Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет109/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу
1.3.3.2 түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып көне жазуларды бейнелеу
1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Көне жазбалар. Тастағы және саз тақташалардағы ежелгі жазбалар болашақ ұрпақ үшін өткен кезеңдер туралы мәліметті сақтап қалды.Ежелгі жазбалар пиктографиядан (көне замандағы суретті жазу) басталады. Жазудың бұл түрі сурет түріндегі хабарламаны көрсетеді. Пиктограммаларда шартты белгілер болуы мүмкін.Сонымен қатар ертеде Екі өзен тоғысында жазуды саз тақташаларға жазған. Ол жерде алғашқы мектептер болған. Оқу сазды илеуден басталатын. Жұмсақ тақташаларға ағаш таяқшалармен мәтін жазған. Мұндай жазуды сына жазу деп атайды. Жазу үшін олар ұшы үшкір таяқшаны пайдаланған. Олар бұл жазу тәсілін кәдімгі мысықтың сазды тырнап жатқан әрекеттерін байқағанда үйренген болатын. Сонымен өзен тоғысындағы тұрғындар мысықтың арқасында жазуды ойлап тапқан. Ежелгі алуан түрлі жазудың бірі түрлі-түсті жіпті ақпарат ретінде қолданатын ілмек жазу болған. Ілмек жазуды тек таңдаулылар ғана оқып, түсіне алған. Осындай жолдаудың көмегімен адамдар кез-келген мәселені, тіпті әскерлер санынан бастап, қайсыбір жергілікті жер немесе кезең сипаттамаларына дейін айтып бере алған. Тамғалы. Жетісу өңірінің өте ертедегі шығармашылық мұраларының бірі Тамғалы петроглифтері. Ол 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра нысаны болып табылады. 1950 жылдың соңында бұл жерде көптеген жартас суреттері табылды. Жартастағы суреттердің жалпы саны 2000 көлемінде. Тамғалы шатқалы Алматы қаласының жанындағы Аңырақай тауларында орналасқан.Күлтегін. Күлтегін VІІ ғасырдың соңында – VІІІ ғасырдың бірінші жартысында көгілдір тудың астында көшпенді халықтың көпшілігін біріктірген түркі халқының әскер басшысы, билеуші болды. Ол ұлы көшпенді империяның дәстүрін жалғастырды. Руналық жазу мұрасы Моңғолиядағы Орхон өзенінің жағасында табылды. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ежелгі түркі өркениетінің ескерткіші ретінде – қолбасшы мәртебесіне арнап Түркі қағанаты жылнамасы ойып жазылған тас шатқалдың көшірмесі орнатылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет