарих деп аталады және біз сол тарихты оқуды бастаймыз. Ол бізге адамзаттың өткені туралы әңгімелеп береді» – деп, тарих
туралы түсіндіріп кетіңіз. Бота әкелген ежелгі еңбек құралдарының – жер қазатын таяқтың және тас балтаның суреттерін көрсетіңіз. Оқушылардан бұл заттардың атауын, кімдер және қашан қолданғанын сұраңыз. Бұл заттарды алғашқы адамдар қолданғанын түсіндіріңіз. Бұл сабақта оқушылар осы құралдармен танысады. Оқушыларға картадан алғашқы адамдар мекендеген Шығыс Африканы көрсетіңіз.
Салыстыр. Оқушыларға оқулықтағы бірінші екі суретті салыстыруға тапсырма беріңіз. Олардан алғашқы адамдар мен қазіргі адамдар арасында қандай айырмашылық бар екенін сұраңыз.
Жауабы: Ежелгі адамдар маймылға ұқсас, бет әлпеттері дөрекі болған. Сөйлей алмаған. Олардың қолдары ұзын және маңдайлары тар болған.
Бұдан әрі оқушыларға ойларын растайтын мәтінді өз бетінше оқуға тапсырма беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет