Сабақ тақырыбы: Еңбекті қорғау. Қ ауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері. Модуль /пән атауы


Сабақ типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру. Сабақ өткізу әдісі



бет3/7
Дата16.09.2024
өлшемі111,26 Kb.
#204353
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
521 сабақ 11

Сабақ типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру.
Сабақ өткізу әдісі: әңгімелеу, талдау, топпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс.
Көрнекіліктер: Заңды құжат (ҚР Еңбек Кодексі), слайдтар, кесте, құжат үлгісі (еңбек шарты)
Пәнаралық байланыс: құқық негіздері, өндірістік оқыту сабағы.
Барысы
I. Үйымдастыру кезеңі:
-оқу кабинетінің дайындығы;
-оқушылардың сабаққа қатысы;
-оқу-құралдар дайындығы.
II.Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау» стратегиясын қолданып өткен тақырып бойынша оқушыларға ҚР еңбек қорғау заңнамаларымен жұмыс жасауға жағдай жасау (слайдтармен жұмыс)
1. Қандай жағдайда еңбек қатынастары пайда болады?
2. ҚР Конституциясының 24 бабында не туралы айтылған?
3. ҚР Еңбек Кодексі қабылданған жыл?
4. Жаңа Еңбек Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар еңгізу мақсаты.
5. Жұмыс берушінің міндеті мен құқықтары қандай?
6. Қызметкердің міндеті мен құқықтары қандай?

III Жаңа тақырыпты меңгерту.
Еңбек шарты дегеніміз- қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім, бұл құқықтық сипат беретін нормативті құжат. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын уақтылы әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

28 бап «Еңбек шартының мазмұны»;
26 бап «Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер»;
30 бап «Еңбек шартының мерзімі»;
32 бап «Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар» т. б.

  • 3-4 оқушының ойларын тыңдап, талдап болғаннан кейін әр оқушы алдындағы еңбек шартын өз қалауы бойынша толтырады.

Сөйтіп, оқушыларды ізденімпаздыққа үйрету және өз ойларын еркін айтуға жағдай жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет