Сабақ Тақырыбы: Бұл кім? Мұғалімнің аты-жөні



бет73/198
Дата31.01.2022
өлшемі236,9 Kb.
#116436
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   198
Байланысты:
1 сынып ҚМЖ 2019-20ж

Кейбір оқушылар:

3-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарды еркін қолдана алады



Бағалау критерийі

  1. Берілген түстерді ажыратады

  2. Суретер бойынша көрсете алады

  3. Сөздердің мағынасын түсінеді.

  4. Күнделікті өмірде қолданады

Дескриптор

-суреттерді ажыратады

-берілген түстерді ажыратады

-сөздердің мағынасын түсінеді

-сөз тіркестерін құрап айта алады


Алдыңғы оқу

Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Аудиодиск
Оқулық

А4 форматты ақ қағаздар

Қарындаштар

Карточкалар


№1 жұмыс дәптері



Сабақтың ортасы

(6-40минут)

*МК-Мұғалімнің көрсетуі

*Ұ- ұжымдық жұмыс

*Т-топтық жұмыс

*ОТ- оқушының тәжірбиесі

*Ө- өзіндік жұмыс

*Қ-қалыптастырушы бағалау

* Ж- жұптық жұмыс




(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 3-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды.

Содан кейін берілген суреттерге диалогті толықтырып айтады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға да болады. Мұндай жағдайда оқушылардың шығармашылық жұмыс жасау қабілеті артады. Мұның бір тиімділігі оқушылар дайын үлгіге жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады.



(Т) Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады. Бұл кім? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада отбасы мүшелерінің суреті болу керек) Халің қалай? Сенің ағаң (әпкең, сіңілің, қарындасың) бар ма? Сен неше жастасың? Сенің досың не істейді? Сен не істейсің?

(Ж) Оқушылар берілген сұрақ бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.

(Қ) Осы бөлімнің соңында оқушылардың:



-Отбасы мүшелерін атай алу (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні)

- Өзінің ата-әжесі, әке-шешесі, аға-әпкесі, іні-қарындасы/сіңілсі туралы айта алу (Бұл –менің әкем/анам)

-Өзінің досы туралы айту (оның аты, жасы, қандай екені, нешінші сыныпта оқитыны, не істейтіні туралы айта алу)

-Өзінің атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, не істейтіні туралы айта алу:

-өзінің атын, жасын,нешінші сыныпта оқитынын, не істейтінін айта алу дағдылары қалыптасу қажет

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет