Сабақ тақырыбы: Білімдіге жол ашық
Сабақ мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің 4 «а» «ә» «б» класс оқушылар арасындағы «Білімдіге жол ашық» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «Қазіргі балалар 2030 жылы білімді, өнерлі, көп тілді меңгерген, ынтымақшыл, ойлы азамат болады, халқына адал қызмет етеді», делінген болатын. Олай болса қазіргі міндетіміз-оқу. Сан сүрлеуді есерген,
Зердесіне білім тоқыған оқушылар,
Білімді ұрпақ жарқын болашақ кепілі.
Білімізді шыңдауға жалықпайық.
Білімдеріңді сайыста көрсетіңіздер.
Сайыскерлердің жұмысына әділ бағасын беретін сарапшыларымызды сайлап алайық.
«Білімді азамат ел ертеңі», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз!
Ендеше ойынымыздың шартымен танысайық:
Ойынға 5 оқушыдан тұратын 3 топ қатысады. Әр топ өздерін таныстырсын.
Ойын 5 кезеңнен тұрады.
1кезең: Таңдау кезеңі
Тәуелсіз қазақстан
Өнер алды қызыл тіл
Әр түрлі сұрақтар Бұл кезең бойынша әр түрлі тақырыпқа ұяшыққа жауап беру
2 кезең: «Анықтама бюросы» Ұпайы жоғары жұп бастайды. Келесі кезең «Анықтама бюросы» деп аталады. Тақтада суреттер көрсетіледі, оқушылар суреттке қарап шығарманы, авторын табады.
3 кезең: Логикалық тапсырмалар.Сендердің логикалық еске сақтаумен, зеректіктерің мен ұтқырлықтарыңа байланысты тапсырмалар беріледі.
а)Таразы басын теңестіру.
ә)Геометриялық пішіндерді тең екі бөлікке бөлу.
б)Шытырман жол.(Лабиринт) Балыққа шығу жолын көрсету.
4 кезең: «Бір сөзбен айту» ( Тұрақты сөз тіркестер интерактифті тақтаға жазылады, жауаптары артынан көрсетіледі)
5кезең: «Ойлы болсаң, озып көр» білім сайысының соңғы бөлімі.
Зерделі сұрақ, түйінді жауап «Білім ағашының» сұрақтары қойылады, тез әрі шапшаң жауап беру керек.
Білім сайысына қош келдіңіздер! Әр топ өздерін таныстырады.
Нар тәуекел деп 1 айналымды бастаймыз.
1кезең: Таңдау кезеңі
Тәуелсіз қазақстан
Өнер алды қызыл тіл
Әр түрлі сұрақтар
Тәуелсіз қазақстан
1.Қ.Р тәуелсіздік күні 10 ұпай
2. Сидней Олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы кім? (Бекзат Саттарханов) 20 ұпай
3.Ата заңымыз қашан қабылданды? 1991 ж 30 тамыз
1.Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? 1991 ж 1 желтоқсан
2.Қ.Р.Әнұраның автор ата. Н.Назарбаев Ж.Нәжімеденоа
3.Рәміздер қашан қабылданды?1992ж
4. Желтоқсан құрбандары
Өнер алды қызыл тіл
Ынтымақ. Бірлік мақал-мәтел 10 ұпай
Тұмсығымен қозғалар, Соңында аппақ із қалар (бор-мель-chalk) 20 ұпай
мәтінге байланысты мақал айту 30 ұпай /Күлме досқа, келер басқа.Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады/
Әр түрлі сұрақтар
1.Киіз үй жабдықтарын ата?
2.Париж халқын өз өнерімен тамсандырған қазақ кім? /Ә.Қашаубаев/
3.Ұлттық салт-дәстүрлерімізді ата?
Сайыскерлер 1 айналымды қорытындылайық. Сіздердің қоржындарыңда ұпай.
2 кезең: Келесі кезең «Анықтама бюросы» деп аталады. Ұпайы жоғары жұп бастайды. Тақтада суреттер көрсетіледі, оқушылар суреттке қарап шығарманы, авторын табады. 10 ұпай.
1топ. Ер Тарғын (жырдан үзінді)
Батырлар жыры дегеніміз не? Ер Тарғынның тұлпары қалай аталады?
Жиб-Жица күресі.Қажымұқан. Жиб-Жица күресінің тәртібі қандай екен?
Ара мен шыбын. Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Мысал дегеніміз не?
2 топ. Қамбар батыр (жырдан үзінді)
Құрманғазы. Құрманғазыңың қандай күйлерін білесіңдерҚұрманғазы анасына арнап қандай күй шығарды? Бұл күйді қай кезде шығарды?
Сатқын жапалақ. Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады?
Ертегі түрлерін ата?
3 топ. Тайбурылдың шабысы. (Қобыланды батыр жырынан үзінді)
Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
Жетім әңгімесі М.Әуезов. Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрді?
Араша Қастек Баянбаев Өлең неге Араша аталған?
3 кезең: Логикалық тапсырмалар.Сендердің логикалық еске сақтаумен, зеректіктерің мен ұтқырлықтарыңа байланысты тапсырмалар беріледі.
А)Таразы басын теңестіру. 1 минут 5 ұпай
ә)Геометриялық пішіндерді тең екі бөлікке бөлу. 1 минут 5 ұпай
б)Шытырман жол.(Лабиринт)Балыққа шығу жолын көрсету. 1 минут 5 ұпай
а)Таразының бір басы 400 грамм болып тұр, таразы басын 8 гір тасымен теңестіру керек.
Таразының бір басы 300 грамм болса, 8 гір тасымен теңестіру керек.
Таразы басы 300 грамм болып тұр, 3 гір тасын пайдаланып теңестіру керек.
ә)Фигураны тең екі бөлікке бөлу керек. Әр бөлікте бір дөңгелекшеден болуы керек. Бұны қалай жасауға болады?
-
36 тордан құралған тік төртбұрышты тең екіге бөлу керек, сонда сызықтары тор қабырға бойымен өтуі керек.
-
б) Шытырман жол.(Лабиринт)Балыққа шығу жолын көрсету. 1 минут
4 кезең: 1. «Бір сөзбен айту» ( Тұрақты сөз тіркестер интерактифті тақтаға жазылады, жауаптары артынан көрсетіледі)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Мойны жар бермеді (ерінді)
3. Ит терісін басыны қаптады (ұрысты)
4. Аузына құм құйылды(сөз таба алмады)
5. Әңгімелеу мәтіні неше бөліктен тұрады?
1. тістен шығармады (айтпады)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)
4. Қолды болды (ұрланды)
5. Бір нәрсені неліктен солай айтылғанын дәлелдейтін мәтіннің түрі:
5 кезең: «Ойлы болсаң, озып көр» білім сайысының соңғы бөлімі.
Зерделі сұрақ, түйінді жауап «Білім ағашының» сұрақтары қойылады, тез әрі шапшаң жауап беру керек.
5 кезең: «Білім ағашы» кезеңі. Бұл кезеңнің «Білім ағашы» аталу себебі – көбірек ұпай жинап алып, білімнің биік шыңына жету. Бұл бөлімде сұрақтар қойылады Ұпайы жоғары сайыскер сұраққа бірінші жауап береді, әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.«Ойлы болсаң, озып көр» білім сайысының соңғы бөлімі.
Зерделі сұрақ, түйінді жауап.
1 топ
1.Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? (Ы.Алтынсарир)
2.Хан сарқыты деген қандай рәсім?
3.Айналадағы тұстар нешеу? /4/
4.Өсімдіктердің ауаны байытатын газ түрі. /оттегі/
5.Басталатын нүктесі бар сызық. (сәуле)
6.Метал мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстарын не деп атайды?
7.Қара метал мен түсті металды қалай ажыратады?
8.Спутник жер шарын 103 минутта айналып өтті? Ол неше сағат, неше минут? /1 сағат 43 минут/
9.Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жерін ата? /Отырар/
10.Кен дегеніміз не?
11.Түбірлес сөз дегеніміз не? /Бүр түбірден бірнеше туынды сөз/
12. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер қалай жазылады? /бірігіп жазылады/
2 топ
1 Ауа нелердің қоспасы? /газдардың/.
2. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы не?
3.Қара метал кендерінен не қорытылып алынады? /темір/
4.Түбір сөз дегеніміз не? /Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін/
5. Әңгімелеу мәтіні неше бөліктен тұрады?
6. Екі жағы тұйықталған сызық. /кесінді/
7.Қазына көтерген бала кім? /Қ.Сәтпаев/
8.»Көкжиектен арқан бойы күн көтерілді. Көршілер бір-біріне оқты көзбен қарасты» деген үзінді қай шығармадан алынған? /Ормандағы оқиға/
9. Асан қайғы не іздеген? /Жерұйықты/
10. Абылайдың денесі қайда жерленді? /Отырарда/
11.50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? /5 баланың/
12.дөңгелекті басқаша қалай атаймыз? /шеңбер/
3 топ
1.Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?
2.Террикондар дегеніміз не? /шахталар маңында бос тау жыныстан тұратын төбелер/
3.Ауаның ластану себебі, оны болдырмау жолдарын ата?
4.Ауа-райын зерттейтін ғылым. /Метеорология/
6.Тұрлаулы мүшелерді ата?
7. Сөйлем түрлерін ата?
8.Шалғында не болмайды?
9. Мәндес сөзге мысал келтір?
10.1 минут 1 сағаттан неше минут кем? /59/
12.Өмірде болған адамдар төңірегінде құрылған мәтін. /аңыз/
Қорытынды бөлім:
Жеңімпаздар айқындалады I, II, III орын алған оқушыларға мақтау қағазыдары беріледі. «Білімдіге жол ашық» сайысымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін сарапшыларымызға береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |