1- тапсырма. Белсенді оқу әдістері: ТЖ: «Галереяны шарлау» әдісі
Суреттер тізбегіне қарап ежелгі үндістанның шарушылығын, мәдениетін, өркениетін болжайды.
Табиғи ресуртар
1-топ: картадан Үндістанның территориясын және ежелгі Үндістанның қалалары орналасқан жерлерін тауып көрсетеді. Қалалардың аттарын атап айтады, жаңа сабақ тақырыбын ашады.
2-топ: Хараппа өркениеті - қазіргі Үндістан мен Пәкістан аумағындағы ежелгі мәдениет. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдық пен біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырлар аралығын қамтиды. Пәкстандағы Мултан облысы Рави өзеннің ескі арнасы маңындағы Хараппа атына байланысты Хараппа өркениеті деп аталған. Кейде оны инд мәдениеті, инд өркениеті деп те атайды.
3- топ: Мохенджо Даро қаласының құрылысына архитектуралық үйлесімділігін, қатар үйлер мен көшелер болғанын, су жүйелерінің болғаны туралы айтады.
4 топ: Мохенджо Даро қаласының жойылу себептерін анықтау. Суреттерге қарап деректерді талдай отырып болжау жұмыстарын жасайды.
Дескриптор:
Картадан Ежелгі Үндістанның қалалары Хараппа мен Мохенджо Даро қалаларын көрсете алады;
Мохенджо Даро қаласының жойылу себептерін болжай алады.
ҚБ топтық бағалау: «Екі жұлдыз, бір сын»
2 тапсырма: ЖЖ «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, Ежелгі Үндістанның шаруашылығы мен экономикалық жағдайы туралы ойланады, жұптасып түсінік айтады, сынып алдында оқушылармен талдайды.
Кесте: